Мәліметтер қоры

 

Сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы  Мәліметтер қоры


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Windows операциялық жүйелерімен таныстырп, оларды меңгеруге баулу.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәениетін арттыру.

 

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақ әдісі: 1. Сұрақ-жауап

  1. Әңгіме-дәріс
  2. Топтастыру
  3. Тірек-сызбамен жұмыс

Пайдаланылған  көрнекілік: компьютер

Пән аралық байланыс:  ағылшын тілі

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ жауап  1. MS Excel дегеніміз не?

  1. Функционалдық перенлер дегеніміз не?
  2. Операциялық жүйе дегеніміз не?
  3. Қор дегеніміз не???

 

IIІ. Жаңа  сабақ: Мәліметтер қоры дегеніміз – белгілі бір реттілікпен орналасан мәліметтер жиыны. Ақпараттық жүйе ақпаратты жинатау  және оны әр түрлі мақсатта тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйеде  ақпараттар компьютер жадыдамәліметтер қоры түрінде сақталады. Мәліметерді физикалық түрде басқару үшін арнайы басқару бағдарламасы жасалады. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталады. (МҚБЖ)

Мәліметтер қоры термині алғаш рет 1962 жылы пайда болған. Қазір оның   200-ден астам түрі бар.

МҚБЖ құрып оны пайдалану үшін Microsoft Offie  бағдарламалық пакетінің  MS Access бағдарламасы жиі қолданылады. MS Access – ті өңдеу обьектісі кңейтілуі .mdb  болатын файл болып саналады.

Бұл бағдарламаның негізгі объектілеріне: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль жатады.

 

Кесте. MS Access- те жалпы тақырыпта  біріктірілген мәліметтер жиынтығы кесте болып табылады. Кесте бір тақырып бойынша  бірнеше болуы ықтимал. MS Access 32768 кестеге дейін қамти алады, бір мезгілде 255 кесте аша алады. Кез келген кесте жазбалармен өрістерден тұрады.

Өріс дегеніміз – кесте енгізілетін мәліметтердің типтерін анықтайды.

Жазба дегеніміз – кестедегі бір объект туралы мәліметтер жинағы. Пайдаланушы кестеге жаңа жазбалар қоса, жоя немесе енгізе алады. Сонымен бірге  нақты жазбаларды іздеуге және мәліеттерді алмастыруға мүмкіндік береді.

 

 

  1. Жаңа сабақты бекіту: 1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

                                                2 MS Access дегеніміз не?

  1. Өріс дегеніміз не?
  2. Жазба дегенімізз не?
  3. Қорытындылау: Сабақ барысын талдау
  4. Үйге тапсырма: Лекцияны оқу

VII Бағалау:

 

Тексерген_____________________