Бала жастан патриоттық тәрбие
Қостанай ауданы затобол кенті әкімдігінің аппараты ММ «Гүлдер»
бөбекжай –бақшасы КМҚК
Ұйымдастырған оқу қызметі
тақырыбы:
«Бала жастан патриоттық тәрбие»
Тәрбиеші: Бохай Р
Затобол кенті
Білім беру саласы: «Коммуникация-сөйлеуді дамыту» «Әлеумет-қоршаған орта» «Шығармашылық –аппликация» «Тақырыбы: «Бала жастан патриоттық тәрбие»
Мақсаты Елдің ертеңі- болашақ балалар өздері екендігін, Өз елі туралы түсініктерін қалыптастыру. Еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Елін жерін қорғау үшін жан-жақты білім керектігін үйрету. Бойындағы адамгершілік, намыс, қаһармандық қасиеттерін дамыту. Ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар: Призентация МНЕМО схемасы
Көрнекіліктер: Суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі — түсті қарындаш, гүлдер, шарлар
Ресурстармен қамтамасыз ету: АКТ теледидар Алдын ала жұмыстар: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу өлең жаттау. Билингвалдық компоненті: Отанын сүю, Елін қорғау Сөздік жұмыс Мен елімнің болашақ патриотымын. әдіс тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өлең оқу
1. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: әңгімелеу
Шаттық шеңбері
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Бір ауылда тұрамыз
Бір мектепке барамыз.
Негізгі бөлім: «Мен қандай баламын?» кубикпен
— Балалар, сендер қайда келдіңдер?
— Біздің балабақша қалай аталатынын білеміз бе?
— Ал біз қай ауылда тұрамыз?
— Республикамыз қалай аталады?
— Балалар, осы балабақшамыз, ауылымыз, Республикамыз — біздің Отанымыз. Отбасымыз — біздің шағын Отанымыз.
Қазақстан Республикасы туралы айтып, суреттен көрсету.
«Патриот» сөзінің мағынасын ұғындыру.
Сендер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысындар.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан…» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сендер міндеттісіндер.
Отанды сүю – от басынан басталады.
Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз «ПАТРИОТТАРЫ» боласындар деп үміттенем.
МНЕМО схемасы бойынша айту
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, Астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Сергіту сәті
(Плакатқа дайын шаблондарды жапсыру арқылы өз елін бейнелейді.)
Қорытынды
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Ойында екі топқа бөлініп ойнау. Берілген сұраққа қай топ жауап берсе, сол топ смайлик көп жинайды. Жеңімпаз болады.
-Ұлтық ойындар түрін ата?
-Салт-дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер?
— «Отан оттан да ыстық» мақалдың мағнасын кім айтып береді?
-«Ұлыстын ұлы күні мерекесі» деп қандай мерекені айтымыз?
— «Патриоттық» деген сөздің мағнасын қалай түсінесіңдер?
-Өз еліңнің патриоты боласың ба?
-Патриот болу үшін қандай азамат пен азаматша болып өсеміз?
Жарайсыңдар! Мен сендердің жақсы азамат пен азаматша, елін жерін қорғайтын, мықты патриот болатындарыңа сенемін.
Рахмет сендерге балалар!