Дәрігер апай қонақта сабақ жоспары
Тақырыбы: «Дәрігер апай қонақта».
Өткізілетін түрі: ойын-сабақ.
Мақсаты:
Білімділік: балалардың «Дәрігер»мамандығы жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы
жетілдіру және тіл байлығын, танымдық қабілетін, сөздік қарым-
қатынастарын нығайту.
Тәрбиелік: бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті.
Көрнекіліктер: термометр, градусник, дәрумендер, көкөністер, жеміс-жидектердің суреті.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: балалар, қарандаршы, бізге көптеген апайлар келген екен, қане амандасайықшы.
Балалар: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды аулымыз,
Жарқырайды балабақшамыз.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң,апайлар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Шеңберге тұрып, тақпақ айту арқылы апайлармен амандасады.
Тәрбиеші: балалар, бүгін бізге қонаққа кім келіп отыр, айтыңдаршы?
Балалар: дәрігер апай
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Ендеше, балалар, дәрігер апаймен де амандасайық.
Балалар: сәлеметсіз бе, апай?
Дәрігер апай: сәлеметсіңдер ме, балалар. Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
Балалар: иә, сіз біздің балабақшаның дәрігері — Айнұр апайсыз.
Тәрбиеші: Балалар, дәрігер апай бізге қонаққа келді. Біз қонаққа не деп айтамыз?
Балалар: дәрігер апай, қош келдіңіз, қане, төрлетіңіз.
Дәрігер апай: рахмет, балалар. Балалар, қазір күз мезгілі, күн суытты, сол себепті мен сендердің қызуларыңды өлшеп, тыңдап, тазалықтарыңды тексеріп, сабақтың соңында дәрумен беремін.
Тәрбиеші: балалар бір-бірлеп дәрігер апайға қаралыңдар.
Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар. Қазір, біздер ойын ойнаймыз. Ойнымыздың аты «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты: ортаға жеміс-жидектердің суретін көрсетіп, атын атау. Кім жылдам атаса, сол жеңімпаз болады.
Дәрігер апай: балалар беті-қолдарыңды жуып, таза жүріңдер. Шаштарыңды, тырнақтарыңды уақытында алғызып жүріңдер. Көкөніс, жеміс –жидектер жегенде жуып жеңдер.
Барлық балаларға бір дәруменнен таратылады.
Тәрбиеші: балалар, қазір сергіту сәтін орындайық, бәріміз бірге!
Сергіту сәті: «Сұр көжек жуынды».
Бармақ боп, тоғайға
Сұр көжек жуынды.
Басын жуды,
Бетін жуды.
Көзін жуды,
Құлағын жуды.
Қолын жуды.
Аяғын жуды.
Сілкінді,
Сүртінді.
Тап-таза боп бір тынды.
Тәрбиеші: балалар, сендерге дәрігер апай ұнады ма? Жарайсыңдар, балалар, сендер ойын-сабақ кешіне жақсы қатыстыңдар. Енді орындарымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.