Лидерге қажетті 21 қасиет

Лидерге қажетті 21 қасиет

 

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

Адамдарды өзіне тартатын және сол арқылы маңызды істер шешетін адамдар санатынан болу үшін шынайы көшбасшыға керек қасиеттерді өз бойыңыздан іздедіңіз бе?  Менің айтқалы отырғаным келесі: егер сіз уақыт бөліп, ішкі дүниеңізде өзіңіз қалағандай, тіпті ешкімге айтпаған ең батыл армандарыңызды орындайтын, қаншалықты дәрежеде керекті қасиеттеріңізді өз бойыңыздан табалар едіңіз?  Бұл әркім өзіне қоюға тиіс шынайы сұрақ және әркім оған шынайы жауап беру керек! Егер толық деңгейде өзінің шынайы әлеуетін жүзеге асырғысы келсе.

Көшбасшылық жөнінде Америкада ғана емес,  басқа да елдердегі атақты сарапшы,  INJOY GROUP – жеке және көшбасшылық қасиеттерді барынша жоғарлатуға көмектесетін ұйымның өкілінің бірі Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында жоғарыдағы сұрақтарға толық жауап аласыздар.  Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшылықпен анықталады.  Ал ол қасиеттер шынымен іште қалыптасады.  Егер  ішіңізде сіз қалағандай көшбасшы болсаңыз,  өмірде де дәл сондай көшбасшыға айнала аласыз.  Адамдар сіздің артыңыздан еруді қалайтын болады.  Ал бұл жағдай орнаған кезде, сіз әлемдегі адам жасай алатын бар мәселені шеше алатын адамға айналасыз!!!

 

Бірінші қасиет.  Мінез-құлық: жартастай берік бол!

Көшбасшылық – еркектер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет,  сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық.

 

Бернард Монтгомери ,  британдық фельдмаршалы

Қиын өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әрекет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады.  Күйзеліс мінез-құлықты қалыптастырмайды, алайда оны айқындап ашады. Үлкен қиыншылық – жолайрыққа апаратын,  адамды таңдау үстіне қоятын,  өзгерісті сәт: не мінез-құлық көрсету не мәмілеге келу.  Әр кез адам, жағымсыз салдарға апарса да,  мінез-құлықты таңдаса, өзін шыңдай түседі.  Мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылық қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз.  Адам мінез-құлық жайлы не білу керек?

 

 

Мінез-құлық жай сөзге қарағанда көбірек нәрсе.  Кез-келген адам бүтін мінез-құлықпен және тереңдей инабаттылықтың иесімін деп айта алады, бірақ оның дұрыс немесе бұрыстығын ісі арқылы білуге болады.

Дарын – сый болса, мінез-құлық сіздің өз таңдауыңыз.  Біз таңдау жасаған кезде, мінез-құлықты да қалыптастырамыз – қиыншылықпен күресу не қуысқа тығылу, оңай ақша табу не оның толық құнын төлеу.

Мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке әкеледі.  Әр кез көшбасшылық басқа адамдарды тартуды білдіреді. Егер сіз босаң мінезді екеніңізді адамдар білетін болса, ешқашан сіздің артыңыздан ермейді.

Көшбасшылар мінез-құлықтың шегінен ары аса алмайды. Сіз жетістікке жете салып, басын жоғалтқан дарынды адамдарды көріп  едіңіздер ме?  Оның кілті әрине мінез-құлықта жатыр.

 

Өзіңіздің айтқан сөздеріңіз бен істеріңіз қаншалықты сай келеді?  Қандай да бір істі соңына дейін апарамын деген сөзіңізде қаншалықты тұрасыз?  Егер балаларыңызға концерттік орындау кезіне дейін немесе футбол басталғанға дейін бір затты істеуге уәде берсеңіз, не істейсіз?  Сіздің қол алысуыңызға заң жүзінде рәсімделген келісім шарт ретінде сене алады ма?

Нағыз мінез-құлық дегеніміз —  ішкі жан-дүниеңіздің үлкен болуы

 

Екінші қасиет.  Харизма : бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады!

Мен ешқашан қандай қызметте болмасын, сын-пікірге қарағанда, мақтаулардың әсерінен жақсы жұмыс істейтін,  көбірек үлес қосатын адамды көрмеппін.

Дэн Рэйланд, көшбасшыларды дамыту жөніндегі вице-президент, INJOY корпорациясы

Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті.  Барлық мінез-құлықтар сияқты адам оны өзі дамыта алады.  Өзіңізді басқаларға тартымды болу үшін не істеу керек?

Өмірді сүю. Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді.  Егер адамдарды тартқыңыз келсе,  онда кіммен араласқанды жақсы көрсеңіз, соған ұқсас болу керексіз.  Сіз араласқысы келетін адам қандай?  Ұрысқақ па?  Қасарысып қалған ба?  Торығудан шығалмайтындар ма?  Әрине, жоқ.  Сіздің сүйіктілеріңіз қуанады, наразылық етпейді. Бастысы өмірді сүйеді!!!

Әр адамға бестік бағаны қою.  Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе,  сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы.  Бұл жақсы нәтижеге әкеледі.  Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді.  Джак Визельдің айтуы бойынша «Өздерінің күшіне байланысты миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады.  Осы іскер әйелдер мен еркектердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре білетіндігі.»

Адамдарға үміт отын сыйлау.  Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп.  Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.

Өзіңізбен және өзіңіздің қадыр-қасиетіңізбен бөлісу.  Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп,  оларға өзіңізде бар нәрсені сыйлаңыз.  Сіздің қорларыңыз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне айналсын.

 

Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек.  Шынайы харизма, өзін ойлаудан бұрын, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет!!!

Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға салу.  Бұл харизма!!!

 

Үшінші қасиет.  Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: ол істі адамдарды бос арманшылдардан ажыратады

Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін нәрсені жасаса,  барлық уақыттарда өмір сүреді.

 

Иоганн Фридрих Шиллер, неміс драматургі және ақыны

 

Іске жан-тәнмен берілудің шынайы табиғатын қарастырайық?

Іске адалдықтың басы жүректе жатады.  Егерде сіз көшбасшылық әрекеттеріңізбен басқалардың өмірін жақсы арнаға бұрғыңыз келсе,  мақсатыңызға адал екеніңізді көру үшін, жүректің терең түбіне үңіліңіз.

Іске адалдық нақты іс-әрекеттермен айқындалады.  Іске адалдықтың жалғыз өлшемі – іс-әрекет.  Артур Гордон айтқандай : «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ. ».  Ал сіз өз алған міндеттерді орындау барысында, іске адал боласыз ба?

Іске адалдық, жетістікке жетуге мүмкіндік береді.  Көшбасшы ретінде сіздер – көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап боласыздар.  Алдыға жылжытатын жалғыз ықпал, сіздің ісіңізге деген адал болуыңыз.

Өз мақсаттарыңызға жете аласыздар ма?  Сіз жүзеге асыра алатын және оған мүмкіндіктеріңіз жететін нәрсені орындадыңыздар ма?  Сізге адамдар сеніп, сіздің артыңыздан ілеседі ме?  Егер жауабыңыз оң болмаса, онда сіз ісіңізге адал емессіз!!!

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

 

Төртінші қасиет. Қарым-қатынас жасап араласа білу: онсыз өмірде жалғыз өзіңіз қадам басасыз

Оқытушы мамандар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым – қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады.

 

Джон Максвелл

 

Мына төрт негізгі ұстанымдарды орындасаңыз, тиімді коммуникатор боласыздар:

Ойыңызды ықшамдаңыз. Қарым-қатынас – сіздің айтатын сөзіңіз ғана емес. Оны қалай айту да маңызды. Ең тиімді қарым-қатынас – ол қарапайымдылық. Адамды еліктіріп алу үшін қатты сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ. Егер адамдармен қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, қарапайымдылыққа ұмтылыңыздар. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына : «Айқын болыңдар, айқын болыңдыр, айқын болыңдар!» деп қайталай беретін.

Нақты адамды көре біліңіздер. Бір ғана адам болсын, топ болсын, адамдармен араласу барысында өздеріңізге мына сұрақты қойыңыздар: менің тыңдаушыларым кімдерден тұрады? Оларды қандай мәселе алаңдатады? Олардың қажеттіліктерінің қайсысын түрту керек? Менің қанша уақытым бар? Коммуникатор болам десеңіз, тыңдаушыларыңызға қарай істі бағыттаңыз.

Адамдарға шындықты көрсетіңіз. Әр бір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялатады. Тыңдаушыларыңыздың сеніміне кірудің екі жолы бар: бірінші – айтып тұрғаныңызға өзіңіз сену, екінші – айтқаныңызды жүзеге асыру.

Қарсы реакцияны күтіңіз. Тыңдаушыларыңызға көп мәлімет беру арқылы олармен қарым-қатынастамын деген қате түсінік. Әр кез олармен сөйлескенде, бірдеңе сезінуіне, есте сақтауына, істеуіне мүмкіндік беріңіз.

Басқа адамдармен қандай деңгейде араласасыз? Шыныменде араласа білу сіз үшін маңызды басымдық болады ма? Адамдарға шабыт сыйлап, мотивация бере аласыз ба? Сіздің адамдарыңыз түсініп, қабылдап, жүзеге асыра алатындай асқақ армандарыңыз бен үмітті келешегіңізді суреттей аласыз ба? Бірге-бір араласа отырып, ол адаммен  шынайы контакт орната аласыз ба? Ал топпен ше? Егерде сіздің тереңде жатқан биік армандарыңызды адамдарға түсіндіре алмасаңыз, онда сіз олармен дұрыс қарым-қатынас орнатпағандығыңызда.

Қарапайымдылық!!! Осыны ұмытпағайсыздар!!!

 

Бесінші қасиет. Құзыреттілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді.

Біз жоғарғы құзыретті  адамдарға сүйсіне қараймыз, іскерліктің ұсталары болсын, әлемдік деңгейдегі спортшылар болсын немесе іскер бизнесмендер болсын. Алайда басқаларды құзыреттілік жағынан басып озу міндетті түрде Фаберже, Майкл Джордан немесе Билл Гейтс болу қажет емес. Егер шынымен құзіреттілік қасиетін дамытқыңыз келсе, мыналарды істеулеріңіз міндет:

Әр күн сайын құзыреттілігіңізді көрсету. Бірдеңені күткенде, жауапты адамдар қол қусырып отырмайды, өздерін көрсете бастайды. Бірақ шынайы құзырлы адамдар бір қадам алда жүреді. Олар өз ниеттерін көрсетіп қана қоймай, кез-келген жағдайға дайын екенін айқындайды.

Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыздар. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Мінсіздікке жету үшін «Не себепті?» деген сұраққа жауап іздеп отыру керек. Соңында, нені және қалай істеу керектігін білетін адамның, әр кез жұмысы болады. Ал не себепті істеу керек екендігін білетін адам, әр кез бастық болады.

Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз. Бастаған ісін соңына дейін апармайтын адам, құзыретті бола алмайды. Көшбасшы ретінде біз адамдарымыздан істі аяғына дейін істейтінін күтеміз. Ал өз кезегінде олар бізден дәл осыны және бұдан да жоғарғы нәтижені күтеді.

Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шынына келгенде, құзыретті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.

Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.

 

 

 

Қиын жұмыс кезіндегі сіздің психологиялық дайындығыңыз қалай? Іске бар ынтаңызбен және мүмкіндігіңіздің жоғарғы деңгейімен қимылдайсыз ба? Әлде сіз кейде жақсы ғана жұмыс істей аласыз ба? Сіз кімсіз: ойшыл, қызметкер әлде сенім артуға болатын ойыншысыз ба?

Жеке стандарттарыңыз қаншалықты жақсы болса, сіз де соншалықты жақсы боласыз!!!

 

Алтыншы қасиет. Ерлік: Ерлігі мықты бір адам, көп адамға тең.

Ерлік – адамдық қасиеттердің ең бастысы немесе қалған қасиеттердің бар болуына кепілдік беретін қасиет!

 

Уинстон Черчиль, британдық премьер – министр

Істеріңіз қиын шешімдерді талап еткенде, шынайы ерлік туралы мынаны білулеріңіз керек:

Ерлік сіздің ішіңіздегі күрестен басталады. Көшбасшы ретінде кездесетін әрбір сынақ, өзіңізбен күресу арқылы жүреді. Ерлік үрейдің жоқ болуын білдірмейді. Негізінде ол қорқыныш тудыратын нәрсемен күресу болып табылады.

Ерлік жай ептілікті ғана емес, дұрыс әрекет етуді де білдіреді. Ерлік бір сәттегі қабылдаумен және тамаша ойдың келе қалуымен емес, қағидалармен жұмыс істейді. Егерде сіз өзіңіздің мықтылығыңызды және оған себепші болатын сенімділігіңізді қашан көрсету керектігін білетін қасиетке ие болмасаңыз, ешқашан тиімді көшбасшы  бола алмайсыз!

Көшбасшыға тән ерлік артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем береді. «Ерлік  жұқпалы, — дейді уағыздаушы Билли Грэм. Батыр адам өзінің мықтылығын көрсеткен кезде, қасындағылардың да омыртқасына салмақ түсіп, қатаяды». Кез-келген адам ерлік көрсеткен сайын, басқалары да мықты бола бастайды. Ал көшбасшының ерлік көрсетуі, қоршағандарға дем беріп, рухын көтереді.

Сіздің өміріңіз сіздің ерлігіңізге пропорционалды түрде кеңейіп тереңдей түседі. Бринтандық дін маман Джон Генри Ньюмен айтқандай : «Өміріңіз соңына жетті ме екен деп қорықпаңыз, ол ешқашан басталмады ма екен дегеннен қорқыңыз». Ерлік өмірді жақсы бастауға ғана емес, жарқын болашағыңызға да зор мүмкіндік береді. Қорқыныш дегенді жеңе біліңіздер.

 

 

 

Қорқыныш сізге қалай әсер етеді? Сіз оны тиісті деп қабылдайсыз ба? Кернеулі ахуалдар күнделікті өміріңіздің жартысы ма? Әлде үрей тудырмайтын жабдықталған аймақта қалуды қалайсыз ба? Ерліктің рухын дамытып, оны күнделікті өміріңізде қолдану үшін қандай дәрежеде өзгеру керексіз?

Шынайы ерлік – тосынан жақсы нәтижелер әкеледі!!!

 

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

Жетінші қасиет. Қырағылық: шешілмеген жұмбақтарды шеше білу.

Ақылды адамдар естігендерінің жартысына сенеді, ал қырағы адамдар қай жартысына сену керек екенін біледі.

 

Джон Максвелл

Кез-келген кедергілердің түп-тамырын таба білу, қырағылықтың сипаттамасына тән. Ол интуиция және тиімді ойлаумен негізделеді. Өзінің тиімділігін жоғарлатқысы келетін әрбір көшбасшы қырағылық қасиетіне ие болу керек. Оның көмегімен бірнеше маңызды мақсаттарға жетуге болады :

Мәселенің түп-тамырын таба білу. Қырағылық көшбасшыға жартылай суреттеуді ұсына алады, яғни жоқ элементтерді интуиция арқылы толтырып, орныққан кедергінің ядросын анықтауға мүмкіндік береді.

Мәселені шеше алуды жетілдіру. Мәселенің түп-тамырын көре алсаңыз, онда оны шеше де аласыз. Қырағылық әлеуетіңізді жүзеге асырғыңыз келсе, қай жағынан мықтысыз, сол жақпен жұмыс істеу керек.

Ең тиімдісін таңдау үшін бар нұсқаларды бағалау. Қырағылық интуицияға ғана немесе зияткерлікке ғана арқа сүйемейді. Адамдарыңыз және ұйымыңыз үшін ең тиімді жолдарды табу үшін қырағылық сезімді де, ақыл-ойды да қолдануға рұқсат береді.

Мүмкіншіліктеріңізді көбейту. Қырағылығы жоқ адамдар, керек кезде, керек уақытта таба алмайды. Көшбасшылар қырағылықтың нәтижесі болып табылатын жолы болғыштық қасиетті қолдан жасап шығарушылар.

Сіз шын мәнісінде қырағы көшбасшысыз ба? Қиын мәселе орныққанда, оның болу мәнісін және себебін анықтай аласыздар ма? Мәселенің егжей-тегжейін білмей, оның түп-тамырын таба аласыз ба? Сіз интуицияға әлде ақыл-ой мен тәжірибеге сенесіз бе? Жоқ, деген жауаптар болса, онда қырағылығыңызды дамытып өркендетіңіз.

 

Қырағылыққа толы бір шешім, толығымен тағдырыңызды өзгертіп жіберуі мүмкін!!!

 

Сегізінші қасиет. Жинақтылық: ол айқын болған сайын, сіз айқын қимылдайсыз

 

Екі кеменің басын ұстаған суға кетер.

 

Мақал

Өзіңіздің уақытыңыз  және қайраттылығыңызды  жинақтау қандай жолмен іске асу керек? Келесі ұстанымдармен жұмыс істеңіз:

70% қорыңызды мықты жағыңызға шоғырландырыңыз. Өзінің әлеуетін жүзеге асыра алған тиімді көшбасшылар жаман нәтиже әкелетін қасиеттеріне қарағанда, табысты қасиеттеріне көп уақыт бөледі. Жетістікке жету үшін мықты жақтарыңызға назар аударып, оны дамытыңыз. Өзіңіздің негізгі уақытыңызды, қайраттылығыңызды және қорларыңызды осыған жұмсаңыз.

25% қорларыңызды жаңа заттарға шоғырландырыңыз. Егер жақсырақ болам десеңіз, өміріңізге өзгеріс енгізіп, жаңа нәрселерді үйренуге дағдыланыңыз. Бұл зерттелмеген жерлерді бағындыруға деген дайындық. Ұмытпаңыздар: егер сіз көшбасшылық жоспарда өсем десеңіз, онда өсу жоспарында көшбасшы болуларыңыз  керек.

5%  қорларыңызды әлсіз жақтарыңызға шоғырландырыңыз. Сіз әлсіз болған жерлерде жұмыс істеуіңізге тура келеді. Ондай жағдайларды қолдарыңыздан келгенше қысқартуға тырысыңыздар. Көшбасшылар, әдетте, ол істі қол астындағыларына тапсырады.

Өзіңіздің жинақтылығыңызды қалай бағалайсыз? Кішігірім шаруаларда өзіңізді шебер етіп көрсеткен кездер болды ма? Әлсіз жақтарыңызды құртамын деп, мықты жақтарыңызды дамытуға уақыт жетпеген кездеріңіз болды ма? Төмен әлеуетті адамдар сіздің уақытыңызды қаншалықты алады? Егер солай болса, онда жинақтылықты жоғалтып алғандығыңыз.

Бірдеңеге деген алаңғасарлық пен жинақты болмау, әр кез сізге қарсы шығады!!!

 

Тоғызыншы қасиет. Жомарттық: егер шамыңыздың жарығы қоршаған ортаға да түссе, онда одан ешкім кетпейді

Беру – өмір сүрудің жоғарғы дәрежесі

 

Келвин Кулидж, америкалық президент

 

Қоршаған ортаны көшбасшының кең пейілділігі пен жомарттығына қарағанда, одан артық ешнәрсе бұндай мықты сенім ұялатпайды. Ол жүректен шығатын кең пейілділік. Артынан адамдарды ілестіре алатын тиімді  көшбасшылар қоршаған ортаның қамын ойлайтындар. Бойыңызда жомартттық қасиетін өсіріп, оны өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналдырыңыз. Ол үшін:

Барыңыз үшін риза болу. Барын қанағат тұтпаған адамға, жомарт болу қиынға түседі. Рокфеллер айтқандай: «Мен миллион тапсам да, ол маған бақыт әкелмеді». Азды қанағат тұтпасаңыз, көпті де қанағат тұтпайтын боласыз.

Бірінші орынға өзіңіздің адамдарыңызды қою. Жомарттық бірінші орынға өзіңізді емес, басқа адамды қоя білуді талап етеді. Солай істей білсеңіз, дәулетіңізді беру оңайға түседі.

Ие болуға деген ынта сізді басқарып алмасын. Эрл Уилсеннің пікірі бойынша, адамдарды үш топқа бөлуге болады: барлар, жоқтар, болғаны үшін төлей алмай жатқандар. Егер жүрекке билік еткіңіз келсе, онда жинақылықты  өзіңізге билік жүргізуші етпеңіз.

Ақшаны қор ретінде түсіндіру. Бір кездері бір кісі мәселе ақша жайында болғанда, адам оны жеңе алмайды. Оны жеңудің жалғыз жолы, оған сабырлылықпен қарап, жақсы істер үшін жомарттық таныту арқылы жұмсау. Э.Стенли Джонс айтқандай: “Ақша- керемет жалшы, бірақ жаман қожайын.” Егер ол сіздің үстіңізден қараса, оның сиқырлы билігінің астында қаласыз да, өмір бойы оның құлы болып өтесіз.

Беру әдетін қалыптастыру. Жомарттыққа деген психологиялық ұстануды өзіңіздің бойыңызда ұстап отыру үшін беру әдетін қалыптастыру – уақытты, назарыңызды, ақшаны және қорларыңызды беру.

Сіз шынымен жомарт көшбасшысыз ба? Басқа адамдардың өміріне қосымша құндылықтарды енгізуге ат салысасыздар ма? Өзіңізден басқа кімге ақша жұмсайсыз? Уақытыңызды ше? Өмірлік сусыныңызды басқа адамдардың өміріне құясыз ба? Сізге ақысын қайтара алмайтын адамдарға қаншалықты көмектесесіз? Жауаптарыңыз теріс болса, онда бола алатындай асқан жомарт иесі емессіздер.

Берілмеген нәрсе — жоғалған нәрсе. Сіз дәл қазір не жоғалтасыз?

 

 

Оныншы қасиет. Жігерлілік: Онсыз бір қадам баса алмас едіңіз

Көшбасшы үшін ең қорқынышты нәрсе – масаттанушылық.

Джон Максвелл

 

Көшбасшылардың ықыласы және тілегі арқылы маңызды оқиғалардың болуы үшін қандай қасиетке ие болу керек? Мынаны қарастырайық:

Көшбасшылар не қалайтынын біледі. Тиімді көшбасшы болам десеңіз, нені қалайтыныңызды нақты білу керек. Бұл мүмкіндік туа қалған жағдайда, оны жіберіп алмаудың жалғыз амалы.

Көшбасшылар іске өзін құлшындырады. Мынандай сөз бар: «Қаласаң – істейсің!».

Көшбасшылар үлкен тәуекелге дайын. Тіпті көшбасшылар не қалайтындығын біліп, қимылға көшсе де, әлі де олардың алдында қиын кедергілер тұр. Олардың тәуекелге деген дайын еместігі байқалады. Жақсы көшбасшылар тәуекелге әркез дайын.

Көшбасшылар көбірек қате жібереді. Жігерлі тұлғалар үшін жақсы жаңалық – олардың жігерімен көп пайдалы істердің жүруі. Жаман жаңалық – олардың көп қате жіберуінде. Уайымдамаңыз, әлеуетіңіз жоғарлаған сайын, қате жасау мүмкіндігіңіз артады. Сенатор Роберт Кеннеди айқандай: «Үлкен сәтсіздікті жеңіп шыққан мықты адамдар ғана үлкен жетістікке жетеді». Егер көшбасшы болам десеңіз, жігерлілік қасиетін дамытып, берік қимылдар жасай біліңіздер.

Шынымен жігерлі адамдар санатына жатасыз ба? Бар мүмкіндікті қарастырасыз ба? 2лде кезекті мүмкіндігіңізді күтесіз бе? Терең түйсігіңізге сүйеніп, батыл қадам жасайсыз ба? Тегіс ағымдағы өміріңізде соңғы рет қашан шолу болды? Егер сіз жайлылықтың үйреншікті қалпынан шықпаған болсаңыз және бұндай әрекеттер көптен істемеген болсаңыз, онда ұйықтап жатқан жігерлілікті қайта оятсаңыз болады.

Ертең өзіңіздің әлеуетіңізді толық жүзеге асыру үшін, бүгін батыл қадам жасау керек!!!

 

Он бірінші қасиет. Тыңдай білу: адамдардың жүрегіне жол табу үшін, құлақтарыңызды қолданыңыздар

Көшбасшының құлағы адамдар дауысымен сыңғырлау керек.

Вудро Вильсон, америкалық президент

Америкалық менеджменттің атасы Питер Друкердің пайымдауы бойынша, менеджмент пен басқарудағы жалпы кедергілердің 60 % – қарым-қатынастағы ақаулар нәтижесі болып табылады екен. Қарым-қатынас кезіндегі туындайтын қиындықтар тыңдай алмаудан туады.

Жан – жақтағы көп дауыстар, сіздің назарыңызды өзіне аударғысы келеді. Ал сіз оларды тыңдау барысында екі мақсат көздеңіз: олармен байланыс орнату және уйрену. Алдарыңызда мына адамдар тұрғанда тек көздеріңізді ғана емес, құлақтарыңызды да ашып ұстаңыздар:

Сіздің қолдаушыларыңыз.  Жақсы көшбасшылар өзінің қолдаушыларымен өзара қарым-қатынасты шаруа арқылы ғана қолдамайды. Әр қызметкерге жанашыр болу үшін уақытын аямайды.

 

Сіздің клиенттеріңіз. Microsoft компаниясының бас директоры Билл Гейтс айтқандай: «Наразы клиенттер – ол әр кез проблема. Бірақ дәл солар үлкен мүмкіндік берушілер». Жақсы көшбасшылар қызмет көрсететін клиенттерімен тығыз қарым-қатынас орнатады.

Сіздің бәсекелестеріңіз. Болашақ көшбасшы ретінде біреудің істегенін қайталамайсыз, әрине, бірақ өздеріңізді әрқашан шыңдап отыру үшін тыңдай білу керек.

Сіздің жетекшілеріңіз. Ешқандай көшбасшы жетекшісіз болған емес. Егер жетекшілеріңіз жоқ болса, оны іздеуге кірісіңіз. Жеке болмаса да, кітап арқылы да іздеуге болады.

Сіз жақсы тыңдаушылар қатарына жатасыз ба? Соңғы рет қашан сізге бірдеңе айтқалы келген адамды беріліп тыңдадыңыз? Тек тыңдау кезінде деректерді жұлып алмай, сезімге де көңіл бөліңіз!!!

Әңгіме барысында неден айырылғаныңызды білу үшін, тыңдауды басынан бастау керек!!!

 

Он екінші қасиет. Құштарлық: осы өмірді қабылдап және оны сүйіңіздер

Көшбасшы тыңдармандарына құштарлықпен сөйлесе, онда олар тарапынан көшбасшыға да жауапты құштарлық қайтады.

 

Джон Максвелл

Сарапшылар көп уақытып ысырап етіп, адамдардың өмірде табысты болуына не әсер етеді деп зерттеген болатын. Әрине, ол құштарлық. Давид Сарноффтың айтуы бойынша: «Өзінің жұмысын жақсы көрмейтін адам, жетістікке жете алмайды». Көшбасшыға құштарлық не бере алатынын қарастырайық:

Құштарлық – жетістікке жетудің бірінші қадамы. Сіздің тілегіңіздің күші – сіздің тағдырыңызды анықтайды.

 

Құштарлық – ерік-жігерді өсіртеді. Құштарлықтың орынбасары жоқ. Ынта мен жігердің отынын қалыптастырады. Ең бастысы құштарлықты тудыру үшін үлкен ынтаны ояту керек.

 

Құштарық сізді өзгертеді. Егер басқа жолдар емес, құштарлық ұсынатын жолмен жүрсеңіз, іске адалырақ болып, еселі адамға айналасыз.

 

Құштарлық жоқтан бар жасайды. Білетіні көп емес, бірақ ерекше құштарлығы бар көшбасшы, көп білетін, бірақ құштарлығы жоқ көшбасшыны әрқашан басып озады.

 

Құштарлық сіздің өміріңізге тән қасиет пе? Келер күнге деген ерекше ынтамен оянасыз ба? Бір ойды іске асыру мақсатында ұйықтамаған кездеріңіз соңғы рет қашан болды? Егер құштарлық сіздің өміріңізге тән емес қасиет болса, сізді алда қиындықтар күтіп тұр.

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

 

Он үшінші қасиет. Позитивті ұстаным: егер істей аламын деп сенсеңіз, істей аласыз

Табысты адам – өзіне лақтырған кірпіштерден мықты іргетас қалай алатын адам

 

Дэвид Бринкли, тележурналист

Егер тиімді көшбасшы болам десеңіздер, сізге позитивті ұстаным қажет. Позитивті орныққан адам болу үшін не істеу керектігін қарастырайық:

Сіздің ұстанымыңыз – сіздің таңдауыңыз. Орта адам, басқа адамнан ерлік жасауға жігерлендіруді күтеді. Өткен өміріңізде не болғанына қарамастан, сіздің өмірлік ұстанымыңыз – сіздің бүгінгі таңдауыңыз. Психолог Виктор Франклин мынаған сенеді: «Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды  таңдай білу, адамдық ерікке негізделеді».

Сіздің өмірлік ұстанымдарыңызды сіздің іс-әрекетіңіз анықтайды. Жанұялық өмір жөніндегі эксперт, кеңес беруші Деннис Уайтли: «Жеңімпаздың басымдығы туа біткен қабілетінде, интелектуалды коэффициентінде, дарында емес. Ол жағдайда емес, ұстанымда жатыр. Ұстаным – жетістіктің белгісі». Қалай қимылдау керектігін ұстаным анықтайды, сондықтан ол бірінші орынға ие.

Сіздің адамдарыңыз – сіздің ұстанымдарыңыздың айнасы. Томас Эдисон өмір бойы позитивті ұстанымын және ынтасын өзінің бойына ғана сіңіріп емес, басқа адамдардың да бойына дарыта білген. Бір кездері ол: «Егер біз баларымызға қалдыра алатын жалғыз мұра, ынтагерлік болса, онда одан артық бағалы нәрсе болмас еді», – деген.

Жақсы ұстанымды қалпына келтіргеннен гөрі, қолдап отырған дұрыс. Егер позитивті ұстаным иесі болсаңыз, оны сақтап отыруға тырысыңыз. Басқа жағынан, қиын кездерді басынан кешірсеңіздер, өзіңізден, басқаларда көңіліңіз қалып, күйзеліске түспеңіз. Себебі ұстанымды тек сіз таңдайсыз, тек сіз барлығына өзгеріс енгізе аласыз.

Ағылшындық хирург-кардиолог Мартин Ллойд-Джонс айтқан болатын: «Бақытсыздықтың бәрі өз-өздеріңмен сөйлесудің орнына, тыңдағандықтарыңда». Ал сіздер қандай ішкі дауыстарды естисіздер? Әр түрлі адамдармен жұмыс істегенде олар мені ыңғайсыз жағдайға қалдырады деп ойлайсыздар ма? Жаңа істі бастар кезде бұл жұмысым сәтсіз болар ма екен деген ойлар мазалай ма? Егер ішкі дүниеңіз  әр кез жаман ойлармен мазалай берсе, онда ойша жігерлендіретін сөздер айтып, ынтаңызды оятумен шұғылданыңыз.

 

Он төртінші қасиет. Мәселені шешу: сіздің проблемаңыз, проблема болып қала бермеуі  керек.

Көшбасшының калибрін ол қолға алатын проблемалары арқылы өлшеуге болады. Көшбасшы әрқашан өзіне сай проблемаларды алады.

 

Джон Максвелл

Көшбасшы қай салада жұмыс істемесін, проблемадан кұтыла алмайды. Оның үш себебі бар. Бірінші, өспелі күрделілік мен алуан түрлілік. Екінші, біз әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста боламыз. Үшінші, бізге қатысты  барлық жағдайлармен күресе алмаймыз. Мәселені жақсы шешетін көшбасшылар мына 5 қасиетке ие болу керек:

Пролеманы көре білу. Проблемадан құтыла алмайтындығын білетін жақсы көшбасшы, оны күтіп және көре біледі. Алдағы жолымыз тегіс болады деушілер, ылғи да сәтсіздікпен қауышып отырады. Егер сіздің позитивті ұстанымыңыз жақсы болып және қиын жағдайға әр кез дайын бола алсаңыз, жолыңыздағы барлық тұрған барлық мәселені толықтай шеше аласыз.

Шындықты қабылдай алу. Адамдар проблеманы әр түрлі қабылдайды: біреуі одан бас тартады; біреуі оны қабылдап, шешімін іздеуге кіріседі; үшіншісі оны қабылдап қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте бастайды. Тиімді көшбасшы проблеманы қарсы алуға әрқашан дайын.

Толық суретін көре алады. Көшбасшылар проблеманың толық суретін көре біледі. Эмоция оларды орап, састыра алмайды.

Олар ретімен істейді. Ричард Слома мына кеңесті береді: «Ешқашан проблемалардын барлығына кіріспеңіздер, оларды тізіп, ретімен шешіңіздер». Егер алдарыңызда проблемалар көптеп тұрса, онда алдыңғысын шешкендігіңізге куә болыңыз.

Құлау шегінде тұрса да, басты мақсаттан шегінбейді. Көшбасшылар басты шешімді қиын жағдайда емес, шарықтау кезінде қабылдайды.

Әр проблема өзіңізді жақсырақ танып-білу жолы. Ол сіз қалай ойлайтыныңызды, қандай материалдан жасалғаныңызды ашып береді. Сіз проблемамен бетпе-бет қалғанда не істейсіз? Оны ескермей, ол өздігінен жоғалып кететіндей бол ма? Сіз қолға алып, кейіннен тайсалған кездер болды ма? Әлде барлық проблемаларды толық сенімділікпен шешесіз бе? Проблемаларды тиімді шешу, оған қарсы шығып, күресе алғаннан жиналған тәжірибе. Әр кез оны шешу арқылы белгілі бір істе өркендей аласыз. Бірақ сіз ешқашан проблемаларды шешпеген болсаңыз, сәтсіздіктен шыға алмасаңыз, онда тиімді көшбасшы бола алмайсыз.

 

Сіздің армандарыңыздың орындалуына  басқалары ешбір кедергі жасауына мүмкіндік бермеңіздер!!!

 

Он бесінші қасиет. Өзара қатынас: егер сіз адамдармен тату болсаңыз, олар да сізбен тату болады

 

Жетістіктің жеке алынған, ең маңызды қосылыстарының бірі – адамдармен байланыс орната білу.

 

Теодор Рузвельт

Адамдармен жұмыс істеп, олармен өзара қарым-қатынаста бола білу, тиімді көшбасшының қасиеті болып табылады. Көшбасшы атанған тұлғаға адамдармен өзара қатынасты қатайтып, оны әдетке айналдыру үшін не істеу керек?

Көшбасшының басына ие болу керек – адамдарды түсіне білу. Көшбасшының өзара қатынас кезіндегі бірінші қасиеті – қоршаған ортадағы адамдардың не ойлап, не сезетінін түсіне білу. Маркетинг жөніндегі сарапшы Род Ничолс айтады: «Егер сіз әрбір клиентпен бір-ақ түрлі жолмен жұмыс істесеңіз, онда контактілеріңіздің барлық санының 25-30 % ғана шартқа келісім береді, себебі бір типті адамдары ғана қамтисыз, ал төрт типті адамдармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренсеңіз, нәтижесі 100% болады». Артыңыздан ерген жеке адамға бейімделе біліңіз, бұл нағыз көшбасшылық қасиет.

Көшбасшының жүрегіне ие болу – адамдарды жақсы көру. Компьютерлік қызметті ұсынумен айналысатын Difinitive Computer Services фирмасының президенті және бас директоры Генри Груленд атады: «Көшбасшы болу – жетекшілік етуге қарағанда маңыздырақ. Көшбасшылар басқаларға жанашырлықпен қарап, олардың жаман жағын емес, жақсы жағын дәл таба алады. Бұның бәрі басқалардың қамын ойлай алатындығы үшін»

Көшбасшының қолын ұсына білу – көмектесе алу. Артынан ерушілер көшбасшының олардың қызығушылығын ескеретіндерін сыйлайды. Егер сіздер не аламын емес, не бере аламын деген қағидамен жүрсеңіз, адамдар сіздерді сыйлай бастайды, оның арты мықты өзара қатынас орнатады.

Сіздер байланысқа бейімделгіштік пен адамдармен өзара қатынастарыңызды қалай бағалайсыздар? Таныс емес компанияда өздеріңізді қалай сезінесіздер? Әр түрлі психологоялық типтегі адамдармен қандай қарым-қатынастасыз? Кез-келген адаммен тіл табыса аласыз ба? Жақсы қарым-қатынасты ұзақ уақыт сақтай аласыз ба? Егер сіз адамдармен тез, әрі берік қатынас орната алмасаңыз, бұл үшін өте қиналатын боласыз.

Адам өміріндегі ең маңызды рөл ойнайтын өзара қатынасты бағалай біл!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Он тоғызыншы қасиет. Басқаларға қызмет істеуге дайын болыңыз: Алға жылжу үшін, алдымен басқаларды өткізіңіз

 

 

 

 

 

Өзіңіздің адамдарыңызды, өзіңіздің қазіргі қызметіңізден де қатты жақсы көру керексіз.

 

Джон Максвелл

 

 

 

 

 

Басқаларға қызмет істеу деген кезде, қол астыңыздағы төменгі квалификациялы, анау төменгі баспалдақтағы адамдарға көмектесу керек деген ой келетін шығар. Олай ойласаңыз, сіз қателесесіз! Қызметіңізге, қоғамдағы орныңызға байланысты емес, психологиялық ұстанымыңызға байланысты. Көшбасшылардың ең жақсылары өзіне емес, басқаларғақызмет істейді. Осы қасиетті қалай қалыптастыруға болады дейсіздер ме? Қызмет істеуге әркез дайын көшбасшы:

 

 

 

Өзінің басымдықтарының тізімінде, басқаларды бірінші қою. Қызмет істеуге дайын болудың бірінші және маңызды белгісі – басқаларды өзінен және өзінің тілек-қалауынан жоғары қоя білу.  Олардың тілектерін шынымен маңызды деп санап, әркез көмектесуге дайын болу.

 

 

 

Басқаларға қызмет көрсету үшін өзіңе деген сенімділіктің болуы. Басқаларға қызмет ету үшін, өз-өзіңізге сенімді болу керексіз. Философ және ақын Эрик Хоффер оны мына түрде жеткізген: «Өзімізді қалай жақсы көрсек, өзгені де дәл солай жақсы көре білу, нағыз керемет; өзімізге қалай қарасақ, өзгеге де дәл солай қараймыз; өзімізді жек көрсек, өзгені де жек көреміз; өзімізге шыдамдылық танытсақ, өзгеге де шыдамды боламыз; өзімізді кешірсек, өзгені де кешіреміз. Біздің әлемді шайқалдыратын қырсықтықтың тамыры асқан махаббат емес, өзіңе деген жек көрушілік».

 

 

 

Жеке бастамаңыз арқылы басқаларға қызмет ету. Егер бізді мәжбүрлесе, онда барлығымыз  басқаларға қызмет етеміз. Кейбірі күйзеліс жағдайында қызмет етеді. Ал өз еркімен, жүрегінің қалауымен көмек беруге дайын тұратын адам, нағыз жаны таза адам. Көшбасшылар осындай болу керек.

 

 

 

Отырған қызметіне сүйенбейді. Көшбасшылық қызметте болғаныңыздың өзі, асқан жауапкершілікті талап етеді.

 

 

 

Махаббатпен қызмет ету. Көмек көрсетуге дайын болу, сыртқы жағдайлар мен өзіне деген сеніммен жігерленбейді, ол махаббатпен жігерленеді.

 

 

 

Басқаларға қызмет ету деген кезде, жүрегіңіз қалай соғады? Сіз қандай болмасын жеңілдіктер мен пайда үшін, көшбасшы болуға ұмтыласыз ба? Әлде басқаларға көмектесу деген ынтаңыз басым ба? Егер артыңыздан көптеген адамдар ілесетін тиімді көшбасшы болғыңыз келсе, онда өзгеге қызмет көрсетуге дайын болуыңыз керек. Шын жүректен көмектесуге!!!

 

 

 

 

 

 

 

Жиырмасыншы қасиет. Үйренуге қабілеттілік: Көшбасшы болып қалу үшін, оқушы болып қала беру керек

 

 

 

Білгеннен кейін нені үйренетініңіз, шынымен маңызды.

 

Джон Вуден, баскетбол бапкері

 

 

 

 

 

Әрқашан көшбасшылар алдында жеткен мәртебесіне қанағаттанушылық қаупі бар. Егер көшбасшының беделі мен қызметі жоғары болса, оған өзіндік өсумен жұмыс істеудің қаншалықты қажеті бар? Жауап қарапайым:

 

 

Сіздің өзіндік өсуіңіздің дәрежесі, сіздің кім екеніңізді анықтайды.

Сіздің кім екеніңізді анықтау, сіз өзіңізге кімді тартатыныңызды анықтайды

Сіздің кімді тартатыныңызды анықтау, сіздің ұйымыңыздың жетістігін анықтайды.

  • Егер сіздің ұйымыңыз өссін десеңіз, онда сіз оқуға деген қабілеттілігіңізді сақтау керексіз.

 

 

 

 

 

Ол үшін мына бес ұстаным қажет:

 

 

 

Масаттанушылық деген ойдан арылу керек. Бір қызығы оқуға құлшыныстың болмауының тамыры, масаттанушылық екен. Кейбіреулері нақты және оңай емес нәтижеге қол жеткізгеннен соң өсудің қажеті жоқ деп есептейді. Бірақ тиімді көшбасшы бұған жол бермейді. Өсуін тоқтатқан күні, олар – өзінің және ұйымның әлеуетін жерге көмеді. Рей Кроктың сөздерін ұмытпаңыздар: «Сіздер пісіп-жетілген уақытқа дейін шикі боласыздар, ал пісіп-жетілген соң, шіри бастайсыздар».

 

 

 

Жетістігіңізді жеңе біліңіз. Оқуға кедергі болатын нәрсе, сіздің жетістігіңіз болуы мүмкін. Ұмытпаңыздар: егер сіздің кешегі істегеніңіз сіз үшін, әлі де керемет көрінсе, онда бүгін оған тұрарлық нәрсе істей алмайсыз.

 

 

 

Түзу жүрмеуге және бұрыштарды кеспеуге уәде беріңіз. Нэнси Дорнан атпақшы: «Екі нүкте арасындағы ең ұзақ жол – түзу жүру». Бұл шынымен солай.

 

 

 

Өз абыройыңызбен түсіңіз. Жазушы және озат қолөнерші Элмерт Хаббард айтады: «Өмірдегі істеуге болатын ең үлкен қателік, оны жасауға деген қорқыныш болып табылады». Егер өсуді көздесеңіз, тәкаппарлықтан арылыңыз.

 

 

 

Бірдей  қателікті  екі рет қайталамаңыз. Теодор Рузвельт айтқан: «Қателік жасамайтын адам, алға жылжымайды». Дұрыс, бірақ ылғи да бір қатені он қайталайтын көшбасшы, ешқашан алдыға ұмтыла алмайды. Жіберген қатеден сабақ алмасаңыз, бір қатені мың рет қайталайсыз.

 

 

 

Сіздің бұл еңбегіңіз жемісті ме? Сіздің көшбасшылық қасиетіңіз күннен күнге, айдан айға, жылдан жылға жақсаруда ма? Әлде сіз қазіргі дәрежені қанағат тұтасыз ба? Егер сіз өміріңізде күтілген орныңызда болмасаңыз, онда сіздің проблемаңыз оқуға деген дайын еместігіңіз. Сіз соңғы рет қашан бір нәрсені бірінші рет істедіңіз? Қолыңыздан келмейтін істерді қашан соңғы рет қолыңызға алдыңыз?

 

 

 

 

 

 

 

Жиырма бірінші қасиет. Болашақты көре білу: нені көре алсаңыз, соған ғана жетесіз

 

 

 

Өзінің көре білгенін өмірде жүзеге асыруға көмектесетін көшбасшыға тән ерлік қызметтен емес, құштарлықтан бастау алады

 

Джон Максвелл

 

 

 

 

 

Болашақты көре білу – көшбасшы үшін барлығы болып табылады. Ол міндетті түрде болу керек қасиет. Неге? Өйткені бұл көшбасшыны артынан ілестіреді, оның мақсатына жарқын түс береді. Көшбасшының ішінде алаулап жанған отқа май құяды. Артынан ергендерге шамшырак іспеттес болады. Болашақты жақсы тұрғыда көре білу үшін мыналарды түсіну керек:

 

 

 

Болашақты көре білу іште қалыптасады. Болашақты көре алмасаңыз, ішіңізге үңіліңіз. Одан нағыз дарыныңызды және ынтаңызды шығарып алыңыз. Осыдан кейін қабылетіңізге сүйеніңіз. Тіпті болмаса, жағдайларыңыз бірдей, бірақ болашақты көре білетін көшбасшыдан үйреніңіз.

 

 

 

Болашақты көре білу – сіздің өткеніңізден созылады. Болашақты көре білу – көшбасшының және қоршаған жақындарының өткен өмірінен алынады.

 

 

 

Болашақты көре білу – басқалардың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл қасиет шынымен бағалы болса, онда басқаларды тартып қана қоймай, олардың өміріне қосымша құндылықтар енгізе аласыздар. Ал бұл көмектеспесе, онда сіздің көре алу қабілетіңіз аз.

 

 

 

Болашақты көре білу – барлық қорларыңызды шоғырландыруға көмектеседі. Болашақты көре білу қасиеті магнит тәрізді адамдарды тартып біріктіреді. Сонымен қатар қаржыны және тағы басқаларын бір етіп біріктіреді. Болашақты көре білу – қаншалықты ынта туғызса, соншалықты адамдар оны іске асыруға тырысады.

 

 

 

Болашақты көре білу қайдан алынады? Табысты болашақты көре білу үшін – бұл тиімді көшбасшыға ең керек нәрсе,- сіз бірнеше дауыстарды ести білу керексіз:

 

 

 

Ішкі дауыс. Болашақты көре білу іште қалыптасады.

 

 

 

Наразы дауыс. Ұлы мақсаттарды орындауда шабытты қайдан аламыз? Біреудің бір ісінің іске аспайтындығын анықтаған жерден.

 

 

 

Табысты дауыс. Егер адамдарды ұлы жетістікке еріткіңіз келсе, міндетті түрде тәлімгеріңіз болу керек.

 

 

 

Жоғарғы дауыс. Біздің шынайы болашақты көре алуымыз Құдайдан бастау алады. Біздің нағыз қабілетіміз оған ғана аян.

 

 

 

Сіз асқақ армандарыңыз бен болашақты көру үшін жүрегіңіздің түбіне үңілгенде не көресіз???

 

 

 

«Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітап ұнаған болар деген үміттемін. Көшбасшылық қасиеттеріңізді күн сайын дамытып отырыңыздар. Өйткені тиімді көшбасшы болып, артыңыздан адамдар еріп жүрсін десеңіздер – онда міндетті түрде өсуді тоқтатпай, ылғи ізденіс үстінде болыңыздар. Біліміңізді шыңдаңыздар!!!

 

 

 

Осымен ЛИДЕРЛІК, КӨШБАСШЫЛЫҚқа арналған 7 сериялы блогымыз аяқталды. Егер ұнаса, мақала астына коммент жазуды ұмытпаңыз. Сіздің әрбір жазбаңыз біз үшін бұдан да жақсы пайдалы мақалалар жазу үшін шабыт береді.

 

 

 

«Жаңа-Ой Орталығы»мен ОЙЫҢДЫ ТОЛҒА!!!

 

 

 

 

«Мектептегі көшбасшылық және басқару — 2012» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұсыныстары

 

 

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған «Мектептегі  көшбасшылық және басқару- 2012» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға 300-ден астам адам қатысты.

 

Конференцияның пленарлы мәжілістеріне және әр түрлі бағыттағы отырыстарына білім  саласындағы басты мүдделі тараптар:  республикалық және жергілікті деңгейдегі өкілетті тұлғалар, мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, білімді басқару және көшбасшылық саласының отандық және халықаралық сарапшылары қатысты.

 

Конференцияның мақсаты:

 

— мектепте көшбасшылықтың үздік тәжірибесін енгізуде халықаралық сарапшылар, ғалымдар, мектеп директорлары, мектеп әкімшілігі және мұғалімдер арасындағы диалогқа ықпал ету;

 

— Зияткерлік мектептерде көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру;

 

— Зияткерлік мектептердің жұмысын жақсартуда көшбасшылық бойынша қосымша стратегияларды әзірлеу;

 

— білім беру процесіне қатысы бар тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және жоспарлауды жақсартуға ықпал ету;

 

— қоғамға Зияткерлік мектептердің қызметін насихаттау жұмысын ұйымдастыру болып табылады.

 

Конференция қатысушылары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру  ұйымына елімізде мүдделі тараптар және халықаралық серіктестердің қолдауымен білім саласында басқару, көшбасшылықты дамытуда, жалпы білім беретін мектептерде мынадай қадамдар жасауды ұсынады:

 

  1. Республикалық және аймақтық деңгейде үздік тәжірибелер, идеялар мен алмасу үшін, кәсіби диалог қалыптастырудың тәуелсіз қоғамдастығы ретінде мектеп директорларының ерікті ассоциациясын құруын қолдау;

 

  1. Мектептегі көшбасшылықтың тиімді тәжірибелерін тарату және білім беру мәселелерін талқылау, зерттеу үшін мектеп көшбасшылығы туралы үш тілде электронды бюллетень шығару (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде);

 

  1. Қазақ, орыс, ағылшын, физика, тарих, химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған көшбасшылықты дамытудың мүмкіндігі ретінде пән мұғалімдерінің ерікті ассоциациясын құру;

 

  1. Мектептегі көшбасшылық туралы форумдар мен халықаралық ұйымдар мен білім беру саласындағы бүгінгі және болашақ көшбасшылар арасында байланыс орнатуға ықпал ету;

 

  1. «Іс-әрекет барысын зерттеу» және «Сабақты зерттеу» жобаларын Зияткерлік және жалпы орта білім беретін мектептердегі оқытуды жетілдіретін әдіс-тәсіл ретінде қолдану;

 

  1. Педагогикалық ЖОО-ның бағдарламасына көшбасшылық пен басқару бойынша курстарды енгізу мүмкіндігін қарастыру;

 

  1. Біліктілікті арттыру ұлттық бағдарламаларына көшбасшылық пен басқару бойынша курстарды енгізу мүмкіндігін қарастыру;

 

  1. Білім беру сапасын арттыру, сонымен қатар ой-пікір алмасу және зерттеу нәтижелерімен бөлісі мақсатында көшбасшылық пен басқару бойынша жыл сайын конференция ұйымдастыру.

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігіне, Назарбаев Университеті, мемлекеттік педагогикалық университеттері, Кембридж, ДжонсХопкинс, Пенсильвания университтеріне және т.б. конференцияның ұсыныстарын жолдайды.

 

 

Жоғарғы дәрежелі адамдардың 7 дағдысы (соңғы бөлім)

29.06.2012 | 0 пікір

«Жеті дағды» — XXI ғасырда пайдалы адамға айналғысы келетіндерге арналған кітап.

Жалғасы. Алдыңғы бөлімдерді мына жерлерден оқыңыздар.

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім

Бесінші бөлім

Көңілді ойлаңыздар

«Жеңдім/жеңдім»

Тұлағалар арасындағы көшбасшылық қағидалары

Түбірін өзгертпесеңіз, нәтижені де өзгерте алмайсыз. Мақсат пен тәрбие жөнінде жұмыс істеу – жапырақтарды жұлумен ғана бірдей. Кейде жеке және ұйымдық кемелденуге жету үшін осы нәрсемен айналысамыз, ал ақпарат жүйесі мен марапаттауды жетілдірсек, әріптестік тартымдырақ болушы еді.

Сіздің қызметіңіз қандай болмасын – президент немесе сыпырушы, — тәуелсіздіктен өзара тығыз тәуелдіктен көшбасшы рөліне аяқ басасыздар. Сіз өзге адамдарға ықпал ететін адам позициясында боласыздар.

«Жеңдім/жеңдім» мақсатының бес өлшемі

«Жеңдім/жеңдім» рухындағы ойлау – тұлғалық көшбасшылық дағдысы. Ол біздің қарым-қатынасымызда өзге адамдармен барлық ерекше адамдық қасиеттерді қолдануды жобалайды – өзіндік сана, қиялдау, ар-ұят, тәуелсіз жігер. Ол өзара тығыз білім алуды, өзара тығыз ықпал етуді, өзара тығыз олжаны қосады.

Өзара тығыз олжаны алу үшін өз мақсатыңа жетуде ержүректілік пен өзге қызығушылыққа сақтық керек.

Сол үшін де бұл дағды өзіне тұлға арасындағы көшбасшылықты қосады. Тиімді тұлға аралық көшбасшылық үшін көре алу, белсенді ынтагерлік, сонымен бірге персоналды көшбасшылықтан шығып, қағидалар негізіндегі қорғалу сезімі, өз-өзіне сенімділік, бағдарлау, даналық және күш керек.

«Жеңдім/жеңдім» қағидасы біздің барлық өзара тығыз қарым-қатынасымызда табысқа негіз болады және өмірдің бес өзара тығыз қатынастағы өлшемін қосады. Ол мінез-құлықтан басталады, қарым-қатынас бағытына қарай аттанады, одан мәміле шығады. Ол «Жеңдім/Жеңдім» мақсатына негізделген құрылым мен жүйеде орын алады.

Өмірдің бес өлшемін жеке-жеке қарастырып көрейік.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Мінез-құлық «Жеңдім/жеңдім» қағидасының іргетасы болып табылады. Қалған барлығы осының негізінде тұрғызылады. «Жеңдім/жеңдім» парадигмаса мінез-құлықтың үш қасиеті керек.

Бүтіндік. Егер біз өзімізге құндылықтарымызды анық елестете алып, бұл құндылықтар негізінде өз әрекеттерімізді белсенді түрде ұйымдастыра алсақ, онда өзіндік сананы және тәуелсіз жігерді жетілдіре аламыз, соған қоса өз уәдемізді беріп, міндеттерімізді орындай аламыз.

Жетілу. Жетілу – ержүректілік пен сақтық теңгерімі. Егер адам өз сезім және нанымын ерше көрсете алса, бір уақытта әңгімелесушісінің сезіміне және нанымына сақтықпен қарай алса, ол адам – жетілген.

Жеткіліктілік ділі. Жеткіліктілік ділі өзіндік адамгершілікті және өзіне-өзі сенімділікті сезінуден шығады. Әлемде барлығына барлық нәрсе жетеді деген парадигма. Оның нәтижесі абырой, мойындау, пайда, шешім қабылдаудағы құқықпен бөлісу қабілеті. Шығармашылық үшін жаңа нұсқалар, альтернатива, мүмкіндіктер ашылады.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Өзіміздің мінез-құлқымыз негізінде біз «Жеңдім/жеңдім» қағидасын тұрғызып, дамытамыз. Сенім, эмоциялық бан шоты, — «Жеңдім/жеңдім» ойлауының мәні.

Сенімсі ең жақсы істейтін ісіміз – ымыраға келеу; сенімсіз бір-біріміздің өзара тығыз қарым-қатынасымыз, араласу және шынайы шығармашылық үшін ашыла алмаймыз.

МӘМІЛЕ

Қарым-қатынастан мәміле шығып, «Жеңдім/жеңдім» әдісін анықтап, бағыт береді. Кейде оларды атқарудағы мәміле немесе әріптестік жөніндег мәміле деп атайды.

ЖҮЙЕ

«Жеңдім/жеңдім» қағидасын жүйелер қолдаған кезде ғана сақтала алады. Сіздер ынталандырған нәрсені аласыздар. Егер сіздер өз мақсатыңызға жетуге талпынсаңыздар, егер сіздер борышыңызда өз құндылықтарыңызды көрсеткіңіз келсе, осы мақсатттар мен құндылықтарға марапаттау жүйесін қосу керек. Егер сіздер бұны жүйелі түрде істемесеңіздер, онда сіздердің істеріңіз сөздеріңізбен тарқап кетеді.

ҮДЕРІС

Принциптік келіссөздердің мәнісі адамдарды проблемадан алшақтап, позицияға емес, қызығушылыққа назар аудару. Өзара пайдалы нұсқаларды жасап шығарып, объктивті белгілерді орнату – екі жақ қабылдаған қағидалар.

Біріншіден, проблеманы басқа адамның көзімен елестетіңіз. Шынымен өзге жақтың ойын түсінуге тырысыңыз, оның қажеттіліктерін солардан жақсы көрсетіп көріңіз. Екіншіден, проблемаға қатысты міндеттерді, бастцы сұрақтарды табыңыз. Үшіншіден, толығымен тиімді шешімдер үшін қандай нәтиже керектігін анықтаңыз. Төртіншіден, осы нәтижеге жетудің барлық өзге мүмкіндіктерін қарастырыңыз.

«Жеңдім/жеңдім» — бұл техника емес. Бұл адамдар арасындағы өзара тығыз қарым-қатынастың барлығын қамтитын парадигма. Ол бүтіндік, жетілген мінез-құлықтың және Жеткіліктілік ділінің өнімі. Ол жоғарғы сенімге негізделген қарым-қатынастан өседі және мәміле кезінде орын алады. Бұл парадигма оны қолдайтын жүйелерге сүйенеді.