ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетініңтехнологиялық картасы

 ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «жапсыру»

Тақырып: «Әдемі табақ»

Мақсаты:   Ақ бетке жасыл, қызыл түстерден дөңгелек және үшбұрыш жапсырту, желімді қолдана алуға үйрету, дағдыларын қалыптастыру, саусақ моторикасын  дамыту, сұлулыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, бастаған жұмысын аяғына дейін  жеткізе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік: Үлгі (әдемі табақ), түрлі-түсті қағаз, сүлгі, альбом беті, тақтайша.

Билингвальды компонент: әдемі – красивый, табақ – тарелка.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті

 

Ынталандыру-оятушы 1. Кіріспе бөлім: Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Амандасу рәсіміне тұрғызады.

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Көк Аспан!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, Достарым!

Сендерді көріп қуанам!

Амандасу рәсімінен кейін орындарына отыратынын айтады.

Күтпеген сәт: Почташы болып киінген, тірбиеші топқа кіреді. топтың  балаларына қояннан хат келгенін айтады. Қоян ауырып қалғаннан кейін хат жазып жібергенін айтады. Хатты тәрбиешінің қолына беріп, балалармен қоштасып топтан шығып кетеді.

1.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші:

— Балалар қоянның бізге не жазып жібергенін көрейік. Хаттан үзінді:

Балалар мен сендерге әдемі табақтың бір үлгісін жапсырып  жібердім. Жапсырмаған табақтарды салып жібердім. Ауырып қалғандықтан өзім жапсыра алмадым. Маған көмектесесіңдер ме? Сәлемнен Қоян!

— Балалар, қоянның салып жіберген суретін жапсыруға көмектесеміз бе?

 

 

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешіге назар аударып, тәрбиешінің айтқанын бірге қайталайды. Табиғатпен, достарымен амандасады.

 

 

 

 

 

Барлығы орындарына отыра – ды.

 

Балалар почташы апайды көріп қуанады.

 

 

 

 

Почташымен қоштасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар: — Ия, көмектесеміз деп жауап береді.

Ұйымдастырушы -ізденуші 2. Негізгі бөлім: Қоянның әдемі табақтың үлгісін қалай жапсырғаның қараңдаршы. Қандай түстер қолданған?

Дұрыс айтасыңдар, жасыл және қызыл түстер.  Олай болса жасыл түсті қағазды бір қолмен ұстап, альбом бетіне жабыстырындар. Тәрбиеші өзіде фигураларды алып балалармен бірге жабыстырады. Әр баланы қадағалайды. Барлық бала суреттерін жабыстырып аяқтағаннан кейін сергіту сәтін жасатады.

Сергіту сәті: Балаларды орындарынан тұрғызып,

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Алақанды қосқанда,

Болады екен он саусақ.

 

 

Балалар: — Жасыл, қызыл түстер деп жауап береді.

 

 

Балалар жасыл және қызыл түсті дөңгелектерді желімдеп альбом бетіне жабыстырады.

 

 

 

 

 

 

Барлығы орындарынан тұрып тәрбиешімен бірге сергіту сәтін қайталайды.

Рефлексивті-түзетуші Қорытынды:

Балалар бүгінгі қоянның жабыстырып жіберген суреті сендерге  ұнады ма?

Түрлі-түсті қағаздарды альбом бетіне жабыстыру қиын болмады ма?

Тәрбиеші көрме ұйымдастырып, балалар өз достарының жұмыстарына баға береді.

Балаларды мақтап – мадақтайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Хабардар болуы керек: Түстер жайлы түсініктері.

Қалыптасқан әдеттері: табақтың суретін желімдей алады.

Істей біледі: тәрбиеші көрсеткен әдемі табақтың суретін жабыстыра алуы, түстерді ажырата білулері керек.