«Мен өзімді … үшін жақсы көремін» жаттығуы

«Мен өзімді … үшін жақсы көремін» жаттығуы

Мақсаты: «Мен» бейнесін дұрыс қалыптастыру,  кеністікке бейімділікті дамыту, бейнелік есті, зейін мен қабылдауды дамыту, тұрақты, ауыспалы, көлемді зейінді дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: үлестірмелі материалдар, қарандаштар, өшіргіштер.

Сабақтың барысы

Сәлемдесу.        Ойын. «Мен өзімді … үшін жақсы көремін»

         Бұл ойын баланың өз бойында өзі бағалайтын қасиетері мен ұнатпайтын қасиеттерін талдауға үйретеді. Ойынның мәні мынада: бала өз бойындағы өзі сыйлайтын, өзгелер бағалайтын қасиеттерін кезектесіп айтып шығады. Барлығы айтып болған соң, енді өз бойындағы өздерін және өзгелерді мазалайтын  қасиеттерін сөз етеді.

Сергіту сәті.        Ойын. «Тыңда және орында»

Мақсаты: ерікті әрекетті, әрекеттің ішкі жоспарын дамыту.

Жүргізуші іс – қимылдарды атайды, бірақ өзі оны көрсетпейді.  Бұл тапсырманы  1– 2 рет қайталауға болады. Содан кейін балалар жүргізуші айтқан ретпен іс – қимылдарды қайталаулары шарт.

1 тапсырма. Басты оңға бұру, қайтадан өз қалпымызға келеміз.

2 тапсырма. Оң қолды, сол қолды жоғары көтеру, екі қолды да түсіру.

3 тапсырма. Сол жаққа 90 градусқа бұрылыпотырып, тұру.

4 тапсырма.  Оң аяқты көтеріп, бір аяқта тұру, оң аяқты түсіру.

Ұсыныс: Бірінші ойын кезінде бірден 4 тапсырманы беру оқушыларда қиындықөтар тудыруы мүмкін. Сондықтан бірінші 2 тапсырманы беріп, содан кейін балалар ол тапсырмаларды қалай орындап жатқандығын құадағңалау керек.Егер балалар еш қиындықсыз орындаса, соңғы 2 тапсырманы да қосуға болады.

 

Сабақтың мазмұны

4 жаттығу. «Кодтау» — 2 (Векслер тестінен, өзгерістермен)

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын, бейнелік – қозғалмалы координацияны дамыту.

Балаларға үлгіде көрсетілген әріптерден ғана тұратын  сөздер беріледі. Оқушылар үлгіде берілген әріптерге сай сандарды жазулары керек. Мысалы,

Сөздерді санмен жаз. (22 сурет)

       Ойын. «Тірі сурет»

         Мақсаты:  байқампаздық пен зейіннің көлемін дамыту.

Жүргізуші балалардан топтар құрады. Бір топтың оқушылары жүргізушінің тапсырмасымен белгілі бір қалыпты сақтап тұра қалады.  Ал бір бала сол «тірі суретті» 30 секунд қарап алады да, теріс қарап тұрады. Балалар енді басқаша тұра қалады. Жаңағы бала өзі көрген көріністі қайтадан қалпына келтіруі керек.

Сабақты пысықтау.    Қоштасу. Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті. Балада зейіннің тұрақтылығы мен бөлінушілігін  дамыту үшін бір мәтін беріледі. Бала мәтінді оқи отырып әріптерді сызып шығуға тиісті. Мысалы, «а» әрпінің алдында «д» әрпі болса,  үстінен сызып, ал «ы» әрпінің алдында «с» әрпі болса, астын сызуы керек. Содан кейін қателер саны есептеледі.