«Ұранды ердің — ұрпағы қайсар»

Тақырыбы: «Ұранды ердің — ұрпағы қайсар».

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Бүгін – Отан қорғаушы күні. Одан кейін бір күн өткен соң ұлы мереке – Жеңіс күнін атап өтеміз.
1992 жылы 7 – мамырда Елбасымыз «Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 26 жыл.
Ал 1998 жылдан бастап бұл күн еліміздің күнтізбесіне Отан қорғаушылар күні ретінде тіркелді. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі.Бұл қос мерекенің қатар келуі жайдан-жай емес. Мерекелерді жақындастырып, ажырағысыз етіп тұрған ұғым, ол – ерлік. Ұлы Отан соғысы аталатын сұрапыл жылдарда Жеңіс оңайлықпен қол жеткізбеді. Жеңіс туы Рейхстаг төбесінде желбіреді. Ұлы Жеңіске үлес қосқан майдангерлеріміздің ерлігі біздің жауынгерлерді отаншылдық, патриоттық сезімге баулиды. Қазіргі бейбіт замандағы міндет – сол сезімді, сол қасиетті жастар бойына дарыту. Бүгінгі күні Қазақ елінің Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етіп жатқан әскерилеріміз ата-бабалар аманатына адал болуы тиіс. Ерлік пен қаһармандықтың, қайсарлық пен өжеттіктің Отан қорғаушыларымызға өнеге болғанын қалаймыз.
Біз ұранды ерлердің ұрпағымыз. Олай болса бүгінгі ұрпақтың жігерлі әрі намысшыл, арлы болмауға хақысы жоқ.

0

Отанымызды қорғайтын ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Ел халқына шат – шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан теңіз. Әскерлеріміздің айбынын асқақтатататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсекте жарасады. Егемен еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау бұл әр азаматтың қасиетті борышы екені баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш – жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны — бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Біздіңтәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымызбен бейбіт тіршілігімізді міз қақпайкүзетіп тұрған, халқымыға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Қорытынды:Елбасымыз  Н.А.Назарбаев:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген.

«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін» деп Қасым Аманжолов жырлағандай, Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады. Осындай байтақ, бай елімізді көзінің қарашығындай сақтап қорғау – әр азаматтың парызы.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН САҚТАЙТЫН ЖАС ҰЛАНДАР ЖАСАСЫН!

АСПАНЫМЫЗ АШЫҚ, ЕЛІМІЗ ТЫНЫШ, ЖҰРТЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!