ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ

ХVІІ ғ. Қазақ жеріне қауіп төндірген мемлекет.  

ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ.

Мақсаты: Қазақ елінің Тәуелсіздігін жойып, өзіне тәуелді ету қазақ жеріне үстемдік орнату, жерін иелену.
Ірі шабуылы 1723 ж. Цэван Рабдан бастаған 70 мың Жоңғар әскері 7 шепке бөлініп, Қазақ жеріне ойран салды. Бұл тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1727ж.ж.) деген атпен қалды. Ел басынан өткен қайғы-қасіреттен «Елім-ай» әні туды.

1725ж. Жоңғарлардың әскерлері Түркістан мен Ташкентті жаулап алды. Қазақ жерінің Жоңғар билігінде қалып қою қаупі төнді.

Әбілқайыр жетекші хан ретінде танылып, қолбасшы болып тағайындалды.

Қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Наурызбай, Жәнібек, Райымбек, Малайсары, Баян т.б.

Басқыншыларға қарсы күрес. Ірі оқиғалар

 

Болған  жері. Тарихи маңызы.
1726 ж. «Қалмақ қырылған» шайқасы Сарысудың орта ағысы Бұланты өзенінің жағасындағы «Қара сиыр» деген жерде Қалмақтарды талқандады. Қазақ халқының әскери-моральдық рухы көтерілді. Үш жүзді біріктіргенде Жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенім күшейді. Қазақстанның солтүстік-батыс өңірі азат етілді. Елдің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолында күресуге ұмтылды.
1726 ж. Күз Бадам өзені маңындағы биік Қырқа-Ордабасы тауының етегіне үш жүздің жасақтары жиналды. Жауға қарсы соққы беру жөнінде келісімге келді. Жоңғарларға қарсы барлық жасақтарға дара қолбасшылық ету Әбілқайырға жүктелді. Жау қолындағы Жетісуді азат ету үшін аттануға осы жер жақын болды. Алатау, Қаратау сілемдерімен қоршалып, шығысы ашық дала болатын бұл жер, қазақ жасақтарын жүздік негізінде орналастырды.
1730 ж. көктем «Аңырақай шайқасы» Балқаш көлінің оңтүстігінде Әбілқайыр басшылағымен үш жүздің әскері Қалмақтарға күйрете соққы берді. Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгелдей азат етуге мүмкіндік туды. Бұл – үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетеді.
1741-1742 ж.ж. Қонтайшы Галдан Цереннің Орта жүз бен Кіші жүзге екінші «Ақтабан шұбырынды» жорықтарын жасауы

 

1753 ж. Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасап, Жоңғар қақпасы маңында жоңғарларды талқандады.
1758 ж. Жоңғар мемлекеті толық талқандалды, тарих сахнасынан жойылып, 1761 ж. Цинь империялық әкімшілік бірлестігі, Шыңжаң (Жаңа шекара) құрылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБЫЛАЙ ХАНДЫҒЫ.

Абылай (Әбілмансұр) 1711-1781 жылдар. Қазақ хандығының бұрынғы шекарасы қалпынеа келтіріп, елдің саяси экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекет қайраткері.
Арқа сүйеген мемлекеті. • Абылай Жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді.

• 1740 ж. 28 тамыз — Әбілмәмбет хан мен Сұлтан Абылай Орныборға келіп, Ресей билігін мойындайды.

Мақсаты. • Жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи жерді қайтару.

• Екі мемлекеттің қыспағында қалғандықтан, Ресей және Цинь империяларына тәуелділігін сөз жүзінде мойындаған Абылайдың басты мақсаты: Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.

1753  жылы Абылай сұлтан ірі қолды Маньчжур-Цинь күштеріне ашық қарсы тұра қиындығын білген

Сыртқы саясаты. Ол дипломатиялық жолмен шешу қажеттілігін түсінді.

• Тарбағатай, Алтай таулары, Зайсан көлі шығысындағы тарихи қазақ жерлерін қайтаруға күш жұмсады.

• 1760 ж. Тарбағатай таулары маңайында көшіп жүрген қазақтарды Пекин билеушілері қудалағанда оны келіссөздер арқылы шеше білді.

• ХVІІІ ғ. 70ж. басында Ходжент, Ташкент билеушілеріне соққы берді.

• Нәтижесі: — Ташкент бегі салық төлеуге мәжбүр болды.

Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және Ташкентке тәуелді бірнеше қалалар Абылай билігіне көшті.

• Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсарды.

v 1753 жылы Абылай сұлтан

Хан болған жылдар. 1771-1781 жылдар
 

 

 

Енгізген өзгерістері.

 

Хан билігінде.

• хан билігін шектеусіз етті.

• билер қызметіне шектеу қойды.

• халық батырларына сүйенді

 

Мәдениетте

• қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін дамытуға көңіл бөлді.

• атақты жырау, шешен, ақын-күйшілер төңірегіне топтасты.

• Тәттіқара жырау – батырлар ерлігін жырлаған

• Үмбетей жырау – халық поэзиясын дамытушы.

 

Шаруашылықта

 

 

• Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытты.

• Көкшетау, Ертіс өңірі, Ақтөбе, Ой шебінде қыстақтар салғызды.

• 1761 ж. императрица ІІ Екатеринаға жолдаған хатында ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, отыршылдықты дамытуға үлкен үлес қосты.

 

 

 

ХVІІІ-ХІХ ғ. Халық көтерілістері.

Жылдары. 1783-1797 жылдар. 1836-1838 жылдар. 1837-1847 жылдар. 1856-1857 жылдар. 1868-1869 жылдар. 1870 ж.
Басшылары. Сырым Датұлы – байбақты руының  старшыны. Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы – беріш руының старшындары. Кенесары Қасымұлы (Абылайдың немересі) Жанқожа Нұрмұхамедұлы (халық батыры) Беркін Оспанұлы, Сейіл Түркебайұлы- рубасылары. Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы-бақташылар.
Көтеріліс болған жер. Кіші жүз Бөкей ордасы (Еділ мен Жайық аралығы) Бүкіл Қазақстан Сыр бойы Орал және Торғай облыстары. Маңғыстау облысы.
Қатысқан рулары. Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын т.б. Байбақты, Жаппас, Адай, Беріш, Есентемір, Алшын, Серкеш, т.б. Қыпшақ, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Арғын, Табын, Тана т.б. Осы өңірді мекендеген рулар Осы өңірді мекендеген рулар Адай
Қозғаушы күштер. Қарапайым көшпенділер, би, старшын, батырлар. Қазақ шаруалары, старшын билердің бірқатар өкілдері. Қазақ шаруалары ақсүйек өкілдері (80-нен астам би, сұлтан, батыр, старшын) Қазақ шаруалары, еңбекшілері Шаруалар, рубасылары. Малшылар, жалдамалы жұмысшылар
Мақсаттары. • ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

• Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.

• Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.

•  Жәңгір хан озбырлығына шек қою

• қазақ жерлерін бекіністер мен округтық билеу арқылы отарлауды тоқтату

• Қоқан хандығының қол астындағы қазақтарды азат ету.

• қазақ елінің Ресейге қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтауы

• Қазақ жерлерін бекіністер мен округтық билеу арқылы отарлауды тоқтату

• Қоқан хандығының қол астындағы қазақтарды азат ету.

•  Хиуа хандығының өктемдігіне қарсылық

• жаңа бекіністер салуға жол бермеуі

• 1867-1868 жж.реформаның салдары.

• салықтың көбеюі (шаңырақ, земство салығы)

• қазақ жерін патша өкіметінің мемлекеттік меншік деп жариялауына наразылық

• Адайларға салынған салықтың көп мөлшерін тоқтату

• патша жазалаушы отрядтарының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы.

Көтеріліс барысы. • 1783 ж. Орал казак әскерімен арпалыс.

• 1783 ж. Сырым Орал казактарына тұтқынға түсіп, 1784 ж. көктемде босады.

• 1785 ж. 17 ақпан көтерілісті басуға генерал майор Смирнов тобы жіберілді.

• 1785 ж. 15 наурыз көтерілісшілерге Колпаков, Пономарев аттанды.

• 1792 ж. Сырым Ресей империясына ашық күрес жариялады.

• 1797 ж. 17 наурыз Сырым тобы хан сарайына шабуылы, Есімхан өлтірілді.

• 1797 ж. күз Қаратайдың қуғынынан Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті.

• 1802 ж. қайтыс болды.

• 1836 ж. ақпанда көтеріліс басталды.

• 1837 ж. 30 наурыз шекаралық комиссия Исатай-Махамбетті сотқа тартуды талап етті.

• 1837 ж. 15 қазан Теректіқұм шайқасы.

• 1837 ж. 15 қараша Тастөбе шайқасы

• 1837 ж. 13 желтоқсан Жайықтан шығысқа қарай өтті

• 1838 ж. 12 шілде Ақбұлақ шайқасы, Исатайдың өлтірілуі

• 1838 ж. 23 шілде Хан ауылына шабуыл

• 1846 ж. қазан.

Махамбет қаза тапты.

• көтерілісшілерді жазалау Гекеге тапсырылды.

• 1837 ж. қараша Кенесары Ақтау бекінісі қазақтарына шабуылы, ашық қарсылық көрсетуі

• 1838 ж. 26 мамыр Ақмола бекінісіне шабуыл

• 1841 ж. тамыз айында хандық билікті қолына алды.

• 1842 ж. Орынбор генерал губернаторы Обручев әскері жіберілді.

• 1842 ж. Сібірден Сотников әскері жіберілді.

• 1843 ж. 27 маусым – Лебедевтің 300 казак тобы келді.

• 1844 20-21 шілдеде 44 сұлтанды мерт етті.

• 1845 ж. қазан Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.

• 1847 ж. Сәуір қырғыз жеріне басып кірді.

• 1847 ж. Бішкек маңы Майтөбеде Кенесары 32 сұлтанмен қаза болды.

• 1843 ж. Жанқожа батырдың Қуаңдария бойындағы бекіністі талқандауы

• 1845 ж. көктем – Хиуалық 2000 әскерді жойып жіберді

• 1853 ж. Орыс әскерлері Ақмешітті алып, Сырдария әскери шебін құрды

• 1856-1957 ж.ж. Көтерілісте Жанқожа батыр Жаңа қаланы көтеріліс тірегіне айналдырды

• 1857 ж.  9 қаңтар Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.

• 1869 ж. 6 мамыр Жамансай көлі маңында 20000 көтерілісші Фон Штемпель  тобын 7 күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай кері қайтты.

• 1869 ж.  наурыз –маусым 30000 шаруа федалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Көтерілісшілерге қарсы подполковник Рукин граф Коморовский генерал-губернатор Веревкиннің жазалаушы тобы жіберіліп, көтеріліс талқандалды.

• 1870 ж. Бозащы түбегінде көтерілісшілер жазалаушыларды талқандады. Көтерілісшілер 10000-ға жетті.

• 1870 ж. 5 сәуір Александровск фортына шабуылдады.

• 1870 ж. мамыр – Кавказдан әскер топ жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.

• Орынбор генерал-губернаторы Т.Комарвский көтерілісшілерді 3 ай бойы талқандады.

• 1870 ж. желтоқсан Иса Тіленбайұлы Д.Тәжіұлы бастап 3000 шаңырақ Хиуаға өтіп кетті.

 

Жеңілу себептері. • старшындар арасындағы алауыздық

• әр кезде көтеріліс мақсатының өзгеріп отыруы

• рулар арасындағы қайшылық

• жеке топтар арасындағы байланыстың болмауы

• нашар ұйымдасуы

• үстем тап өкілдерінің  опасыздық жасауы

• көтерілісшілердің

барлығының басы

біріге алмауы

• қару-жарақтың нашар болуы.

• аға сұлтандар мен билердің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы

• үстем тап өкілдеррінің сатқындығы. Олардың көтерілісшілердің басын қоса алмауы

•  қарулардың нашарлығы

• Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық жасауы

• жазалаушы отрядтың күшінің басым болуы

• қазақ сұлтандары, старшындары көтерілістің соңына дейін шыдамай патшаның сойылын соғуы

• Ханғали Арсанұлы, Дәуіт Асауұлы т.б. опасыздық жасап, көтерілісшілерді сатып кетуі

• әскери қару жарақтың нашарлығы

• ауыз бірліктің болмауы.

• Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуы

• Рулық – патриархидың сақталуы

• Көтерілісті аяғына дейін жеткізбеуі

• Қарулардың нашарлығы.

Ортақ мақсат. ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ОТАРЛЫҚ  САЯСАТЫНА ҚАРСЫЛЫҚ.

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті

Шоқан Уәлиханов

1835-1865жж.

 

— ұлы ғалым, тарихшы-географ.

Саяхатшы, ойшыл, этнограф, суретші.

— Шоқан (Мұхаммед Қанапия) 1835 жылы қарашада Құсмұрында дүниеге келіп, Сырымбетте өсті. Оның жетілуіне, сана сезімінің ерте оянуына әжесі Айғанымның ықпалы зор болды.

• 1847 ж. күзде 12 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 ж. аяқтап корнет деген офицерлік атақ алды.

Шоқанның шығармашылық еңбек жолы.

• 1855 ж. генрал Г.Х. Гасфорттың экспедициясына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орт. Қазақстанды аралап, Іле Алатауында болып, тарихи аңыз, өлеңдерді жинады.

• 1856 ж. Ыстықкөлді географиялық және картографиялық суретке түсірді.

• 1856 ж. П.П. Семенов Тянь-Шяньскиймен Құлжаға барды.

• 1857 ж. Алатау қырғыздарына барып, қырғыз шығармасы «Манасты» жазып алды.

• 1858-1859 ж. өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барды, Марко Поло мен жиһанкез Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған адам Шоқан болды.

• Қашқарияға сапары туралы «1858-1859 ж. алты шаһар немесе Қытай провенциясының шығысындағы алты қала жағдайы» еңбегін жазып, 1865 ж. бұл еңбек ағылшын тіліне аударылды.

• 1859-1861 ж. Петербургте болған өміріндегі ең бір қызықты кезеңі.

• орыс жазушысы: Ф.М. Достоевскиймен алғаш 1854 ж.  Омбыда танысып, Семейде, Петербургте қайта кездеседі.

• Омбыдағы қазақтың сот реформасы мәселерімен айналысып, «Даладағы мұсылмандық туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы» туралы еңбектерін жазды.

• 1864 ж. Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуға қатысады.

• 1865 ж. – «Қытайдағы дүнгендер көтерілісі» деген соңғы еңбегі жарияланды. Шоқан мұраларының бірі-бейнелеу өнеріндегі еңбектері (150 суреті болған)

• 1865 ж. сәуірде Алтынемел жотасы етегіндегі Көшен тоғаны деген жерде сұлтан Тезектің аулында қайтыс болады.

 

Ыбырай Алтынсарин

1841-1889 жж.

 

— Ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, ғалым-этнограф.

• 1844 ж. әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.

• 1850-1857 ж. Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепте оқып, алтын медальмен бітірді.

• 1857 ж. атасы Балғожа бидің хатшы-тілмашы болған.

• 1864 ж. 8 қаңтар-Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына мектеп ашады. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдерімен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педагогикалы0 көзқарастары қалыптасты.

•  1879 ж. Торғай  облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. Басты арманы қазақ жастарын білімге тарту еді.

• жастарды тәрбиелеуге, оқу ісін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөліп, қолөнер, ауылшаруашылық мектептерін ұйымдастырушы және қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы болады.

• 1887 ж. Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды.

• 1890-1896 ж. орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Ақтөбеде ашылды.

• Ы. Алтынсарин ұлы белгілі педагог ғалымдар Ушинскидің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің және ұлы жазушы Л.Толстойдың педагогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазады.

• «Қырғыз хрестоматиясы» (1879ж)

• «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық»

• Ыбырай-ғалым-этнограф. Көңіл аударған саласы – қазақ халқының әдет ғұрпы.

• Өз шығармаларында жағымсыз қылықтарды, әдепсіздікті сынады. Отырықшылықты жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. «Қыпшақ Сейтқұл» , «Талаптың пайдасы», «Байлық неде» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.

 

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы.

1845-1904 жж.

 

— Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ойшыл, ақын, сазгер.

• Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Семейде кездесіп, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс зиялы қауым өкілдері Абайға ықпал етті.

• Семейде айдауда болған азаттық қозғалыс өкілдері Е.П. Михаилис, А. Леонтев6 С.С. Гросс6 Н.И. Долгополов оның ақындық шығармашылығының демократтық бағытта қалыптасуына әсер етті.

Қазақ пен Орыс халқының өнегелі өкілдері достығыныі көрінісі Абай мен Е.П. Михаилистің қарым-қатынасы.

• Абай Пушкиннің «Евгений Онегиннен» өзі аударған бөлімдеріне ән шығарады.

• Әкесінің әсерімен ұлдары Ақылбай, Көкітай, Мағауия орыс мәдениетіне көңіл қойып, поэзиялық туындылар жазады.

• Еңбекшілер тұрмысын жақсарту жолдарын Абай қоғамның экономикалық негіздерін өзгертуден көрді. Қазақтардың өркениетті дамуын-егіншілікті, қолөнерді, сауданы өркендетумен тығыз байланыстырды. Жастарды ғылым мен білім үйренуге шақырып, өзге халықтарды құрметтеуге солармен  қарым-қатынас орнатуға үндеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС.

Себебі. • Патшаның отаршылдық саясаты.

• Жерді жаппай тартып алу

• 1-ші дүние жүізлік соғыс қасіреті.

• 1916 ж. 25 маусымдағы 19-43 аралығында Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы

Жарғыдан кейінгі жағдай  Демократиялық зиялы қайраткерлер:  (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов.) адам алуды кейінге қалдыру; отаршыл империямен, парасатты ымырластық, тактикасын жүзеге асырып, халықтық этникалық тұтастығын сақтау идеясы.

 

Революцияшыл – демократиялық Т.Рысқұлов, С. Сейфуллин, С.Мендешов, Б.Алманов, Ә.Жангелдин көтерілісшілерді жақтап, өздері де қатысты. Ақ төбеліндей азғантай байлар, жергілікті отаршыл әкімшілік – болыс басқармалары, ауыл старшұындары, патша жарлығын жақтап шықты.
Көтеріліс болған жер. Бүкіл Қазақстан. Ірі орталығы – Жетісу мен Торғай.
Сипаты. Ұлт-азаттық, империализмге, отарлық езгіге қарсы
Қоғаушы күштері  Шаруалар, қолөнершілер және қазақ жұмысшылары, жетекші күш – демократиялық интеллегенция өкілдері мен байлар, болыс басқарушылары.
Басшылары.  Жетісуда: Бекболат Әшкеев, Тоқаш Бокин, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Ақкөз Қошанов.

Торғайда: Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Әбдіғаппар Жанбосынов, Кейкі Кекімбайұлы.

Қара жұмыстан босатылғандар. 1916 ж. 23 тамыз генерал-губернатор Куропаткин бұйрығымен:

• басқармалардың лауазымды адамдары.

• имамдар, молдалар, мүдәрістер.

• жоғарғы және орта оқу орнындағы оқушылар.

• жергілікті бұранаталардан шыққан төменгі полициялық шенділер

• ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлер.

• үкімет мекемелеріде жоғары лауазым атқаратын жергілікті бұратана ұлт өкілдері.

Көтерілісшілердің іс-қимылдары. • Отарлауға дейінгі мемлекет басқару жүйелерін қалпына келтірді, әкім-ел бегі, сот алқасы-жасақшы, қазына билеуші-қазынашы, әскер қолбасшысы-Сардарбек.

• Торғайда Әбдіғаппар Жанбосынов, Ақмола облысында Нұрлан Қияшев, Оспан Шоңов, Верный уезінде – Бекболат Әшкеев хан болып сайланды.

• қара жұмысқа алғандар тізімін жойып, болыс ауылдарына шабуыл жасап, тонады.

Патша өкіметінің тактикасы.  Көтеріліс барысында «Бөліп ал да, билей бер»;

Көтерілісті басып-жаныштауда – «Өрт шарпыған дала» стратегиясын жүзеге асырды.

Жеңілу себептері. • батыраңқылығы.

• аймақтарда ұйымшылдықтың болмауы.

• қару-жарақтың нашар, жеткіліксіз болуы.

• руаралық тартыстар

• жұмысшылардың саны аз, елеулі ықпал жасай алмағандығы.

• ұлттық демократиялық зиялылылардың арасында бірліктің болмауы.

• даланың бетке ұстарлары дәйектілік, батырлық көрсетпеді.

Тарихи маңызы. • қазақ халқының революциялық таптық сана-сезімі өсті.

• көтерілісшілер патша өкіметіне қарсы қарулы мектебінен өтті.

• отарлық езгідегі ұзақ жылдар ішінде ұлттық мүдденің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды.

• өздерін отарлыш саясатқа қарсы күрес жүргізе алатын күш деп сезінді.

Көтеріліс жайындағы әдеби шығармалар. Ж. Аймауытов «Қартқожа» , С. Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу», Б. Майлин «Қанды кек» , С. Мұқанов «Ботагөз» , М. Әуезов «Қиялы заман».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1917 ЖЫЛҒЫ АҚПАН ТӨҢКЕРІСІ.

1917 жылғы ақпандағы буржуазиялық-демократиялық төңкеріс

 

ЖҰМЫСШЫ СОЛДАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ                                                       УАҚЫТША ӨКІМЕТ.

                                 КЕҢЕСІ.

Патша өкіметі құлады

 

 

• бағыты: социализм құру.

• 1917 ж. наурыз – сәуір айларында жұмысшы-солдат депутаттарының кеңестері құрылды.

• жекелеген аудандарда қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды.

• Семей облыстық қазақ комитетінің төрағасы Р. Марсаков, Оралдан – Ж. Досмұхамедов, Жетісудан – И. Жайпақов, С. Сейфуллин т.б.

• Жүргізген шаралары:

• соғысушы елдердің үкіметі мен халқына бейбітшілік бітім ұсыну.

• соғысты тоқтату.

• жерге жеке меншікті жойып, шаруаларға беру.

• зауыт, фабриканы жұмысшыларға беру.

• ұлттардың өзін-өзі билеу құқықтарын беру.

• әйелдедің ерекектермен тең сайлау құқықтарын жариялау.

 

ҚОС ӨКІМЕТ (Қазақстанда да орнады.)

 

 

Тарихи маңызы.

 

 

• патша өкіметінің геноцит саясатын тежеді.

• ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Кемшілігі:

• шет аймақтардың халықтарына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды.

• отаршылдық басқару органдарын жоймады.

 

 

• бағыты: реформистік жолмен капитализмді дамыту.

• қазақ  өлкесіндегі жергілікті органдар 1917 ж. наурыз – сәуірде құрылды.

• Ә. Бөкейханов – Торғай облысының;

• М. Тынышбаев – Жетісу облысының;

• И. Шоқай – Түркістан Уақытша үкіметінің комиссары.

Уақытша үкіметінің жүргізген шаралары:

• 1917 ж. 18 наурыз – «1916 ж. көтеріліс кезінде қазақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы» қаулы.

• 1917 ж. 20 наурыз – «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқытарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы.

• 1917 ж. 5 мамыр – «Қара жұмысқа Алынғандарды еліне қайтару туралы» қаулы.

• 1917 ж. 8 қыркүйек – «Жетісу облысының 1916 ж. көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу» туралы қаулы жарияланды.

 

 

1917 ЖЫЛҒЫ 7 ҚАРАША (25 ҚАЗАН) СОЦИАЛИСТІК ТӨҢКЕРІС.

 

Бейбіт жолмен.

Оңтүстік пен Солтүстік.

 

 

 

 

Өнеркәсіп орындары жақын болды. Өнеркәсіп және теміржол жұмысшыларының саны көп болды.

 

 

КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ.

 

 

 

 

СЕБЕПТЕРІ.

 

 

Қарулы күрес жолымен

Верный, Орал, Семей, Орынбор, Ақтөбе.

 

 

 

 

Сібір, Орал, Жетісу қазақтары мен офицерлер, кулактар біріккен контр-революциялық күштердің басым аудандары.

 

 

 

 Қаланың аты.             1917 жыл.

Перовск (Қызылорда)     30 қазан

Әулиеата                          6 қараша

Черняев (Шымкент)          қараша

Ташкент                           1 қараша

Бөкей ордасы                   2 желтоқсан

Қостанай                          25 желтоқсан

Көкшетау                         желтоқсан

 

1917 ж. Қазан – 1918 ж. наурыз аралығындағы кеңес өкіметі қазақ өлкесінде түгел орнады.

 

 

 

 

 

Қаланың аты.                     1918 жыл.

Ақтөбе                                    8 қаңтар

Павлодар                                қаңтар

Ырғыз, Торғай                       қаңтар

Орынбор                                18 қаңтар

Семей                                     16-17 ақпан

Верный                                   2-3 наурыз

Жетісу                                    наурыз

 

 

 

 

 

Қазақ өлкесіндегі 1917 жылы құрылған партиялар.

 

«Алаш» партиясы.

 

• 1917 ж. құрылды.

• Әлеуметтік негізі: Ұлт зиялылары.

• Мақсаты:

—         Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету.

—         Автономиялық ұлттық мемлекет құру.

—         Жетекшісі: Әлихан Бөкейханов.

  

  

 

Қазақ өлкесінде 1917 ж. құрылған саяси партиялар.

 

 

 

Кадеттер партиясы.

(Конституциялық демократтар)

• 1917 ж. құрылды.

• Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер ұйымы құрылды.

• мақсаты:

— Бөлінбес, біртұтас Ресей конституциялық монархиясын құру.

 

«Үш жүз» партиясы «Қырғыз (қазақ) социалистік партиясы»

• 1917 ж. күзде құрылды.

• Жетекшісі: Көлбай Төгісов.

• Мақсаты:

—         Бастапқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты.

—         1918ж. қаңтарынан Кеңес өкіметінен нығайтуға белсене араласты.

—         1918 ж. басынан большевиктердің алашордаларға қарсы күресінде одақтас болды.

 

«Иттифок-И-Муслимин»  (Мұсылмандар одағы) партиясы.

• 1917 ж. 17-20 қыркүйек – Түркістан және қазақ мұсылмандары съезінде құрылды.

• көтерген мәселелер:

—         Түркістан Федерациялық Республикасы парламенттік Республика негізінде құрылуға тиіс тболды.

—         8 сағаттық жұмыс күнін енгізу

—         Салалық мәселе.

 

 

 

 

Эсерлер партиясы.

(социал-революцияшыл)

• 1917 ж. көктемдк құрылды.

• мақсаты:

-«Жерді шаруаларға беру керек, жер бүкіл                халқытың меншігі» ұранын көтеру.

— патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау.

 

• 1917 ж. жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа Кеңестер эсерлердің қолында болды.

ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛДІК ИНТЕРВЕНЦИЯ ЖӘНЕ АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1918-1920)

 

Алғы шарты

• кеңестердің өкіметті басып алуы, құлатылған таптардың күшті қарсылығын туғызды.

• большевиктердің экономикалық саясаты дағдарысты жоя алмады.

 

Себебі

• Антанта және АҚШ соғысты жалғастыра беріп, Ресейді әлсіретуі.

• Ресейдегі төңкеріс басқа империалистік елдерге таралады деп қауіптенді.

• Кеңес өкіметі мен уақытша үкіметіне берген қарыздарын монополистердің патша Үкіметі қайтарудан бас тартты.

 

Мақсаты:

• Большевитизмді қоршауға алып жою

• Интервенттер ішкі контрреволюция күштерімен одақтасты.

• Ақ гвардияшыларды қару-жарақпен, қаржымен жабдықтады.

    Интервенттердің іс-әрекеті.          Әскери коммунизм саясаты.            Кеңес өкіметінің іс—әрекеті.

 

 

• 1918ж. мамыр Антанта империалистері Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды.

• Бүлікшілер:

• 27 мамыр – Челябы, 31 мамыр – Петропавлды, маусымда – Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды.

• Атаман Дутов 1918 ж. маусымда Орынборды басып алды.

• 1918 ж. 29 наурыз Орал қаласын жаулады.

• 1918 ж. 29 мамыр – «Міндетті әскери міндеттілік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет.

• 1918 ж. күз – Бөкей Ордасындағы кеңестік тұңғыш  қазақ атты әскер полкі құрылды.

• 1920 ж. – Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш күшпен жинау жарияланды.

 

Белгілері                •Азық-түлік салғырты

•жеке саудаға тыйым салу

•ірі, орта және ұсақ өнеркәсіпті         мемлекет меншігіне көшіру.

•еңбек міндеткерлігі

• басқаруды орталықтандыру.

 

 

 

 

Басты шарасы.      • Азық-түлік салғырты

• Мәні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының

бәрі  шаруалардың

мемлекетке

міндетті түрде өткізу

•1919 ж. қаңтарда салғырт енгізілді.

• 1920 ж. басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық, киім -кешек жиналды.

• қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, отаршылыққа қарамастан, жан-қиярлықпен еңбек етті.

• қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майдаынының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді.

• 1919 ж. қыркүйек Ақтөбе майданы жойылды.

• 1919 ж. қараша, Ілбішін, Жымпитыны азат етті.

• 1919 ж. соңы Орал облысын азат етті.

• 1919 ж. күз Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.

• 1920. наурыз, Семей облысы азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.

• 1920 ж. маусым. Верныйда бүлікшілер әрекеті тоқтатылды.

• 1920 ж. наурыз – ең соңғы майдан. Солтүстік Жетісу майданы жйылды.

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

1921 жылғы наурыз партияның Х съезінде «жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы» шешім қабылданды

 

 

• Азық-түлік салығы

• ауылшаруашылық несие және тұтыну кооперациясын дамыту

• жерді жалға беру және алуға рұқсат

• сауда еркіндігі

• еңбек міндеткерлігі жойылып, жалдамалы еңбекті қолдану.

• темір жол, автомобиль тасымалы шаруашылық есепке көшірілді.

 

 

 

 

 

Белгілері                              Ауыл                                  

шаруашылығында.

 

 

 

 

 

• егіс көлемі 1924 ж. – 2,1 млн. га, ал 1928 ж. 4млн. га.

• мал шаруашылығ 1924 ж. – 24,8млн., 1928 ж. 41 млн.-ға көбейді.

•  шаруа қожалықтары 1924 ж. 737 мың, 1928 ж. – 1 млн. 333мыңға жетті.

• 103 коммуна, 650 шаруашылық артелі, мақта өсірілетін «Мақтарал» совхозы құрылды.

 

 

• бірыңғай заттай салық белгіленді.

• шаруалар артық өнімдерін сатуға мүмкіндігі болды.

• салық мөлшері азайды, 1924-1925 жж. өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928жж өнімнің 1/13 бөлігі алынды.

• алты және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды.

• 1924ж. 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Өзгерістері             Өнеркәсіпте.

 

 

 

 

 

• 1920ж. Шымкент сантонин зауыты

• 1923ж. Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40% берді.

• Атырауды, Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды.

• 1927-1928 жж. Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды.

 

 

 

• күйзелген ауыл шаруашылығын  тез арада қалпына келтіруне мүмкіндік берді.

• өнеркәсіп қалпына келтірілді.

• Кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.

• шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берілді.

 

 

 

 

Нәтижелері                    Саудада  

 

 

 

 

 

 

• 1921 ж. 24 мамыр – «Айырбас туралы» декрет жарияланды. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді.

• 1927 ж. – 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы 30 млн. сомға жетті.