Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» Сабақ жоспары

Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

  1. Пән аты:Әдебиет
  2. Сыныбы:5
  3. Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: А. Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу;

Дамытушылық: Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара — жігін ажырату, өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту;

Тәрбиелік: Топпен бірлесіп жасауға, ұйымшылдыққа, пікір алыса білуге, өз ойларын ашық айтуға, жоба қорғауда белсенділікке баулу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі (Психологиялық ахуал туғызу)

Мен бүгін өзіме жақсылық тілеймін

Мен бүгін саған жақсылық тілеймін

Мен бүгін бәріне жақсылық тілеймін

Қағаздағы суреттер бойынша топтарға бөлу, ат қою.

Қызығушылығын ояту:Сөз жұмбақ шешейік!

А

Б

А

й

Өлең жазатын адам кім?

Батыл, ер сөздеріне мағынасы жуық сөз?

Республикамыздың бас қаласы?

Түнде аспанда не шығады?

 

Ғарыш Тарақ Мақта

Ыдыс Ана Ағаш

Лақ Парта Қайық

Ырыс Піл Тақта

Мысық Алма Артық

Йод Нан

Бала

Ат

Кіріспе әңгіме.

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы. Абайдың шын аты Ибрахим. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда туып, 1904 жылы 6 шілдеде қайтыс болған.Абай Семей облысы, Абай ауданының Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Оның атасы Өскенбай би болған, ал Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы Ұлжан – ақылды, мейірімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген, ол Ибрахимді еркелетіп «Абай» деп атаған.

Қос ана қазақтың ертегі, аңыз – жырларын көп білген.Абайда кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оның санасына құя білген.

Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. 12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Ол өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған үлкен сазгер.

 

Оқулықпен жұмыс.

Негізі «Ғылым таппай мақтанба» өленің көлемі 77 жол. Абай бұл өлеңді 1886 жылы жазған. 77 жолдың бізге ұсынып отырғаны 12 жол. Бұл өлең арқылы ақын сендерді жарқын өмірге, білімді болуға, алған білімдеріңді дұрыс пайдалана білуге шақырады. Ғалым болудың басты шарты не нәрсені болсын ақылмен өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену, көзін анық жеткен шындықты тура айту керек. Ең алдымен біз білімді, ғалым адамдарды құрметтеу керекпіз және сондай адам боламын деп талпыну керекпіз.

Өлеңді оқып беремін. Оқушыларға INSEPT стратегиясын қолдану арқылы өлеңді іштей оқу барысында V — білемін,- білмеймін,+ мені жұмбақтандырады,? Мені таңқалдырады белгілерін қойып отыру тапсырылады.

 

Топпен жұмыс.

1.Оқу туралы, білімге шақырған кімдердің, қандай шығармаларын оқыдық соны еске түсіру, өлеңдерін жатқа жазу.

1топ. 2 топ. 3 топ. 4 топ.

 

 

  1. Өлеңді талдау:

1 — топ: ————- 2 — топ: 3 топ: 4 — топ:

Бес асыл іс ———Бес дұшпан Жақсы іске не жатады? Жаман іске не жатады?

Талап —————Өсек

Еңбек —————Өтірік

Терең ой ————Мақтаншақ

Қанағат ————-Еріншек

Рақым —————Бекер мал шашпақ

3.Сөз сиқырын ұғайық!Мақалды жалғастыру. Дұрыс жауап берген топтарға 1 ұпайдан бағалау парағына жазғызу.

Жақсыдан үйрен

(Жаманнан жирен)

Талап тұлпар

(Білім сұңқар)

Талант қартаймайды

(Білім ортаймайды)

Әріптен білім

(Әліппеден ғылым)

Ақыл азбайды,

(Білім тозбайды)

Өнерлі (өрге жүзеді)

Білімдінің алды жарық,

(Білімсіздің түбі ғаріп).

Жақсымен жолдас бол, жетелер асқарға

(Жаманға жоласаң, етеді масқара)

 

 

Сабақ бойы алған білімдерін тест арқылы тексерейік.

  1. Абайдың туған жылы? А)1904 ә) 1845 б)1886
  2. Абайдың шын аты?а) Абылай ә) Ибрахим б) Арманбай
  3. Абайдың туған жері?а) Семей ә) Текеш б) Қапал
  4. Абайдың алғашқы хат таныған жасын тап.а) 9-11 ә) 10-12 б) 8-11
  5. Абайдың әжесінің аты?а) Зәуре ә) Зейнеп б) Зере
  6. Абайдың анасының аты?а) Ұлжан ә) Ұлбике б) Ұлтай
  7. «Ғылым таппай мақтанба» қай жылы жазылды? А)1845 ә)1886 б)1889

 

Сабақты қорытындылау: Сонымен балалар, адам білімді, ақылды болу үшін не істеу керек? Қандай жаман қылықтардан аулақ болуымыз керек?

 

Бағалау:әр топтан оқушылар 2 оқушыны өздері бағалайды.

 

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.