Біріншіге барамыз Сабақ жоспары

Мектепалды даярлық «А» тобының тәрбиешісі: Тажиева ГүлшатБайкабыловна

Тақырыбы:  Біріншіге барамыз!
Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.
Әдісі:  Ертеңгілік.
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
–  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  тобында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

 

Ортаға даярлық тобымен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерді қарсы алыңыздар:

 

 

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер даярлық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін ән күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен өрнектеп өнерлерін ортаға салғалы тұр. Біліміміздің артып, сөз байлығының молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.

 

ӘН : «Жас дәуірдің гүліміз»  хор.

( Хормен барлық бала айтады.)

Балалар  тақпақтарын айтады.

 

 

ӘН : «Ана тілім»  орындайтын Қоблашева Самира

 

Балалар біздер ертегілер білеміз бе?

-олай болса өзіміз  білетің ертегілердің біреуін келген қонақтарға көрініс етіп көрсетіп берейік.

«Мақта қыз бен  мысық» ертегісі.

 

 

Ән: «Ұстаз ана» орындайтын Қуандық Инабат және Өтегенова Жібек

 

Құдайбергенов Нұрасыл «Қазақстан» өленің оқу.

Флешмоб «Қазақ елі».

 

 

Балалар сендер шаршадындар ма?

Олай болса  ойын ойнайқ.

 

ІҮ  тапсырма
Ойын: «ия, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

 

Ж а р а й с ы ң д а р    б а л а л а р !

 

Балаларға  алғыс хат тапсыру.
«Ақ жол»

Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар

Қорытынды
–  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, бүлдіршіндерімізге өз тілектеріңіз  болса білдіріңіздер демекпін .

1.Мектеп әкімшілігіне;
2.Ата-аналарға;
3.1-сыныпқа қабылдайтын апайларға;
4.Қонақтарға т.б
5.Алғыс хаттарды тапсыру .