«Менің күлкім, сенің әзілің» (Көңілді тапқыштар отауы)
«І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ
«Менің күлкім, сенің әзілің»
(Көңілді тапқыштар отауы)
Дайындаған: К.М.Таумекенов «Жігер» оқушылар ұйымы
Тақырыбы: «Менің күлкім, сенің әзілің»
Мақсаты: Тәуелсіз мемлекет ретінде бәсекеге қабілетті елдердің қатарында болуға ұмтылыс жасауда патриотизмді қалыптастыру Егемен елдің болашағы-жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану
Жүргізуші: Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,
— деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
- «Арай» командасы
- «Жастар» командасы
- «Арпа ішінде бір бидай» командасы
- «Оқымыстылар» командасы
Сайысымызға төрелік ететін әділ бағасын беретін әділ-қазы мүшелерімен таныс болыңыздар:
- Жұбатов Мейірбек
- Бектеміров Аслан
- Досжанов Қайрат
- Кадиров Ерхан
- Ахатов Данияр
- Сағымбаев Жеңіс
Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар:
- Сәлемдесу 5 минут (би,әзіл өз еркі)
- Еркін сайыс 6-7минут
- Қайым айтыс
Командаларға дайындалуға рұқсат
- Ортаға 1-ші номерлі «Арай» командасын шақырамыз.
- 2-ші номерлі «Жастар» командасын шақырамыз.
- 3-ші номерлі «Арпа ішінде бір бидай» командасын шақырамыз.
- 4-ші номерлі «Оқымыстылар» командасын шақырамыз.
Іорын «Арпа ішінде бір бидай» командасы
ІІ орын «Жастар» командасы
ІІ орын «Оқымыстылар» командасы
ІІІ орын «Арай» командасы
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.