Еңбектің наны тәтті

Сынып: 3 «Г»

Тақырыбы: Еңбектің наны тәтті

Құндылық: «Дұрыс әрекет» 

Қасиеттер: еңбекқорлыққа ,адалдыққа, өмірсүйгіштікке баулу

 

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Сабақтың міндеттері: а) Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,.

Ә) еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту

Б) еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру. 

 

компьютер
Дәйексөз. «Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар». Дәйексөзді қалай түсінетінін сұрап, нақтылай түсу. Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді. Әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат.  
Әңгімелеу (сұхбат). «Маңдай тер» және «Еңбекпен тапқан тиын» мәтінін оқыта отырып, екі мәтінде де негізгі ой не, сәйкестігін анықтату. Қорытынды ой шығару. Мәтіннен адам бойында болуға қажетті еңбекқорлық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін ұғынады, байқаған жолдарды тауып оқиды.

Сұрақтар бойынша мәтінінің негізгі ойын анықтау.

-Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсіндіреді?

-Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?

Үлестірмелі деңгейлік тапсырмалар жазылған парақшалар.
Шығармашылық жұмыс. Топтық тапсырма. Ойын жаттығу.

1-топ. «Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті?» деген сұраққа жауап беріп шығады. Мысалы, өйткені өз қолыңмен жасайсың, өз күшіңді жұмсайсың, қиналып, шыдап көресің, т.с.с. .

2-топ. Ойын «Аралар» Бір топ ара қол ұстасып қимыл жасайды, балалар қайталау керек, қайталай алмаған жалқауларды ортаға алып шығады.

 
Топпен ән айту. «Бақытты балалық шақ»  
Үй тапсырмасы. 1. Оқушылардың өзіндік қызығушылықтарын арттырып, іскерліктерін бекіту мақсатында «Даналық кітабына» өз тілектерін , аталарының батасын жазып келу .

2. Келесі сабақ. «Алтын мүйіз» мәтінін оқып келу.

 
Баяу музыканы тыңдай отырып, сабақта игерген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Соңғы тыныштық сәті.

Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, бар жерде,

Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет, Дұрыс әрекет бар бүкіл әлемде.