Тасбақа сабақ жоспары

Ортаңғы «А» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.11.18ж

Тәрбиеші: А.С.Интизар

«Таным»  білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру                                                                                                                              

Тақырыбы:  «Тасбақа»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.
Дамытушылық: Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, түрлі композиция құрастыруды меңгерту
Тәрбиелік: Табиғи материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
Көрнекілігі: жаңғақтың қабығы, ермексаз, сумоншақ, жалпақ  тас.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Баларға сұрақтар қою

Жұмбақ жасыру

Тастан салған үйi бар,

Көшiп жүрер асықпай,

Қыста ұйықтап бұйығар,

Тамақ iздеп, ашықпай.    (Тасбақа)

 

Негізгі бөлім

Жаңа сабақпен таныстыру

Слайдпен тасбақаның суреттерімен таныстыру.

Тасбақа жайлы мәлмет беру

Жер бетіндегі ерекше тіршілік иелерінің бірі – тасбақалар. Олар орташа есеппен алғанда 200 жылдан астам өмір сүреді.Тасбақаның шөлде де, суда да жүзетін 250-ге жуық түрі бар.  Тасбақа қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап сүйекті сауытына тығылады. Тасбақа шөптің арасында далада өмір сүреді. Шөппен қоректенеді. Қыста ол тамақ жемейді. Ол ұйықтайды..

Ал біз тасбақаны табиғи материалдан жасап көрейік.

Жасамас бұрын сергіту сәтін орындап алайық.

Қажетті материалдар: жаңғақтың қабығы, ермексаз, сумоншақ, жалпақ  тас.
Қауіпсіздік ережелерін еске алу:
1. Ермексазды аузыңа салма
2. Киіміңе жабыстырма
3. Соңынын қолыңды жу.

  • Шыбықты көзіңе жақындатпа.
  • Тасты лақтырып ойнама.
  • Жаңғақты дәнінен тазарту үшін үлкендердің көмегін сұра.

Қажетті құрал — жабдықтарды атап, оларды шығарып алу.

Тасбақаның шөл далада кетіп бара жатқан көрінісін құрастыр.
Жасалу жолын айта отырып орындау.

  1. Жалпақ тас алып, оны жуып, кептір.
  2. Тастың бетіне ермексаз жапсыр.

Ермексаздың үстіне жаңғақтың қабықтарын төңкеріп жапсырып, тасбақаның денесін сомдап ал.

  1. Тасбақаның аяқтарын жасау үшін, төрт жаңғақ қабығының ішін ермексазбен толтырып, тырнақтың пішінін суреттегідей сумоншақпен келтір.иаяқтарын денесіне ермексазбен біріктір.
  2. Мойны мен басын ермексаздан сомдап, басына жаңғақ қабығын орнат. Көзін, аузын және көзілдіргін ермексаздан жасап, жабыстыр.

Қорытынды:Балалардың жұмысын бағалау.Балаларға сұрақтар қою

Бүгін біз не жасадық?

Неден жасадық?