Шығарма Ұлыстың ұлы күні-Наурыз

 

Шығарма

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз .

Әр баланың өзі құрметтейтін ,жақсы көретін әжесі болады .Менің де әжем бар.Оның аты-жөні Алшоразова Айсұлу.Әжем өз атына сай адам  Өзі ажарлы ,мінезге бай адам,ақжарқын.

Ол мені кішкентайымнан бағып ,өсіріп келеді . Жасы 55-ке келсе де әлі жап-жас. Әкем мен анам жұмыста болғанда атам мен әжем менің мектептен  алып кетеді, сабағыма көмектеседі.Атам мен әжем мен үшін өмірдегі қымбат жандар Ақ әжем күн сайын ақыл-кеңес айтудан шаршамайды. Маған ертегі ,әңгімелер айтып береді.

Бүгін көктем айының бірінші күні. Көктем айын жақсы көремін .

Көктем айында мерекелер көп  Маған 8 наурыз аналар мен қыз –келіншектер мерекесі ұнайды .

Содан кейін «Жыл басы Наурыз» мерекесін барша халық асыға күтеді деп ойлаймын. Жыл сайын көктем мезгілі келгенде әжемнің мына әңгімесі есіме түседі

Қар кетіп жер қарайып, көктем мезгілі келгенде , әжем: Е, аллаға шүкір қыстан аман шықтық. « Самарқанның көк тасы еріді» — деп отыратын.

  • Әже осы сіз айтып отырған Самарқанның көк тасы деген не? Көк тас қалай ериді? –деп сұрадым
  • Айналайын тіліңнен, бәрін білгің келе ме? – деді әжем. Олай болса тыңда деп әңгімесін бастап кетті.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы екенін қазақ баласының бәрі біледі.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетініне қазақ елі қуанатын. Сол күні Самарқанның көк тасы жібіді,яғни бұл күні әр адам қателігі болса ,кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс .Кешірмесе « Бұл күні Самарқанның  да көк тасы жібиді,сен тастан қаттысың ба ?»- деп тоқтатады екен . Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастанда қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын.

Қазақ халқы жыл басын Наурыз санаған. Ұлыс күні қазақ елі үшін қасиетті, киелі саналған. Сол күні таза, жаңа киімдер киіп  бір-бірін наурыз көжеге шақырған.

Наурыз тойының өзіне тән үлкен асы-Наурыз көже.Оның мәні –Жаңа жылда молшылық мәнді де,дәмді татымды өмір болсын деген ырымды тілекті паш ету.Сонымен қатар наурыз мерекесіне арнап дастарханға басқа да тағам түрлері дайындалады.

Менің әжем наурыз мерекесінде наурыз көже жасайды. Оған өзінің келіге түйілген бидайын, тарысын, ет,сүт,тұз,құрт,қазы сияқты сыйлы мүшелер қосылып  пісіріледі.  Жеті түрлі дәмнен жасалған әжемнің көжесіне көрші, туысқандарымыз айран, сүт қосып, биылғы жылда тоқшылық болсын, ағарғанымыз көп болсын деп ақ тілектерін айтады.Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік , ұлттық тағылымы өте зор.Ол барша халықты татулыққа ,бірлікке,жомартттыққа,ізгілікке,ұйымшылдыққа шақырады.Адамдар арам пиғыл,пендешілік атаулыдан тазарып ,ар-ожданы алданда тазарады ,-деген ұғым қалыптасқан екен.

Бұл көже ішу –қыс тамағымен ,яғни етпен қоштасуды ,ал құрамына ақтың қосылуы –жаз  тағамымен ,яғни ,ағарғанмен қауышуды білдіреді.

Әжемнің айтуынша наурыз мерекесін қазақ елі ай бойы тойлайды екен. Бұл күні күн мен түн теңеледі екен.

Әжем әңгімесінің соңында ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің бірлігін құдай ұзағынан сүйіндіргей деп аяқтады. Бұл әжемнің айтқан әңгімесінің біеуі ғана. Бұл өмірдегі үлкен арманым әжемнің денсаулығы мықты болып, жанымда жүре берсе екен. Мен өз әжеммен мақтанамын. Әжемнің айтып берген әңгімесінен түсінгенімді ,яғни наурыз мерекесінде тойланатын қазағымның ұлттық салт – дәстүрін, әдеп – ғұрыптарын ұмытпау керектігін өзімнен кейінгі іні — қарындастарыма, достарыма әңгімелеп беруді  естен шығармаймын.

Сынып:   2»

Шығарманы жазған  : Жаңабатыр Інжу