Жыл мезгіліне саяхат

 

 

Койшыбаева  Багдат  Тлектесовна

Бастауыш  сынып  мұғалімі

Жаңатілеу  орта мектебі мектепке  дейінгі

шағын  орталығымен   коммуналдық  мемлекеттік   мекемесі.

 

 

Жыл мезгіліне  саяхат

 

Мен  өз сабақтарымда  мүмкіндігімше  оқушыларды өз бетерімен жұмыс  жасауына ықпал етемін.

 

Мақсатты: әңгіме мазмұнын  тыңдай  отырып, жыл мезгілдерін дұрыс таба білу.  Жыл мезгілдерінің  алмасып  отыратынын     түсіндіру.   «Жыл   бойы» деген жалпы  түсінік   беретін     тіркестермен      таныстыру.

Керекті құралдар:     жыл  мезгілдерін   бейнелейтін  мазмұнды   суреттер.     Әр  баланың Жауабына  сай салынатын    асықтар,   қалташалар.

Ойынның  шарты:     жыл  мезгіліне  сәйкес    аялдамаларда  мазмұнды   суреттер  мен  қалташаларға   салынған   асықтар  жату     керек .

Ойынның  барысы:   Жүргізуші;   Қазір біз жыл  мезгіліне  арналған  таңғажайып    саяхатқа  аттанамыз.

Жол бойындағы көптеген аялдамалар тоқтап , демаламыз.

1- ші  аялдама: Балалар, айналаға қараңдаршы,айнала   ақ көрпе жамылған, өзендер  қатып қалған. Жылы киінген балалар шаңғы теуіп жүр./балалардың жауабы/

Жүргізуші: Cаяхатымызды   одан әрі жалғастырамыз.

2-ші аялдама:Аспанның     түсі  суық,  сұр бұлт жиі- жиі торлайды.   Тырналар  сап түзеп,жылы жақа ұшып бара жатыр.Бау -бақшада жемістер  уылжып,  пісіп тұр ./балалардың жауабы/

3- ші аялдама:  Сай салада  сылдырап  сулар  ағып,ағаштар   бүршік   жара  бастады. Құстар ұшып  келіп,балалар оларға  ұя жасап жүр./балалардың жауабы/

4-ші aялдама:  Aйнала қызыл- жасыл гүлге  бөленген.Көбелектер. Аралар гүлден- гүлгеҰшып- қонып жүр.  Балалар өзен жағасын да  күнге  қыздырынып жатыр./балалардың жауабы/

Осылайша   суреттеу барысында  балалар  әр жыл  мезгіліне  байланысты   мазмұнды

Суреттерді көріп,   соның мазмұнына  қарай жауап береді.  Дұрыс  жауап  берген балалардың

Қалташаларына  асықтар салынады.  Асықты кім  көп жинаса, сол жеңіске жетеді.