Қасым Аманжолов

                                                      С А Б А Қ № 28

 

Тақырып: Қасым Аманжолов.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қ.Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.

2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: адамгершілікке,өз елін сүюге, қазақстандық патриот сезімін оқушылардың бойына сіңірту.

 

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,мәнерлеп оқу,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: ақынның  портреті,тірек сызбалар, кітап көрмесі.

Сабақ барысы:

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау: «Шығанақ» мазмұнын айту.

III. Жаңа сабақ.

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

— Оқушылар, туған халқының өнерінің төрінде «өртке тиген дауылдай» жырларымен мәңгі орын тепкен ақынымыз Қасым Аманжолов кім?

Қане, бәріміз тақтаға көз жүгіртейік:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Ақын шығармаларын мынадай топтарға бөлуге болады:
  • арнау өлеңдер;
  • майдан жырлары;
  • туған жер жырлары;
  • жастық жырлары;
  • сүйіспеншілік жырлары.

 

  1. «Өзім туралы өлеңінің тақырыбы туралы ой қозғау. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
  2. Сұрақ-жауап.

— Өлең «Өзім туралы» деп аталса да, ақын тек өзі туралы толғаған ба?

— Өзі арқылы басқа да қандай мәселелерді көтерген?

  1. –Яғни, ақын өлең шумақтарында:

өзі жөнінде өлім мен өмір жайлы, ақындық, оның мақсаты, болашаққа өсиет, туған ел, туған жер туралы жырлайды.

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Ақын кітаптарымен таныстыру.
  2. «Өзім туралы» өлеңін үнтаспадан әнімен тыңдау.

VІ. Үйге тапсырма:  «Өзім туралы» өлеңді жаттау.

  1. Бағалау.