«Кел, шапалақтайық» ойыны

«Кел, шапалақтайық» ойыны

 

Мақсаты: абстрактылы – логикалық ойлау қабілетін, қарым – қатынас амалдарын қолдана білу дағдысын дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: доп, үлестірмелі материалдар, қарандаштар, өшіргіштер.

Сабақтың барысы

Сәлемдесу.       Ойын. «Кел, шапалақтайық»

Бұл ойын таныс емес ортада өздерін еркін сезінуіне, бір – бірін жақсы тануына септігін тигізеді. Балалар дөңгеленіп тұрады, Жүргізуші балаларға әртүрлі, тіпті әзіл сұрақтар қояды. Нақты, сеніммен жауап берген бала орнынан тұрады, ал қалған оқушылар оған шапалақтайды. Ең болмаса бала бір сұраққа жауап беруі керек. Содан кейін оқушылардың өзіне сұрақтар қойдыруға болады.

 

Сабақтың мазмұны

                    14 жаттығу. «Домино»

Мақсаты: оқушыларды жалпылауға үйрету

Ол үшін ең әуелі 28 үлестірме қағаздары жасалады. Әр үлестірмеде бір нақты және бір жалпы атау жазылған.

Ойынға 2 – 4 адам қатысады. Әр ойыншы 5 үлестірме қағазынан алады. Қағазды қаралық: көз – геометриялық фигура. Екінші оқушыда: ауыз  — шығыс. Екінші оқушы «ауыз» деген бөлігін «көз» деген жағына қоюы тиіс. Ойын осылайша жалғасады. Ең бірінші болып өз үлестірме қағазын аяқтаған бала жеңімпаз атанады.

 

Сергіту сәті.         Ойын. «Бұлақтар мен көлдер»

Мақсаты: ерікті әрекетті, реакция шапшаңдығын, бейнелік ес епн координациялық қабілетті дамыту

Ойыншылар 4 – 5 бағанға бөлініп бір – бірінің артынан тұрады. «Бұлақтар ағып жатыр» деген бұйрық естілгенде, әр топ балалары бірінің артынан бірі жүгіріп отырады, «Көл» десе, тез арада тоқтай қалып, шеңбер құрулары керек. Ең бірінші «көл» болған топ жеңіске жетеді.

 

 

 15 жаттығу. «Аналогияларды тап»

Кез келген бір зат айтылады. Әр түрлі белгілері бойынша осы затқа ұқсас келетін бірнеше затты атау керек. Белгілерді сол заттың жасалу материалына, жататын тобына қарай жүйелеуге болады.

1 – нұсқа: тікұшақ;

2 – нұсқа: қуыршақ;

3 – нұсқа: жер;

4 – нұсқа: қарбыз.

2 – нұсқа: қуыршаққа, мысалдар: жұмсақ қонжық, ойыншық (ойыншық ретінде), телефон, футляр (жасалу материалына қарай) т.б.

Ұсыныс: балаларға жүргізуші көмек беріп отыруы, керек, яғни дұрыс емес жауаптарын түзеп отыру қажет.

  Сабақты пысықтау.   

  Қоштасу. Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті А.З.Зактың «Познавать играя. Развитие познавательных способностей у детей 5 – 12 лет» оқулығынан 15 — сабақты орындау.