«Кешір мені» жаттығуы

«Кешір мені»жаттығуы.

Өмір деген сіз үшін не?Өмірді қалай түсінеміз?Өмірді бір сөзбенен жеткізе аламыз ба?                                                                                                  Ияя,өмір махаббат…Ата-анаға,бауырларға ,досқа,дұшпанға,тіпті табиғатқа деген махаббат қой…                                                                             Өмір деген қуаныш пен өкінішті сәттерің.Сен соның бір шетінен қателессеңде оны түзей алмайсын.Өмір бір жарқ еткен найзағай.Келесің де кетесің.Сол өмірде жіберген барша қателіқтеріміз үшін кешірім сұраймыз,бір қадам жылжыймыз(Музыка ойнап тұрады).                                                   Өмір дегеніміз сынақ.Алла тағалла адамдарды сынау үшін өмірге жібереді…Сол сынақта ақ жолдан адаспасақ болды…Бұл өмірде біліп-білмей ренжіткен адамдарымыздан іштей кешірім сұрап,ол адамға өзіңе қандай жақсылық тілесең сол жақсылықтың бәрін сол адамға да тілейміз.(Музыка қойылады).                                                                                                                        Өмір – ол пәнденің шыр етіп дүниеге келгенші мен о дүниеге өткенге дейінгі аралығы.                                                                                                        Мәңгі жарық күн сыйлаған бір адам бар ол – өзіңсің ана.ана деген 3әріпте қаншама ұлы сезім десеңізші.

  • Анашым!Асыл анам,есіл анам!
  • Елжіреп есіркеймін,есіме алам.
  • Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
  • Ақтамасам,боп жүрмін несіне адам.

Сол аналарымызға қаншама ауыр сөздер айтып ренжітіп жатамыз.Аналарымызға айтқан ауыр сөздеріміз үшін кешірім сұраймыз.                                                                                             Әке асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек.Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін,асырап-бағуға да,жақсы тәлім-тәрбие беруге міндетті адам.Әке – бала үшін асқар тау.Әке қамқорлығы – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым.Сондықтан әкені сыйлау,оған үлкен құрметпен,ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.                                     Әке ұрпақтың панасы,үйдің басшысы,әрі тәрбиешісі.Сол әкелерімізді біліп-білмей ренжіткен кездеріміз үшін әкелерімізден кешірім сұраймыз.(Музыка әке туралы өлең)

Туысы бірдің – уысы бір.Туысқан өкпеге тепсе де де,өлімге қимайды.Сол бауырларымыздың кейде жанына батырып айтқан сөздеріне ренжіп,кешірмей жатамыз.Бауырларымыздан,туыстарымыздан кешірім сұрап,оларға өзіңе тілейтін жақсылықтарыңды тіле.(Музыка).

Достық адамдардың бір-біріне адал,қалтқысыз сеніп,бір мүдделі олртақ көзқараста болатын қасиеті.Дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады.

Дос жолында құрбан болу емес,нағыз досты табу қиын.Дос таңдаудың маңызы зор.Өмірде қасымызда бар және өмірден озып кетіп,кешірім сұрап үлгере алмай қалған достарымыз үшін кешірім сұраймыз.(Музыка)