Тіл тұтастығы – ел тұтастығы

Тіл тұтастығы – ел тұтастығы

 

Өзектілігі. Елдің біртұтастығы оның егемендегінің бірден бір маңызды бөлігі болып табылады және халықаралық, мемлекетішілік деңгейде әртүрлі саяси, әскери, қоғамдық шаралардың арқасында қол жеткізіледі. Елдің біртұтастығының басты іргетасы тіл болып табылады. Тіл – біріктіруші, топтастырушы, жинақтаушы құрал ретінде елдің бірегейлігін сақтайды. Қазақ тілі түрік тілдерінің қыпшақ топтамасына жатады. Қазіргі таңда Солтүстік мұзды мұхитынан бастап Жерорта теңізіне дейн 60 түрік елдері тұрады. Оның ішінде өзінің мемлекеттері бар: Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Әзербайжан (және тек Түркия мойындаған Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасы) [1]. Сонымен қатар Ресей Федерациясында, Қытай елінде өзінің автономдық республикалары бар. Осы мемлекеттердің ішінде Қазақстан өзінің біртұтастығын нығайтатын бірден-бір мемлекет, себебі ол шетелдегі этникалық қазақтарға елге оралуға мүмкіндік жасап, «Нұрлы көш» атты игі саясатты жүзеге асырып жатыр.

Мәселе. Қазіргі таңда елдің біртұтастығын сақтау аса маңызды мәселелердің бірі болып табалады. Осы орайда тілдің маңызы мен ролі аса жоғары. Бәріміз білетіндей барлық әлем қазір жаңа дәуірге – сандық (цифрлық) экономика, ақпараттық дәуірге қадам басты. Біздің ел де бұл жаһандық әрекеттен қалған емес, оған дәлел 12.12.2017 жылы № 827 «Сандық Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы. Осыған байланысты әлемдің жаһандану, жалпы компьютеризация, сандық технологиялар дәуірінде ұлттық нақыш пен тілді жоғалтып алмай, керісінше оны нығайту және күшейту қажет. Жаппай ақпараттық дәуірдің артықшылығы мен кемішілігі бар, соның ішінде негізгі кемшілігі жалпылай сырттан келе жатқан мол массив ақпарат, жаһандық желіге тәуелді болу, шет елдерге еліктеу. Сондықтан әлемдік жаһандану, сандық технологиялар замананында елдің біртұтастығын сақтау аса күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Мақсаты: Берілген мақаланың мақсаты сандық экономика мен ақпараттық дәуір жағдайында тілдің елдің біртұтастығын қамтамасыз ету жолындағы қызметін анықтау, және елдің бірегейлігін сақтау жолындағы тілге қауіп төнетін мәселелерді айқындап, оларды жою бойынша ұсыныстарды жасау.

Негізгі бөлім. Ақпараттық дәуірдің барлық әлем елдерінде орын алғаны күтілген жағдай. Барлық мемлекеттердің бірлесе қарым-қатынас жасауы арқылы, өзара серіктес болуы әлемдік қарым-қатынастарды дамытты. Осылайша сандық технологиялар барлық елдерге жетіп, Қазақстанда да орын алып жатыр. Осы орайда елдің біртұтастығы нығая түсу керек, себебі сырттан келіп жатқан барлық жаңашылдықтар елдің бірегейлігіне теріс әсерін де тигізуі мүмкін. Сандық экономика мен ақпараттық дәуір жағдайында тіл елдің біртұтастығын қамтамасыз ету жолындағы қызметін келесіде сипаттауға болады:

— жаңа техника мен технологияның енгізілуі арқасында жүзеге асатын сандық экономиканың негізі мемлекеттік тілде құрылуы қажет. Бұл тек патриоттық талап қана емес, нарықтың сұранысы мен заман қажеттілігі болу керек, барлық жазылатын бағдарламалар қазақ тілінде жазылып, сандық экономиканың негізі Қазақ мемлекетінің берік іргетасы болуы керек;

— латын әліпбиіне көшу де жаңа дәуірге қадам басқанымыздың белгісі ретінде қарастыруға болады деп ойлаймыз. Осы орайда латын әліпбиінің дамуы сандық технологиялар мен ақпараттық дәуірдің көрінісі болып табылады. Тіліміз біртұтас болып, барлық адамдар бір адамдай тілдің нығаюына үлес қосу қажет;

— сандық экономика мен ақпараттық дәуір жағдайында тіл елдің біртұтастығын қамтамасыз ету жолында, біздің, кейінгі ұрпақтың үлесі мол деп білеміз, себебі, тарихтың жаңа парақшалары тілдің келесі даму сатысына өткелі жатыр. Осы орайда тілдің біртұтастығының маңызы зор.

Елдің бірегейлігін сақтау жолындағы тілге қауіп төндіретін мәселелер жаппай жаһандану салдарынан келе жатқан мәселелер болып табылады. Олардың қатарына шет елдерге еліктеп, олардың тілі мен мәдениетін ана тілінен жоғары қою, ана тіліне немқұрайлы қарау, интернет желісіндегі өзге тілдегі бағдарламалар мен ойындар жүктеу және пайдалану, шет елдерге жаппай көшу және т.б. Аталмыш мәселелердің шешу бойынша басты ұсыныстарға келесілерді жатқызуға болады:

— балалалар, жасөспірімдер бойында патриоттық сезімді үнемі нығайту (әлеуметтік, мәдени шаралар);

— отандық кино, ән, өнер саласын заман талабына сай етіп дамыту;

— ана тілінде заманауи кітап басылымдарын шығару;

— плеймаркеттегі телефон бағдарламаларын ана тіліне көшіру және т.б.

Жанашылдық. Берілген мақаланың жаңашылдығы – тілдің біртұтастығын жаңа форматта қарастыру, заманауи даму талаптарын ескере отырып тіл мәселесін жаңа үлгіде айқындау, жасөспірімдер арасындағы тіл мәселесін қарастыру.

Қорытынды. Тіл тұтастығы — ел тұтастығының кепілі. Осы алтын сөздің мәні мен сәнін, маңызы мен мазмұнын халық түсінсе елдің егемендік іргетасы күшее түседі.