Тәуелсіз елдің ұландары

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұландары»
Мақсаты:
— Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларды желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалармен таныстырып, ерліктерін  үлгі етіп көрсету.
— Оқушылардың туған елімізге деген сүйіспеншілігін арттыру,Отансүйгіштік  сезімдерін ояту.
— Елін, туған жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
— Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
— Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған  интелектуалды танымдық ойынымызға  қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі
1986жылы 16 — желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
«Білімпаздар» елінде сұрақ — жауап әдісі
— Отан дегеніміз не?  (Отан-ортақ үйіміз)
— Біздің Отанымыз -….(Қазақстан)
— Біз қай ұлтпыз? (қазақ)
— Қандай Республикамыз?(Қазақстан)
— Біздің ана тіліміз қандай тіл? (қазақ тілі)
— Елбасымыз кім?  (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
— Балалар, біз қандай елміз? (Тәуелсіз)

— Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)

«Тапқырлық» әлемінде жинақтау әдісі

(Берілгіен сөйлемдерді дұрыс құрап,рәміздер туралы айту)


Қазақстан Республикасының Гимні — бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

 


Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.

Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай — ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.
«Өнер алды-қызыл тіл» мәнерлеп оқу сайысы
1 — оқушы
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
2 — оқушы
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата — баба аруағына сыйынып.
3 — оқушы.
«Нашақор»- деп, «ұлтшыл»- деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.

 

(Топтар тыпсырмаларды орындағанша 2 сынып оқушысы……………………………. «Айгөлек» әнін орныдайды)

 

Шығармашылық жұмыс әлемі.

1 — топ: Елбасына құттықтау хат жолдау
2 — топ: «Менің тәуелсіз елім» әңгіме жазу

3-топ: «Ғажайып ел» ертегі жазу

 

Әділқазылар шешім қабылдағанша ән тыңдайық!

Ән «Менің Қазақстаным»

Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.