Ұмытпаңдар достар есте қалар бұл күнді

Тақырыбы :  «Ұмытпаңдар достар есте қалар бұл күнді »

 

Мақсаты:

 

  1. Оқушылардың 7 күн бойы лагерден алған әсерлерін  әңгімелей білуге, ой өрісін дамытуға, қызық әңгімелерді айта білуге үйрету.
  2. Оқушының өмірге деген көзқарасын дамыту. Шешендік , тапқырлық өнеріін байқау.
  3. Мәдениеттіліке, парасаттылыққа, әсемділікке, үлкенді сыйлауға , кішіні құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі :  Түрлі – түсті шарлар, плакат, слайд.

Түрі : Концерттік бағдарлама

Өту барысы.

  1. жүргізуші: Армысыңдар құрметті көрермен қауым , бүгінгі лагердің жабылу салтанатына қош келдіңіздер. Әнұран орындалады.

Жаз айлары мектеп оқушылары үшін ерекше уақытпен күтілетін уақыт . Жыл бойы сабақ оқыдық, енді міне жарқын жаз келді. Біз жаз мезгілінде бізді құшақ жайып арсы алатын «Ақкөгершін» лагеріне асығып жетеміз.

  1. Жүргізуші: Біздің ұранымыз:   «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

Шаттан күл балақай,

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін !

Ән.  «Мен бақытты баламын»   Ақниет пен Жасминді ортаға шақырамыз.

1,  Жүргізуші:

Қызғалдақтай құлпырып,

Өсіп келе жатырмыз!

Өсіп келе жатқан қыздарымыздың биін тамашалайық.

Флешмоб    Фариза, Айнара, Данара, Лунараны ортаға шақырамыз.

2, Жүргізуші:

Ұлағат ап жаңаша ,

Байқауларға ой қосамыз таласа,

Талабы зор балаларды танытып

Таныстырған «Ақкөгершін »ол тамаша .

Жастар биі  Ақниет Жасмин, Алина, Ақеркені ортаға шақырамыз.

  1. Жүргізуші.

Мереке бүгін, береке бүгін

Қувнып, шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар,

Көңілдері шалқыған.

Ән. «Бірлігіміз жарасқан»  Қарақат және Ақеркені ортаға шақырамыз.

  1. Жүргзуші:

Көк аспанда күн күліп,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қыз қолында гүл жүрсін,

Бірге жүрсін бүлдіршін.

  1. Жүргізуші:

Хор. Дос болайық бәріміз»

Қорыта келе келесі сөз кезегін мектебіміздің директоры Забира апайға сөз кезегін береміз.

Осымен лагеріміздің жабылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті. Келесі кездескенше

ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!