Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Мақсаты: Балаларды Қазақ  халқының ұлттық ойындарымен таныстыру. Ұлттық ойын арқылы балаларды ептілікке,дәлдікке,шапшаңдыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші:  Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше болмақ. Себебі біз бұрынғы ата бабаларымыздан қалған ұлттық ойындармен танысамыз. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи  заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына  негізделгендіктен  қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен,дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.

Аса көрнекті үздік педагог Н. К. Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір — ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр — қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ моторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады.

Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан — жақты тәрбиелейміз.

 

Тәрбиеші:  олай болса балалар  «Арқан тарту» ойынын ойнайық.

Ойынның шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады

Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.

Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

Арқан тарту жайлы Али мен Аяның   мультфилімін тамашалайық.

 

 

Екінші  ойнымыз  «Қыз  қуу»

Ойынның шарты: Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Қыз қуу ойыны жайлы теледидардан  ақпарат алайық.

 

Үшінші ойынымыз «Ақсере –көксерек» ойыны

Ойынның шарты: Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20 — 30 қадам.

1 — ші топ. Ойынды бастайды

Ақсерек — ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2 — ші Ақсерек – ау ақ серек (бала атын) айту  керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

 

Тәрбиеші: Жарадыңдар,балалар.

Енді  төртінші ойынымыз « Жаяу тартыс»

Ойынның шарты: Екі бала беліне жіп байланып қарама –қарсы  отырады.Алдына  екі адым  жерге зат қояды. Сол жерге тартылып жетіп алдындағы затты алу керек.

Тәрбиеші: ой, жарайсыңдар балалар.  Өте жақсы ойнадыңдар. Мен сендерге рахметімді айтамын.Бүгінгі шараға өте белсенді қатыстыңдар.