Фотосинтез

Фотосинтез – өсімдік ағзасындағы маңызды үдеріс. Өсімдіктерден басқа барлық эукариотты ағзалар қоректік заттардан (нәруыздар, майлар мен көмірсулар) энергия алады. Ал барлық жасыл өсімдіктер энергияны жарықтан алады. Өсімдіктердің Күн энергиясын  пайдала-  нуы – фотосинтез. Жапырақ – ауа арқылы қоректенудің басты мүшесі. Айтып өткеніміздей жапырақтар ғана емес, өсімдіктің басқа барлық жасыл мүшелері фотосинтездей алады. Жапырақтары жоқ кейбір өсімдіктердің сабағы немесе жас өркендері фотосинтездейді.

Фотосинтезге қажет жағдайлар. Фотосинтез үдерісі үшін қандай жағдай қажет? Сызбадан өсімдік жасушасында хлоропластарда бар хлорофилл болатыны көрініп тұр. Қоршаған ортадан су (топырақтан тамыр арқылы) мен көмірқышқыл газы (жапырақ лептесіктері ауадан сіңіретін) түсуі керек. Міндетті түрде қажет тағы бір жағдай – жарық. Жарық энергиясы болмаса өсімдіктің жасыл жасушаларында органикалық заттар синтезі  жүрмейді. Хлорофилл – өсімдікте міндетті түрде болуы керек жасыл пигмент. Судың терең қабатында өсетін кейбір балдырлардың түсі жасыл емес, қоңыр немесе қызыл болады. Себебі олардың жасушаларында қосымша

басқа да бояғыш заттар бар, бірақ хлорофилл негізгі рөл   атқарады.

Жарық. Өсімдіктер белгілі бір сипаттамалары бар жарықты сіңіреді. Фотосинтез үшін күн жарығы қажет. Табиғи жарық кезінде фотосинтез қарқындылығы барынша жоғары  болады.

Жарық болмаса өсімдік хлорофилін жоғалтады, түсі ағарады, фотосинтездеу қасиетін тоқтатады. Тіршілігіне қажет қоректік заттар таусылғанда өсімдік қурап  қалады. Жарықтың қарқынды түсуімен фотосинтез процесінің жылдамдығы артады, бірақ оның артуымен фотосинтездің айқындылығы төмендейді. Қалың ормандарда, көлеңкелерде өсетін өсімдіктерге белсенді фотосинтез жүру үшін түскен жарық жеткілікті болады.

Су жеткіліксіз болса, фотосинтез үдерісінің тиімділігі төмендейді.

Бұл әсіресе ыстық әрі құрғақ аумақтар үшін маңызды   көрсеткіш.

Ғалымдар атмосферадағы көмірқышқыл газының құрамына кіретін барлық көміртектің жануарлар ағзасында кемінде бір рет болғанын дәлелдеді.Фотосинтез үшін су, көмірқышқыл газы, хлорофилл және күннің жарығы маңызды жағдай болып табылады. Фотосинтез -бұл күн сәулесінің қатысында су, бейорганикалық заттар мен көмірқышқыл газынан органикалық заттардың түзілу процесі. Органикалық заттар жапырақтың жасыл жасушаларында түзіледі.

Фотосинтез процесі.Фотосинтез кезінде түзілген қанттан, сондай-ақ тамырлар арқылы топырақтан сіңірілген минералды тұздардан өсімдік өзіне қажетті заттарды: нәруыздар, майлар және басқа да көптеген заттарды түзеді. Кейбір заттардан жаңа жасушалар түзіледі, кейбіреулері тыныс алу процесінде энергия көзі ретінде қолданылады, енді біреулері нәруыз, крахмал, май түрінде қорға сақталады. Біздің ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны жасыл көшеттерге қамқорлық жасайды. Жапырақтарды жұлуға, бұтақтарды сындыруға, шөптер мен гүлдерді жұлуға әрі таптауға болмайды.

 

 

 

 

Дескриптор:

-фотосинтез процесі нәтижесінде қандай құбылыстар пайда болатындығын біледі

-Фотосинтез процесі кезінде химиялық қандай элементтердің қатысатындығын біледі

-фотосинтез процесіне күннің қалай әсер ететінін біледі