Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Толыбай батыр атындағы № 141 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құқықтық оқу өткізу туралы

Хаттама

Сарыағаш қаласы 2018 жылғы 12 қаңтар

Жиналыс төрағасы: С. Рысбаев

Баяндамашы: М. Жауынбаева

Хатшы: Ұ. Ержанова

Жиналысқа қатысушылар: ата — аналар

Күн тәртібінде:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Жиналысты басқарма басшысының С. Рысбаев ашты.

Қ. Айдаров Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

М. Жауынбаева:Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Әрі қарай баяндаманың мәтіні оқылды.

Бандамашыға сұрақтар беріліп, оның барлығына да толық жауап қайтарылды.

М. Жауынбаева: Мазмұнды баяндамасы үшін алғысымызды білдіріп және осы оқудан алған мәлімет-мағлұматтарды жұмыс барысында ескеріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге ат салысамыз.

Жиналыс төрағасы: С. Рысбаев

Хатшы: Ұ. Ержанова