«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» ауыл жастары

 

 

Ел тірегі, Ел басымыздың жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Елбасы өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының қалыптастыру керектігін айтқан болатын. Бүгін Астана қаласында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Елбасы, Үкімет басшылары, студенттер және дарынды балалар, жас әскери қызметкерлер қатысты.  Іс шара барысында жас қазақстандықтар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдерін таныстырылымы жайында, өздерінің жеткен жетістіктері туралы айтылды.Елбасы жастардың жұмыс жасап еңбектеніп елге қызмет еткенін қолдайтынын еш жасырмады. Жұмыс етіп қызмет етем деген жастарға «7-20-25» бағдарламасы барлық мәселені шешеуге бағытталғкан бағдарлама деп білемін. Асонымен қатар жастардың ауыл мәселесін көтергені маған қатты ұнады. Ауылдың гүлденуіне. өсіп-өркендеуіне, ауыл жастарының ауылды көтеруде жұмыла кірісіп, ауызбіршілік танытып, бір жеңнен қол шығарады деген сеніммен қараймын.