Ұлттық рухымызды оятатын мақала.

Ұлы даланың жеті қырының кез келгені- Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра.

Атқа міну мәдениеті, ежелгі металл өндіру мен өңдеу технологиясы, өз жазуы мен мифологиясы бар озық мәдениетті Қазақ елінің рухани байлығының айшықты белгісі — «аң стилі өнері», түркі әлемінің бесігі саналатын Алтайдан бастау алған түркі тарихы, әлемдік экономиканың өркендеуіне септігін тигізген –Ұлы Жібек жолы жүйесі, Қазақ елінің ұлттық брендіне лайықты алма мен қызғалдақтар, еліміздің аумағында орын алған тарихи жайт қана емес, сонымен қатар әрбір қазақ үшін де аса қымбат құндылықтар деп айтуымызға әбден болады.

Жаһандану  кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау елді  бекемдеудің басты кепілі. Жоғарыда айтылып өткен мәдени құндылықтарымыздың қоғам санасының тарихи жаңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отырған жобалар толықтай жауап беретіні анық.     Соның ішінде, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив — 2025» жетіжылдық бағдарламасын іске асыру еліміздің тарихын түгендеуге мүмкіндік бергелі отыр.

Тағы бір қуантатыны, түркі халықтарына ортақ туындылардың онлайн кітапханасын ашу да маңызды болып отыр. Ең негізгісі Ұлы даланың жеті қырымен таныса отырып, арғы тегімізді түгендеп, тарихымызды жаңғыртып, келер ұрпақ мақтанып айта жүретіндей жобаларды қолға алмақшымыз.

Ендеше, тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді деп сенемін.

Кітапханашы Ж.А.Ғаббасова