Қарым-қатынас жасай білу- үлкен өнер (мұғалімдермен  семинар-тренинг)

Қарым-қатынас жасай білу- үлкен өнер.

(мұғалімдермен  семинар-тренинг)

 

Семинар-тренингтің мақсаты: Ұжымдағы адамдарды айналасындағы адамдармен, қарым-қатынас жасауға баулу, жағымды психологиялық ахуал тудыру, бір-бірімен сыйластыққа шақыру, өзара түсініспеушілікті жою жолдарымен таныстыру.

Қажетті құралдар: магнитофон,нақыл сөздер,тренинг ережесі шарлар,ақ парақтар,маркер.

Семинар-тренингтің өту барысы:

Психологиялық бағыт беру.(жайлы әуен қосылады)

-Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Әрбір адам — өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін адамдардың бір-бірімен сыйластықта болғанына не жетсін! Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым-қатынас жасай білу- үлкен өнер екенін кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді.

1.Сәлемдесу рәсімі.

Шеңбер құрып, «Сәлеметсің бе? Мен байсалды Балжанмын немесе мен балажан Балжанмын, т.б әркім өз атының бас әрпін сын есіммен тіркестіріп айтады.Мысалға, нәзік Нұрзиямын, гүлдей, доптай, әдемі, әсем, келбетті, алтындай, гүрілдеген т. Б сын есімді сөздерді қолдануға болады.

-Рахмет, енді орнымызға отырайық.

  1. «Сіз батыл адамсыз ба?» -тест.

Тест тапсырмалары таратылып беріледі.Нәтижесі оқылады.

3.Сергіту сәті. «Жұптар»-жаттығуы.

Қатысушыларға әр түсті шарлар таратылады.Түстері сәйкес келгендер, жұп құрып ортаға вальс билейді.Шарларын орталарына қойып, жармай билеп шығады.2-3минут уақыт беріледі.

  1. «Жағымды сипаттар»-жаттығуы.

Мақсаты:Ұжымда жағымды ахуал орнату,бір-бірінің жақсы қасиеттерін бағалауға баулу.

Қатысушылар жұптасып отырады, екі бөлікке бөлінген парақтар беріледі. Бір жағына өзінің бойында бар деп есептейтін жақсы қасиеттерін, ал екінші жағына серігінің жақсы қасиеттерін санамалап жазады. Екі жақ кезектесіп оқып, жақсы сапаларына толықтырулар жасайды.

-Өзіңді мақтау қиынға соқты ма?

-Қандай сезімде болдыңдар?

 

  1. «Жағдаяттан шық» -жаттығуы.

Мақсаты: Ұжымдағы келеңсіз жағжайлардан шығуға арналған жағдаяттардан шығу жолдарын табу.

Кейде отбасымызда, жүрген ортамызда, жұмыста,достарымыздың арасында түсініспеушілік, кикілжің, ерегіс, жағдайлары кездесіп жатады.  Одан шығу жолдары бар ма?Соны бәріміз бірлесіп шешелік. Төрт топқа арнайы дайындалған жағдаяттар жазылған парақтар таратылады.Берілген тапсырманы рөлдік ойынмен көрсету қажет.

  1. Отбасындағы түсініспеушілік, реніш.
  2. Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік.
  3. Мұғалім мен мұғалім, яғни әріптестер арасындағы келіспеушілік.
  4. Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік.

Ортақ сұрақ:-Реніштің шығу себебі?

-Кіммен ренжісеміз?

Қай топ кикілжіңнің шешілу жолын дұрыс көрсетті деп ойлайсыздар?

6.Сергіту сәті. «Өзіңді таны» -жаттығуы.

Бәріміз көзімізді жұмамыз.Қасымызда отырған серігімізбен танысайық. Ол үшін бірінші қолынан ұстаймыз, сипаймыз, қандай екенін сезінеміз, жұмсақ па, әлде қатты ма дегендей. Содан кейін иығын, құлағын, басын, шашын ұстап сезініп танысамыз. Көзімізді ашайық, енді жаңағы сезімдермен өзіңіздің қолыңызды, иығыңызды, құлақ, бас-шашыңызды танып көріңіз.

-Бір-бірімізден не сезіндік?

  1. «Сиқырлы таяқша» -жаттығуы.

Мақсаты: Ұжымда  жағымды қарым-қатынасты күшейту.

Елестетіп көріңіздерші, сіздердің әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда ғажайып туғызатын «сиқырлы таяқша» бар. Сіздер сиқырлы таяқшаны алып қасыңыздағы адамға тигізіп, өз қалауыңыз бойынша оны өзгертіңіз.(түрін, бет-әлпетін, киімін, бойын, мінезін, шашын,ол кісімен қарым-қатынасыңызды т.б.) Егер ештеңені өзгерткіңіз келмесе, мүмкін бір нәрсені әсемдегіңіз келетін шығар. Өзгертуді дәптерге жазып немесе суретін салуға болады.

-Бұл жаттығу қиын болды ма?

-Нені өзгертіп, нені әсемдедіңіз?

  1. Қоштасу рәсімі. Рефлексия.

«Жүректен жүрекке»-жаттығуымен аяқталады, әркім өз әсерлерімен бөлісіп,бір-біріне жылы лебіздерін, тілектерін айтады.