«Шахмат ойыны туралы аңыз»

Потанин  жалпы орта білім беретін  мектебі

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс

«Шахмат ойыны туралы аңыз»

 

 

Орындаған  6а сынып оқушысы

Бекпер Мадина

 

Мұғалім  Каиргожина Р А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Каракала ауылы 2012 ж

 

 

 

 

 

Шахмат ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Сан ғасырлар бойы осы ойынмен түрлі аңыздар мен ертегілер  байланысты. Осы аңыздардың бірін менің сізге айтқым келді. Оны түсіну үшін, шахмат ойынының қалай ойнайтындығын білу міндет емес: тек шахмат тақтасында ақ, қара  64 тор көздер бар екендігін білу жеткілікті .

  • Үнділер шахмат ойынын ойлап тапқан. Шерам хан осы ойынмен танысқан кезде , осы ойынның тапқырлығымен және әдістердің түрлілігіне таң қалды. Осы ойынды ойлап тапқан ғалым Шерам ханның қол астыңдағы адамдардың бірі болған. Осы адамның аты — Сета. Сетаның шахмат ойынын ойлап тапқандығы үшін Шерам марапаттағысы келді. Сетаға қалаған нәрсесін ал деді. Сонда Сета:
  • « Уа, тақсыр, әрбір шахмат торы үшін 2 бидай »
  • « Жай ғана бидай дәні ме? »
  • « Иә, тақсыр, ал 2 торы үшін 2 дән, 3 торы үшін 4, 4 торы үшін 8, 5 торы  үшін 16, 6 торы үшін 32дән « — деді ол .
  • « Жетер енді, сен, барлық торларың үшін бидай дәндерін аласың. Бірақ біліп жүр: сенің сұрағаның менің жомарттылығыма жетпейді» — деді Шерам хан.

Түстен кейін Шерам хан Сетаның бидай дәндерін алған-алмағандығын білгісі келді. Ақырында, Сета бірде-бір дән алмаған екен. Шерам хан қол астындағы ғалымдардан сұрады.

  • «Неге, сендер, Сетаның бидай дәндерін әлі берген жоқсындар?» — деді ызаланып хан. Сонда ғалымдар:
  • «Сетаның сұраған бидай дәндерінің саны жер шарында жоқ, әрі оны алу үшін, бүкіл теңіздер мен мұхиттардың жерін егістік алқаптарға айналдыру керек».
  • «Бұл қай сан?» — деп сұрады хан.
  • «Он сегіз квинтильон жеті жүз қырық төрт триллион жетпіс үш биллион жеті жүз тоғыз миллион бес жүз елу бір мың алты жүз он бес (18446744073709551615)».
  • Осы санды табу үшін:
  1. 2*2*2*2*2*2*2*2*2*2*2*2*2*2*…=64 рет
  2. Жеңілдету үшін 64 көбейткішті 6 топқа 10 екіден және соңғы топты 4 екіден бөлеміз.

10 екінің көбейіндісі 1024, ал 4екінің 16ға тең, солай жалғастырсақ, мынаған тең:

1024*1024=1048576.

1048576*1048476*1048576*1048576*16=18446744073709551615.

1куб метр бидайдан бес миллион. Яғни, Сетаның жүлдесі шамамен

12 000 000 000 000 куб.метр немесе 12000 куб.км сарайдың биіктігі 4 метр ені 10метр сарайдың ұзындығы 300 000 000 км болады. Яғни Жер мен Күннің арақашықтығынан 2 есе көп. Мұндай сандарды математикада « Алып сандар» деп атайды.