Психологиялық сабақ «Хайуанаттар бағы»

КМҚК «Балерке» балабақшасы

 

 

 

 

Психологиялық сабақ

«Хайуанаттар бағы»

 

 

 

 

 

Педагог-психолог: Жумагазина Д.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

 

«Хайуанаттар бағы»

Мақсаты: Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту. Хайуанаттардың балаларының атауларын есте сақтау арқылы тілдік қорды байыту.

Көрнекіліктер: Контурлық мысал суреттер (түлкі, қасқыр, кірпі, ит, аю, тиін, мысық, қоян); осы хайуанаттардың бейнесі бейнеленген геометриялық үлгілері; қағаз; түрлі – түрлі қарындаштар.

Сабақ барысы

  1. «Әнші» тыныс алу жаттығуы

а) Терең тыныс алу. Қолымызды баяу жоғары көтереміз.

Б) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.

В) А-А-А дыбысын дауыстау арқылы демімізді шығарамыз және қолымызды баяу түсіреміз.

г) Демімізді ішке тартамыз.Қолдарымызды жанға қарай иық деңгейіне дейін

көтереміз.

д) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.

е) О-О-О дыбысын қатты дауыстау арқылы демімізді баяу шығара отырып,қолдарымызбен екі иығымызды қапсыра құшақтап басымызды төмен түсіреміз.

ж) Баяу терең тыныс ала отырып қолдарымызды кеудеміздің деңгейіне дейін көтереміз.

з) Демімізді ұстап түрамыз.

и) У-У-У дыбысын қатты дауыстау арқылы қолдарымызды ақырын төмен түсіреміз.

2.«Хайуанаттар бағы» ойыны.

Үй және жабайы хайуанаттарды ажырату.Хайуанаттар балаларының аттарын есте сақтау.

Тапсырма: Суреттерге қарап жануарларды және олардың балаларын атаңдар.Осылардың арасынан хайуанаттар бағында қайсысы артық екенін анықтаңдар.Неге?(Артық суреттер алынып тасталады.)Қалған жабайы хайуанаттарды есте сақтаңдар.

  1. «Ым –ишара» жаттығуы. Балалар кез келген хайуанатты ым-ишара арқылы бейнелеп көрсетеді, ал қалған балалар табуы керек.

4.«Оралма» жаттығуы.

  1. Қолдарымызды жоғары көтеріп, керілеміз.
  2. Қолымызды созып тұрып оңға, солға бұраламыз.
  3. Қолымызды түсіреміз

Жаттығуды 3-5 рет қайталаймыз.

  1. Электрондық дидактикалық ойын «Жануарлардың көлеңкесін тап?»

6.«Серіппе» жаттығуы

Көздерімізбен жоғарыдан төмен серіппені саламыз, содан кейін төменнен жоғары қарай саламыз. 3-5 рет қайталау./басымызды қозғалтпаймыз/

  1. 7. Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.