«Көру сынақ сөзі» жаттығуы

«Көру сынақ сөзі» жаттығуы

Мақсаты: коммуникативті қабілеттерді кемелдендіру, көріп есте сақтауды жаттықтыру, ұжыммен бірлесе жұмыс жасай білу дағдысын, байқампаздықты, реакция шапшаңдығын, ерікті әрекетті дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: орындықтар, қарандаштар, өшіргіштер, дәптерлер, шырпылар, үнтаспа.

 

Сабақтың барысы

Сәлемдесу.       Ойын. «Шым — шытырық»

         Мақсаты: коммуникативті дағдыларды дамыту.

Ортадан сайланған жүргізуші теріс қарап тұрады. Ал қалған оқушылар шеңбер құрып, бір  — бірлерінің қолдарын жіберместен шеңбердегі орындарын ауыстырады. Жүргізушінің міндеті оқушыларды бұрынғы орындарына келтіру.

 

Сабақтың мазмұны

8  жаттығу. «Фигуралар»

         Мақсаты: көріп есте сақтауды дамыту

Балалар жұптарға бөлінеді. Ең әуелі жұптағы бір оқушы шырпылардын үстелдің үстіне фигуралар құрап, оның бетін парақпен жауып қояды. Содан кейін қасындағы сыңарына парақты 2 – 3 секундқа ашып, өзінің жасаған жұмысын көрсетеді. Қарап болған соң екінші оқушы көзін жұмып, қанша шырпы қолданылғанын айтып беруі керек. Сосын көзін ашып, шырпыларды алып, дәл жұбы жасаған фигураны қайта құрауы керек. Құрап болған соң І баланың фигурасының бетін ашып, екінші фигураның дұрыстығын тексереміз. Содан кейін екі оқушының орны алмасады.

Жаттығуды түрлі – түсті таяқшалар қолдану арқылы күрделендіруге болады. Оқушы енді саны мен орналасуына қоса түсін де есіне сақтап қалуға тиісті.

Екінші кезеңге тек бала 10 шырпыны оңай есінде ұстай алғанда ғана өтуге болады.

Сергіту сәті.        Ойын. «Ән»

         Мақсаты: қозушылық пен импульсивтілікті басу, жою

Балалар айнала қойылған орындықтарға отырады, ал жүргізуші ортада жүреді. «Біз қазір бәріміз білетін бір көңілді ән айтамыз. (Сөзін барлығы білетін ән таңдалуға тиісті). Мен қолымды бір рет шапалақтағанда бәріміз әнді бастаймыз. Екінші рет шапалақтағанда әнді жалғастырамыз, бірақ ішімізден. Үшінші рет шапалақтағанда қайтадан дауысымызды сыртқа шығарамыз. Дайын болсақ, бастайық!»

Тапсырма. «Көру сынақсөзі»

         Мақсаты: «жалпы қабылдауды» жеңу, біртұтас бейненің бөлек элементтерін есте сақтауды үйрету.

Балаларға үлестірмелі қағазаға немесе тақтағы сөз жазылып береді. 1 әріпті – 1секундқа есептеп, көріп болған соң тақтаны жабады. Бала есінде қалған сөздің ішінен тек дауысты әріптерді есіне түсіріп жазуы керек.

Сабақты пысықтау.                       Қоштасу.Үй тапсырмасы.

Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті. Баладан фигуралардағы таяқшалар санын санауды және сол саннан тұратын фигураны құрастыруды өтініңіз. Бұл жаттығу көріп есте сақтаумен қатар санай білуді де жаттықтырады.