«Жаңа жылдық шырша»

 

 

Тақырыбы: «Жаңа жылдық шырша»

Мақсаты: 1. Шырша туралы мағлұмат беру. Оқушыларға шыршаның жасалу жолдырын үйрету; Ұқыпты, таза, әдемі жұмыс жасауға үйрету. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; Оқушылардың танымдық қабілетін, ой — өрісін, өзіндік іс — әрекетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Жанұялық және қоғамдық мерекелерге балалардың оң көзқарасын қалыптастыру, түрлі заттар мен материалдардың қасиеттерімен таныстыру, жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
2. Шыршаның құрылысын көрсете білу.

Көрнекіліктері: дидактикалық материалдар,
Сөздік жұмыс: мерекелік шырша.
Жұмбақтар.

 

  1. Бір ақсақал жылына,
    Бір — ақ ерт келеді.
    Көп қызы мен ұлына,
    Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)
    2. Қыста жерді жауып кетті,
    Ал көктемде ағып кетті. (Қар)
    3. Жасыл ине киімім.
    Жайлаймын тау биігін
    Жаңа жылды тойласаң
    Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
    4. Терезеге қонады,
    Әсем ою ояды. (Қырау)
    5. Қыста ғана болады,
    Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
    6. Тісі жоқ тістеп алады,
    Қолы жоқ сурет салады. (Аяз)

 

Логикалық ойын: «Қыс бейнесін құрастыру»
Шарты: Балалар 3 топқа бөлініп, әртүрлі бөліктерден қыстың белгілерін бейнелеп құрайды және оны сипаттап айтады.
Дидактикалық ойын: «Шарда жасырылған сұрақтар»
Шарты: Қағаздан умаждап қар жасап, шарға дәлдеп тигізу. Тиген шардағы сұрақтарға жауап беру.
Сергіту сәті

 

Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда, жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Шыршаны мүсіндеу

 

— Енді, балалар, біздер осы әсем шыршаны ермексаздың көмегімен мүсіндейік. Ол үшін алдымен ермексазды 3 бөлікке бөліп алып, үшбұрыштар жасаймыз, осы үш үшбұрышты бір — біріне сатылап жалғаймыз, сосын осы шыршамызды әсемдеп безендіріп, төбесіне қызыл ермексаздан жұлдызша саламыз