Шыңғыс Айтматов “Найман -Ана”

Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов “Найман -Ана” 1-слайд.

Сабақтың мақсаты:  2-слайд.

  1. Ш. Айтматовтың өмiрi мен шығармашылығына тоқтала отырып, Найман ана шығармасының тақырыбы мен мазмұнын, идеясын ашу.
  2. Еркiн ойлауға шығарманы ашық талқылауға бағыттау, оқушының сауаттылығын, бiлiмiн, шығармашылық iзденiсiн, ынтасы мен қызығушылығын арттыру.
  3. Адамның адамгершiлiк, жақсы қасиеттерiне тәрбиелей отырып, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрi:          Жаңа бiлiм беру.

Сабақ әдiсi:        Сұрақ-жауап, пiкiр алысу, iздену, СТО әдiстерi. Топпен жұмыс.

Көрнекiлiктер: Компьютер, Ш. Айтматов туралы жазылған сөздер, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: Тарих, тiл, география.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сыныпты тексерiп, сабаққа әзiрлеу.
  2. Үй жұмысын тексеру. Өткен тақырыптарға тест тапсырмалары арқылы шолу.

Тест сұрақтары: 3-слайд.

  1. Мұқағали Мақатаевтың туған жерi.

А) Жамбыл облысы Шу ауданы.

Б) Алматы облысы Райымбек ауданы.

В) Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы.

Г) Семей облысы Үржар ауданы.

  1. Нұр өлеңiнiң авторы.

А) Қадыр Мырзалиев.

Б) Төлеген Айбергенов.

В) Олжас Сүлейменов.

Г) Расул Гамзатов.

  1. Қабдеш Жұмәдiлов қай жылы туған.

А) 1941.

Б) 1936.

В) 1956.

Г) 1945.

  1. Семей-Невада халықаралық қозғалысының жетекшiсi болған ақын.

А) Мұқтар Шаханов.

Б) Қадыр Мырзалиев.

В) Төлеген Айбергенов.

Г) Олжас Сүлейменов.

  1. Сапабек, Тома, Жеңiс қай әңгiменiң кейiпкерлерi.

А) Менiң шешем.

Б) Қаздар қайтып барады.

В) Күй аңызы.

Г) Қонақтар.

 

  1. Жаңа сабаққа көшу кезеңi. Топпен жұмыс. Сыныпты үш топқа бөлу: 1-топ “Талаптылар”, 2-топ “Бiлiмдiлер”, 3-топ “Iзденушiлер”.

Дамыта оқыту әдiсi бойынша әр топ өздерiне алдын ала берiлген тапсырмаларды орындайды.Топ жетекшiлерi бекiтiлiп, бағалау парақшалары арқылы бағалап отырады.

1-топ Ш. Айтматовтың өмiрiне тоқталады. 4-слайд.

2-топ Ш. Айтматовтың шығармашылығына тоқталады. 5-слайд.

3-топ Ш. Айтматов туралы жазылған газет-журнал мақалаларына тоқталады.6-слайд.

 

  1. Жаңа сабақ. 7-слайд. “Найман Ана” — Ғасырдан  да ұзақ түн романынан үзiндi.                       “Ғасырдан да ұзақ түн “романын жазарда мәңгүрт тақырыбын үңiле зерттедiм. Бала кезiмде жөн-жосықты бiлмейтiн бiреулерге “Мәңгүртсiң бе өзiң ?” дегендi еститiнбiз. Адамның мәңгүртке қалай айналатынын бiлмесекте ,сүйегiңнен өтетiн ауыр сөз екенiн сезушi едiк.
  2. Шығармаға композициялық талдау жүргiзу.Талдау бойынша мазмұндату.8-слайд.

Басталуы :           Ана бейiтiнiң тарихы.

Байланысы :        Шай үстiндегi саудагерлер әңгiмесiнiң анаға әсерi.

Дамуы:                Ана сапары. Ана мен бала кездесуi.

Шиеленiсуi:        Мәңгүрт бала тағдыры.

Шарықтау шегi:  Ана .мiтi. Ана жүрегiндегi арпалыс.

 

Шешiмi:                 Анаға оқ атқан бала.

 

6 Шығарма тақырыбы мен идеясын аша отырып, мәңгүрт ұғымын ашу .

7.Мәңгүртiк тақырыбы бойынша оқушылар iзденiп, дайындаған материалдарды пайдалана отырып пiкiралысу.9-слайд.

  1. Интерактивті тақтада жұмыс. Ш.Айтматов пен М.Шаханов арасындағы үндестiк.Вен диаграммасы арқылы көрсету.М.Шахановтың Ш.Айтматовқа арнаған өлеңдерiн жатқа оқыту.

9.Эссе жазу арқылы сабақты қорыту. Әр топ жетекшiлерiнiң бағалап отырған нәтиже бағалары арқылы бағалау.

10.Үйге тапсырма Шығарманың мазмұнын айту. Тiлдiк талдау.