Күз

Тақырыбы: Күз

Мақсаты:

Білімділік: Балалар  күз  туралы  түсініктерін кеңейтіп, бұл мезгілі-

нің  ерекшеліктерін  бақылап, тақпақты  жаттату.

 

Дамытушылығы:  Балалардың  ойнау   қабілеттерін  дамыту.

 

Тәрбиелік:  Табиғатты  аялауға, еңбексүгіштікке  тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:  күз  суреттері, жапырақтар, жеміс-жидектер,

көкөністер.

 

Барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:  Балаларды  шеңберге  тұрғызып  жылы

лебіздерін  айтқызу.

 

Армысың   алтын  күн!

Армысың    асыл   жер!

Армысың   көк  аспан!

Армысың  жан досым.

Жылуыма  жылу қос,

Міне  менің  қолым  бос.

 

Тәрбиеші: Балалар, кәзір  жылдың  қай  мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Күз мезгілінде  неше  ай бар?

Балалар:Күз мезгілінде  үш ай  бар.

Тәрбиеші: Ендеше  балалар, күздің  үш  айын  атап беріңдерші.

Балалар:  Қыркүйек, қазан, қараша.

Осы  кезде  күз мезгілі  желдетіп  кіреді.

-Сәлеметсіздерме  балшалар?

-Сәлеметсізбе, күз  мезгілі.

-Сіздер  менің  күз  мезгілі  екенімді  қайдан  білдіңіздер?

— Жапырақтың  сарғайғанынан.

-Қатты  желдің  дауысын  естідік.

Тәрбиеші: Балалар ,күз мезгілінде  тағы  қандай  құбылыстар,

өзгерістер  болады?

Балалар: — Күн  салқындайды, жаңбыр  жауады.

Жеміс-жидектер,көкөністер,дәнді  дақылдар піседі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Күзде  егін  ору,бау-бақшаларда

жеміс-жидектер,көкөністер жинау  басталады.

 

Күз: -Балалар , менің  жеміс-жидектерімді  жинауға  көмектесе-

сіңдерме?

 

Балалар: -көмектесеміз.

Тәрбиеші: Балалар күз  бізден  көмек  сұрағалы  келіпті.

Берекесін  сыйлауға

Өлкемізге  күз  келді.

Жемістерін  жинауға

Шақырады  біздерді

Балалар, қазір  біздер  күз  мезгілінің  жемістерін  жинай  отырып,

ойын  ойнаймыз. Ойынымыздың  аты «Кім  тез» деп  аталады.

Ойынның  шарты: ортадағы  алмаларды  кім  тез жинап, санаса сол

жеңімпаз  болады.

Күз:Балалар алма,алмұрт, банан, анар, жүзім,өріктерді  бір  сөзбен

қалай  атаймыз?

Балалар: Жеміс-жидектер.

Күз: Ал , ендеше  сәбіз,қызанақ,қызылша,пияздарды  бір  сөзбен

қалай  атаймыз.

Балалар: -Көкөністер .

Сергіту  сәті: «Мен  баққа  бардым».

Тәрбиеші: Балалар, күз  туралы кім  тақпақ  айтып  береді.

Назым:  Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің  бұзық  ау

Жаңбырың  сіркіреп,

Келгенің  қызық –ау.

 

Нияз:Қыстың  жақын  қалғанын,

Жапырақтар  білгендей.

Желмен  ұшып  барады,

Жерге  қонып  үлгермей.

Тәрбиеші: Күз  мезгілінде  жапырақтың  түсі  қандай  болады?

Балалар: Сары.

Тәрбиеші:-Күз  мезгілі  қандай  тамаша! Сіздерге  күз мезгілі

ұнай ма?

 

Балалар: -Ия  ұнайды.

Тәрбиеші:  балалар  қазір  сергіту  сәтін  бәріміз бірге орындайық.

Сергіту сәті:  «Ағаштар».

Тербеледі  ағаштар,

Алдымнан  жел  еседі.

Кіп-кішкентай  ағаштар,

Су  құйғанда  өседі.

 

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар , балалар  орындарымыздан  тұрып, күз

мезгілімен  қоштасайық.