Біздің елбасы-Нұрсұлтан Назарбаев

Тексерілді:

Сыныбы: 

Мерзімі:

Пәні: тәрбие сағаты

Сынып жетекшісі: Мантаева С

Тақырыбы:  Біздің елбасы-Нұрсұлтан Назарбаев

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті     Нұрсұлтан Назарбаев жайлы мәлімет беру.Ұлт көшбасшысының өмірбаянымен таныстыру.

Сабақтың идеясы: Белсенділік, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.Ұлтын қорғайтын, тілін қастерлейтін, отанын, жерін, елін сүйетін шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Сілтеме: Е.Шаймерденов Қазақмтан Республикасының Тәуелсіздік рәміздері.www.youtybe сайты

Күтілетін нәтиже: Балалар бірлесіп тапсырманы орындайды. Президенттің өмірбаянымен танысады. Постерді қорғай отырып, тәуелсіздік, рәміз, теңге сөздерінің мағынасын түсінеді.Топты және өзін-өзі бағалауды біледі.

Тапсырмалар: топпен жұмыс, жеке жұмыс, критерий арқылы бағалау, Бейнежазбамен танысу.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі 1 минут

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 4 минут

«Интервью» әдісі арқылы Ж.Жабаев туралы сұхбат алады.

ІІІ. Cабақтың басы

Бағдаршам көздері арқылы топқа бөлемін. «Бала -Нұрсұлтан», «Жігіт- Нұрсұлтан», «Елбасы -Нұрсұлтан» 3 минут

Ой қозғау. 3 минут

Слайдтан жасырын сөзді табу. Сұрақтарға жауап берсек парақ ашылады да, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын көреміз.

1.Біздің президентіміз кім?

2.Тәуелсіздік күні қай күн?

3.Рәміздерімізді ата.

4.Қазақстанның астанасы қай қала?

Бейнежазбадан үзінді көрсетемін. 2 минут

Бейнежазба кім туралы деп ойлайсыңдар?

Сабақтың ортасы 10 минут

Жаңа сабақтың мәтінін оқушыларға тарқатып беремін Топқа тапсырма беремін.

1.Н. Назарбаевтың балалық шағынан үзінді.

2.Елбасының өмір жолдарынан қысқаша деректер

3.Нұрсұлтан атаның елбасы қызметіндегі жұмыс және Тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресінен.

«Сұрақты қағып ал» әдісі бойынша топ бір-біріне өтілген мәтіндері бойынша сұрақ қояды, қарсы топ жауап береді. 6 минут

Топ бір-бірінің  жұмыстарын критерий арқылы бағалайды.

Сергіту сәті «Мен қазақпын» бейнежазба  арқылы би билету

Әр топқа тапсырма беріп, постер қорғатамын 12 минут

1.Рәміздер жайлы не білеміз?

2.Тәуелсіздік  дегенді қалай түсінесің

3.Теңге жайлы не білеміз?

Смайлник арқылы бағалатамын.

Сабақтың соңы 5 минут

Тест сұрақтарына жауап аламын. Дұрыс жауабын тақтадан тексереді, өзін-өзі бағалайды.

Үй тапсырмасы  1 минут

Н.Назарбаевтың өмірбаянын оқу.