Ахмет Байтұрсынов «Маса» жинағы, «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі

    Ахмет Байтұрсынов «Маса» жинағы, «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі.

М.С. Сейткалиева

Мемлекеттік технологиялық колледжі,Павлодар қаласы.

 

Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі,Ақаң салған әдебиеттегі «Елшілдік ұраны», « Қырық мысал», «Маса» жинағы, «Қазақ» газетінің 1961 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер, білім, саясат жолындағы қажымас қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын.

М. О.Әуезов.

  Мақсаты; Қазақ халқының бір тума ұлы Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. А.Байтұрсыновтың кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Өлеңдерін мәнерлеп оқыта отырып,идеясын меңгертіп, теориялық талдау жасау.

 Дамытушылық; Оқушылардың танымдық   қызығушылығын,шығармашылық, ой — талдауға бейімділігін,өзіндік сын, көзқарасын дамыту,шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.

 Тәрбиелік;ел тарихын,әдебиетін білуге,оны құрметтеуге,даналық сөздерінен өнеге алуға,ұлтжандылыққа, адалдыққа,ізгілікке,ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік; интерактивтік тақта

Сабақтың түрі; аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері;сұрақ –жауап, Венн диаграммасы,  топтастыру,5 жолдық өлең.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі;

1.Сәлемдесу, оқушыларды тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау ( Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына таныстырылым берілген.Пысықтау мақсатында оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. )

Таныстырылым:Бейнефильм  арқылы А.Байтұрсыновтың еңбегі туралы   мәлімет.

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.(мәтінді талқылап, постерге түсіреді,қорғау жұмыстары аяқталған соң, қорытынды жасалады..)

1-топ А.Байтұрсынов  — ұлт ұстазы

2-топ А.Байтұрсынов – тілші-ғалым

3-топ А.Байтұрсынов — ақын, аудармашы

4-топ А.Байтұрсынов — әдебиеттанушы

Сергіту сәті:Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне  арналған Манарбек Манисаның төл туындысы.

ІX.Өткірдің жүзі, кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас… (Шығармашылық өлеңдеріне мұрасына шолу жасау «Ақын ініме», «Қара бұлт», «Анама хат», «Иттің достығы»)

  1. «Ақын ініме» өлеңін С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңімен салыстыру.

Түсіндірме сөздік: (сөздік жұмыс )Милләт — араб сөзі, халық, ұлт.

Правосы — құқы.         Ғапыл — қапыда қалды.

Пақыр – халі мүшкіл, байғұс                                     Хақын–ақы, еңбек.

Сұрақтар;

1.Өлеңде айтылған өзекті ойдың мәнісі қандай?

2.Ақын оқушыларына нені ескертеді?

3.Өлең қандай сарынмен жазылған?

Әдеби-теориялық ұғымдар. Теңеу: доңыздай, балдай. Эпитет: ақылға жарлы, сүйікті милләт.  Дөрекі сөздер: қақыр, лапыр, пақыр, айғырсып. Ирония- кекесін, келемеждеу. Нашардың көбірек же хақын  інім.  Айғырсып момындарға ақыр, інім. Кісімсіп ең болмаса қақыр, інім. (Ахмет Байтұрсынұлының  «Ақын ініме» өлеңін, «Бір адамға» өлеңімен салыстырып,ұқсастықтарын атап көрсету. Екі өлеңде де заман көрінісі, атқамінер шонжарлардың ел қанаған іс-әрекеттері көрініс табатынын, екі өлең де ирониялық сарында жазылғанын түсіндірді.Өлеңнің тәрбиелік мәні зор , бұл өлеңді оқу арқылы біреудің еңбегін жемеуді,құр мақтанға салынбауды, дүниеқоңыз болмауды үйретеді.)

  1. «Анама хат» өлеңі(бейнефильм көрсету,сұрақтарға жауап беру, топтастыру,талдау)

Топтастыру құру

  1. «Қара бұлт» өлеңі(Венн диаграммасы арқылы салыстыру)

БҰЛТ адам ТАУ
ойындағы қасиеттер
● Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?
● Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
● Бұлт қандай бейне?
● Тау қандай бейне?
4.«Иттің достығы» өлеңі(бейнефильм көрсету,берілген сұрақтарға жауап беру,талдау)

Қорытындылау.(Бес жолдан тұратын)

  1. Халықтың перзенті.2.Ұлтшыл,қамқоршы.3.Зерттеді, жазды,атылды.4.Қазақ халқын оқуға шақырды.5. Ұстаз.

Рефлексия.Не білдім? Не түсіндім?

Бағалау:(Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау)

Үйге тапсырма:А.Байтұрсыновтың « Маса» жинағынан бір өлеңін жаттау.