Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Әдебиет 6-сынып | Күні: | Турсынбаева Алмагул | ||
Тақырыбы | Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» | |||
Оқу мақсаты | Оқушылар ақынның өмірі және шығармашылығымен танысу, өлеңнің мазмұнын түсіну, тақырыбы мен идеясын ашу, көркемдік ерекшелігі мен өлең құрылысына талдау, жақсы мен жаман қасиеттерді саралау. | |||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар ақынның өмірі және шығармашылығымен танысады, өлеңнің мазмұнын түсінеді, тақырыбы мен идеясын ашады, көркемдік ерекшелігі мен өлең құрылысына талдай алады, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата біледі. | |||
Түйінді идея | Адамгершілік асыл қасиеттер – адамдықтың басты көрсеткіші. | |||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Хронологиялық кесте, сөздікпен жұмыс, диалог, салыстыру, талдау | |||
Қолданылатын бағалау түрлері | Формативті бағалау:мадақтау, бір жұлдыз, бір тілек, шапалақ, вагон ұяшықтары. | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Уақыт | |
Ұйымдастыру | Оқушылармен сәлемдесемін. Әдебиет әлеміне саяхат жасайтынымызды айтып, жол жүру билеттерін таңдауы арқылы 4 топқа бөлемін.
Тақтада ілулі бағалау парағымен таныстырамын. |
Оқушылар билеттер арқылы топтарына жайғасады. Сабақ барысына қатысқан оқушыларға бағалау парағына белгі соғылып отырады. | 3 мин | |
Үй тапсырмасын сұрау | Әр топтың №1 оқушыларынан сұраймын.
Сұрақтар қоямын. Д.Бабатайұлы қай жерде дүниеге келген? Өлеңді не үшін «Ақтан жас» деп атаған? Ақтан деген кім?Тарихтағы орны қандай? Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не?Мысал келтір. |
№1 оқушылар жауап береді.
Жауап берген оқушыларға белгі соғылады. |
4 мин | |
Білу | осы суретті интербелсенді тақтадан көрсетіп, не көрсеттім? Неге көрсеттім?-деген сұрақтар қоямын. | Оқушылар сурет бойынша өз ойларын айтып, тақырыпты ашады.
Жауап берген оқушылар мадақталады, белгі соғылады. |
2 мин | |
Түсіну | Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Табыс критериімен таныстырамын. * ақынның өмірі және шығармашылығымен танысамын; *өлеңнің мазмұнын түсінемін, тақырыбы мен идеясын ашамын; * көркемдік ерекшелігі мен өлең құрылысына талдау жасаймын; * жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білемін.
1.С.Аронұлы туралы қысқаша мәлімет беремін. 2.Оқушыларға өлеңді тыңдау барысында түсініксіз сөздердің астын сызып отыруды тапсырамын. 3.Өлеңнің алғашқы 4 шумағын бейнежазбадан тыңдатамын.
5.Түсініксіз сөздерді оқушылардан сұраймын. Әмме жұрт- барша, барлық, күллі |
Бір оқушы табыс критериін оқиды.
4.Қалған шумақтарын әр топтың №2 оқушылары тізбектей мәнерлеп оқиды.
6.Әр топ ойласып, №3 оқушылар түсініксіз сөздердің мәнін ашады.
|
2 мин
5 мин
4 мин |
|
Қолдану | 4 топқа тапсырма беремін:
1-топ:ақын өміріне хронологиялық кесте бойынша мәлімет беру; 2-топ:өлеңдегі жақсы және жаман қасиеттерді салыстыра отырып мазмұндау, тақырыбы мен идеясын ашу; 3-топ:теңеулерді ілік септігінде тұрған сөзімен бірге теріп жазу; 4-топ:өлеңнің бір шумағына талдау жасау. |
Әр топтың №4 оқушылары топтық тапсырманы қорғайды.
|
9 мин | |
Талдау | 1 жұлдыз, бір тілек әдісі | Әр топтың №5 оқушылары келесі топтың жұмысын бағалайды. | 3 мин | |
Жинақтау | 3 деңгейлі тапсырма ұсынамын.
ІІІ деңгей: жақсы мен жаман тақырыбындағы мақал жазу, мәнін ашу ІІ деңгей: Сүйінбай мен Абай өлеңдерінде айтылған жақсы мен жаман қасиеттерді салыстыру І деңгей: Шығармашылық тапсырма.Өлеңді аяқта Жақсылықты жасауға асығайық, ____________тасымайық. ____________________, ____________осы лайық! Қорытынды сұрақтар: 1.Сүйінбай кімнің пірі?Әдебиеттегі орны қандай? 2.Өлеңнің тақырыбы мен идеясы не? 3.Өлеңде ақын қандай көркемдегіш құралдарды пайдаланған? Дәлел келтір. 4.Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіз?Қандай болуымыз керек? |
Әр оқушы өзі қалаған тапсырманы орындау арқылы мүмкіндігін көрсетеді.
Әр топтың №6 оқушылары жауап береді.І деңгей тапсырмасын орындаған оқушылардың да жауабы тыңдалады.
Әр топтың 1 оқушысы жауап береді. |
7 мин
4 мин |
|
Бағалау | Тақтадағы вагон ұяшықтарына соғылған белгілер бойынша сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. | 1 мин | ||
Кері байланыс | Табыс критериін көрсете отырып, бүгінгі күтілген нәтижеге қол жеткізгенін сұраймын. | Оқушылар жауап береді. | ||
Кейінгі тапсырмалар | 1.Өлеңнен 4 шумақ жаттау
2.Сөздікпен жұмыс 3. «Жаныңда жүр жақсы адам» эссе жазу |
1 мин | ||
Мұғалім жазбалары
Сабақтың сәтті тұстары |
Сәтсіз тұстары | Нені өзгертемін? | ||
|
||||