География пәнінен «Туған өлкенің табиғатын қорғау» тақырыбында конференция сабақ

 

География пәнінен «Туған өлкенің табиғатын қорғау» тақырыбында конференция сабақ.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты оқушыларды айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға баулу және қызықты деректер келтіру арқылы пәнге қызықтыру.

Дамытушылық мақсаты оқушыларды бақылай білуге, бақылау нәтижелерін талдап тусінуге уйрету, экологиялық сауаттылыққа бағдарлау.

Газет материалдары, қорықтар, табиғат жайындағы әр түрлі әдеби кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Қабырғаларда нақыл сөздер, кестелер ілінді.

Сабақ барысы.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндірген соң қоршаған ортаның қазіргі кезеңдегі ластануы мен одан қорғау жолдары жөнінде қысқаша әңгімелейді.

Конференция оқушылардың әр түрлі әдебиеттерді пайдаланып дайындаған қызықты баяндамаларымен жалғасты. Мысалы, «Экологиялық дағдарыстар және олардан шығу жолдары» жөнінде бір оқушы қазақ жеріне көмек керек екеніне, полигондардың зиянын, олардың тез арада жабылуы қажеттігіне тоқталды. Полигондардың зардабынан адамдар мен жануарларда мутациялық өзгерістер артуда, ісік аурулары көптеп таралуда, адамдардың мезгілсіз өмірден кетуі жиілеуде, Мысалы осы өлкеде, жуйке психикалық ауруға шалдыққан адамдар саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем дамыған адамдар 3103 -тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыры дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Қазақстанда жылына 2 млрд 153 млн тонна өте улы қалдық заттар тарайтыны анықталды. 1995 жылы Алматы қаласындағы 144 өндіріс орындары ауаға 11500 тонна зиянды қосылыстар шығарыпты. Алматы қаласының тұрғындары 1,5 млн деп есептесек, сонда әрбір адамның үлесіне 56,73 кг зиянды қалдықтар тиеді екен.

2-оқушы Балқаш маңының экологиясына тоқталды. Іле бойы у-шуға толы. Жаз басталғанына қарамастан ағаштар да, жер де жасыл емес аппақ болып көрінеді. Таяу келіп қарағанда — бұл осында қоныстанған құстардың саңғырығы екеніне көз жеткізуге болады. Бұл жерде тырналар тізбегі қоныстанады. Шығанақтар, бұлақтар, көлдер табиғатты тамаша көріністерге бөлейді. Іленің сол жақ жағасында — қырқалы белдер, ашық дала. Осьі маңда жидекті бұталар бар. Тоғайларда қасқыр, түлкі, қоян, үйректер, қарғалар, кемірушілер кездеседі.

3-оқушы қазіргі заманда жануарларды рұқсатсыз, шексіз ату, аулау, оларды шетелдерге өткізу сияқты келеңсіз жәйттердің Қазақстан фаунасына орасан зор залалын тигізіп отырғанын сөз етті.

1995 жылғы есеп бойынша Қазақстан жерінде 1000 түрге жататын 20000-нан астам омыртқасыз жануарлар зерттелді. Осылардың 68-і ғылымға жаңа түр ретінде танылды.

1996 жылы өрмекшілердің 251 түрі зерттелді. Оның 100-ден астамы бұрын белгісіз болып келген немесе жаңадан табылған.

Алматы облысында Алтынемел қорығында таутеке, құлан, жайран, саны азайған, ал Жамбыл облысында қызыл суыр мен ителгінің түрлері күрт төмендеп, қорғауға алуды қажёт етеді. Сондықтан оларды Қызыл кітапқа енгізу ұсынылды.

Жергілікті жердің экологиясын тілші:оқушы баяндады. Ол Астана қаласындағы жылу орталықтарының ауаны ластау себептеріне тоқталды. Астаналық қорық Қорғалжынның реслубликада алатын орнын, маңызын ашып, Ерейментау қорықшасында арқарлар, жыртқыш аңдар кездесетінін айтты.

Дәрігер-оқушы экологияны ең алдымен адам денсаулығымен байланыстырды. Арал мәселесін қозғап, адамдардың денсаулығының күн өткен сайын нашарлап, жас балалар мен аналардың ауруға шалдығуын, дүние салу себептерін түсіндірді.

Мұғалім қорытынды сөзінде Сәкен Сейфуллин елең шумағынан мысал келтіре отырып, оны қазіргі жағдаймен салыстырды.

Семинар — сабақ соңында оқушылар сұрақтарына жауап қайтарылып, олардың табиғат қорғауға байланысты танымдық ойындарына, шығармашылық жұмыстарына кезек берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскен негізгі мектебі

 

 

 

Сыныптан тыс жұмыс.

(ГЕОГРАФИЯДАН)

 

 

 

Тақырыбы: «Туған өлкенің табиғатын қорғау»

 

 

 

 

 

Өткізген:  Амержанова М.Х.