«Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні»

 

Жамбыл облысы , Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Максим Горький атындағы орта мектебі

 

 

Тақырыбы: 

 «Ыбырай Алтынсарин

шығармаларының тәрбиелік мәні»

 

 

Орындаған:

10-сынып оқушысы:

Султанова Маргарита

 

 

Ғылыми жетекшісі:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Есмағанбетова Жанерке Көшмырзақызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Аннотация

Кiрiспе                                                                                                        5

І Зерттеу бөлімі                                                                                         6

1.1 Ыбырай өскен орта                                                                             6-10

ІІ Зерттеу бөлімі                                                                                               11

2.1 Ыбырай Алтынсарин және өзге тілді әдебиеттер                                   11-16

2.2 «Қазақ хрестоматиясы»-оқу мен тәрбие құралы                                     16-24

2.3 Шығарма көркемдігі-тілінде                                                                     25-31

2.4 Еленген еңбек                                                                                             31-32

Қорытынды                                                                                               3

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi                                                             34

Ғылыми жетекшінің пікірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абстракт

 

Сан қырлы  талант иесi, даланың  ұлы, халқының айбарлы ақыны Ы.Алтынсарин  өлең жолдарының, шығармашылық лабораториясына  үңiлiп, оқырманға талдап, ой елегiнен өткiзiп, таразылап,  салыстырып көрсету, шығармаларын тақырыптық жағынан топтастыру. Басқа ақын-жазушылардан ерекшелігін анықтау.

Зерттеу гипотезасы:                                                                        

Жұмыстың гипотезалық мәні  ақын, жазушы, аудармашы Ыбырай Алтынсаринның шығармаларындағы негізгі тәрбиелік мән, негізгі концептіні анықтау.

Зерттеу мақсаты:

Даланың дара ұстазы Ыбырайдың еңбектерін насихаттау, тәрбиелік мәнін дәріптей отырып, ақын шығармаларының көркемдік тілін, концептісін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1.Ыбырайды білімге баулыған кісілер жайлы талдау;

3.Ақын шығармаларындағы негізгі түйін, концептіні анықтау.

Зерттеу нысаны:

Ыбырай Алтынсариннің өлең  жинақтары. Поэтикалық тілі, жазылу тарихы, концепт.

Зерттеу әдістері: Анализ, синтез, жинақтау, салыстыру.

 

 

Абстракт

 

Проанализировать читателю произведения великого поэта, провести осмысление произведений, сравнить и группировать. Выязить особенности от других писателей – поэтов.

Гипотеза исследования:

Выязить основные концепции произведений поэта, писателя Ибрая Алтынсарина.

Цель исследования:

Выявить концепцию художественных произведений, проанализировать труды великого писателя.

Задачи исследования:

Проанализировать кто прививал любовь к знаниям Ибрая.

Исследовать концепцию ключевых произведений.

Форма исследования: сборники песен  Ибрая Алтынсарина, истории.

Методы исследрвания: анализ, синтез, сапоставление, сбор инфор

 

The Abstract

 

Analyze the reader’s works of the great poet, to comprehend the works, compare and group. Identify features from other writers — poets.

Research hypothesis:

Identify the basic concepts of works of the poet, writer Ibrai Altynsarin.

Purpose of the study:

Identify the concept of artistic works, analyze the works of the great writer.

Objectives of the study:

Analyze who instilled love for Ibrai’s knowledge.

Explore the concept of key works.

The form of research: Ibrai Altynsarin’s songs, stories.

Subject of the study: Kazakh language, literature, history.

Methods of research: analysis, synthesis, sapostavlenie, collection information.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Кіріспе

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі — Ыбырай Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген.
Адамзатты адалдыққа, турашылдыққа, ізгілік-ізет жолына бастап, ғылым-білімге шақырған Ыбырай Алтынсарин мұрасы сан-алуан. Ол алдымен ағартушы. Оның оқу-методикалық мұралары қоғамдық, педагогикалық ғылыми көзқарастары күні бүгінге дейін өз мән-мазмұнын жоғалтқан емес. Қазақ әдебиетінде тұңғыш реалистік прозалық шығарма жазған жазушы, ақын. М.Әуезов сөзімен айтсақ, «Алтынсариннен ең алғаш рет қазақ әдебиетіндегі сипаттау өлеңі басталады. Европа ақындарының үлгісімен қыр тұрмысының көркін суреттейді. Бұл өлеңінде әлеуметшілдік сарыны, ел қамы жоқ қазақ әдебиетінде алғашқы шыққан жаңа үлгі болғандықтан, сол жаңалық мысалының есебінде атап отырмыз» [1, 47 бет].

Зерттеу гипотезасы:

Жұмыстың гипотезалық мәні  ақын, жазушы, аудармашы Ыбырай Алтынсаринның шығармаларындағы негізгі тәрбиелік мән, негізгі концептіні анықтау.

Зерттеу мақсаты:

Даланың дара ұстазы Ыбырайдың еңбектерін насихаттау, тәрбиелік мәнін дәріптей отырып, ақын шығармаларының көркемдік тілін, концептісін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

1.Ыбырайды білімге баулыған кісілер жайлы талдау;

2.Аудармаларын, жалпы шығармаларын зерттеу;

3.Ақын шығармаларындағы негізгі түйін, концептіні анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу бөлімі

 

  • Ыбырай өскен орта

 

Адамның мінез-құлқы туған жерінің табиғатына да байланысты екендігі жиі айтылады.

Ы.Алтынсарин туып-өскен жер – ақ қайың аралас қалың қарағайлы, шұрайлы мекен. Екі ауылдың арасындағы орманды далалы ел Арақарағай (екі ауылдың арасындағы қарағай) атап кеткен. Ұлы ұстаз осы айналасын қарағайлы орман қоршаған Жаңбыршы ауылында дүние есігін ашқан (Қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданы). Қарағайлы орман қысы-жазы жап-жасыл болып тұрады. Тек қайыңдар ғана күзге сарғыш тартып, әртүрлі түске енеді.

Ыбырайтанушы Серікбай Оспанов дала ұстазы туралы еңбектерінде: «Ы.Алтынсариннің мавзолейі тұрған жер – Ақбейіт. Балғожа биге тастан қалап биік ақ күмбезді там салыпты. Сол тамның мұнарасы күнмен шағылысып алыстан көрінеді екен. Сондықтан да ұлы ағартушының ата-бабалары жатқан қорым – «Ақбейіт» аталып кеткен. Осы Ақбейіттің қасында Медет – кейін халық Ыбырайдың қызметіне қарай «Инспектор көлі» атап кеткен айдын көл жарқырап жатыр.

Балғожаның жайлауы Тобылдың бас жағы мен Қазанбасының маңайында, қыстауы Арақарағай орманында болған»-дейді.

Ыбырай табиғаты тамаша, бай өлкеде туып-өскен. Бәлкім сабырлылық, жан сұлулығы мен рухани тазалығы, ойлылығы, кісілігі сол туған жеріне тартқан болар?

Тұлғаның дүниетанымы қалыптасып, рухының мықты болуы шыққан тегіне, нағашы жұртына, өскен ортасына, ұстазы мен ұстамына, алған тәлім-тәрбиесі мен біліміне байланысты.

Ыбырайдың тәрбиешісі, алғашқы ұстазы – би, шешен, ақылман Балғожа. Ол сол Балғожа бидің даналық мектебінен сабақ алды. Маңайындағы көпті көрген көнекөз қариялардың мән-мазмұнды әңгімесін тыңдап, өнегелі істерін жадына тоқыды. Қасиетті қазына – ауыз әдебиетімен сусындап өсті. [2, 64 бет].

Қарағым, көзім нұры, көңіл гүлім,

Сөзімді ілтипатпен тыңдап, ұғын.

Айрылма мұсылмандық тұтқасынан,

Өлім хақ, өмір өтер, тұрмас бір күн,–

деп атасы – Балғожа би мұсылман діні құндылықтарын бойына сіңіріп, Алланың ақ жолына – кіршіксіз тазалыққа, «Ақыл атасы — ақиқат» деп шындықты айтуға, имандылыққа баулыды. Атасы айтпаса, ауыл қарттарын естіп өспесе, ол «Қазақ хрестоматиясы» кітабына енгізген ертегілер мен аңыздарды, мақал-мәтелдерді білер ме еді, білмес пе еді?!

А.Құрманбаев «Қазақтар қандай адамды жақсы кісі деп атайды» деп аталатын мақаласында бұрынғы заманда қазақ бай болмаса да ақылды, әділ, адал адамды ардақ тұтқанын айта келіп «Тезек батырдың (Абылайханұлы), Төле бидің (Жетісуда), Сармантай, Шоң, Қазыбек (Семей облысында), Бағай-әке (яки Ыбырай Хұсейін) (Ақмола облысында), Балғожа билердің (Торғай облысында) халыққа қадірлі болғанын кейінгіге үлгі-өнеге етеді» [3,12 бет].

Балғожа  би  туралы  Сегіз  Сері:

«Шоқай, Жазы, Балжеке,-үшеуіңіз

Бұл күнде бетті дұрыс түзедіңіз.

Көз салып ілгеріге, айқын болжап,

Ұрпақтың болашағын көздедіңіз…

 

Біріндей осы ұлың күн мен айдың,

Сырына қанық болар әрбір жайдың.

Тіл-көз бен сұқ көздерден есен болсын,

Асады қатарынан Ыбырайың…»

[4. 145 бет],- деп Балғожаны мақтап, немересі Ыбырайға бата берсе, Жаңбыршы ұрпақтарының бірі  Сейітқали Төлегенұлы ел ауызынан жазып алған бір өлеңде:

«Қыпшаққа би Балғожа аға болды,

Ағасы Қанқожа би дана болды.

Айбыны аш арыстан секілді еді,

Көрсетті сан қазаққа тура жолды.

Үш жүзге Құсмұрында билік айтты,

Әр сөзін хатқа жазып, бетіне айтты.

Тоқтатып жалғыз ауыз сөзбен жұртты,

Халайық риза болып, елге қайтты»,–

деп  Ахмет  сұлтан, Танабұға Наурызбай билерді де атап өтеді.

1850 жылдың 12 наурызында толтырылған бір құжатта Жаңбыршин Балғожаның ұзын қыпшақ билеушісі, 48 жаста, жүзбасы екендігі, орта бойлы, толық келген дөңгелек жүзді, қараторы, шағын, қара сақалды, шүңірек көзінің үстінде қалың қас-қабағы бары айтылып, ұзын қыпшақтың алтыбас тармағының биінің баласы екендігі, жайлауы Тобылдың бас жағы мен Қазанбасының маңайында, қыстауы Арақарағай орманында болғаны көрсетіледі.

Мейірім мейірімді оятады, дамытады. Балғожаның Ыбырайға жазған хаттарындағы «Үміт еткен көзімнің нұры, балам», «Қарағым, көзім нұры, көңіл гүлім», «Көзіме жасымды іркіп сұрап тұрмын, Әлемге тегіс жеткен хақтың нұрын» деген өлең жолдары мейірімге, ақыл, нақыл, өсиетке толы. Бұл жолдар сонымен бірге Балғожаның жан дүниесін де ашып, қандай кісі болғанынан хабар береді.

Ыбырайдың саналы азамат ретінде өсіп жетілгенін қалаған Балғожа би болашақ дала ұстазын мектепке берді.

Орынбор шекара комиссиясы жанынан ашылған Ы.Алтынсарин оқыған бұл мектептің негізгі мақсаты – отаршылық аппараттың төменгі буындарына хатшылар (іс қағаздарын жүргізуші) мен аудармашылар даярлау болатын.

Ыбырай оқыған мектептің сабақ кестесі төмендегідей:

 

Апта, күні Сабақ уақыты Оқытылатын пәндер Мұғалімдер
Дүйсенбі 09.00-10.00 Татар тілі Колледж хатшысы Мірсадықбек Шораұлы
  10.00-11.00 Орыс тілі Титулярлық кеңесші Костромитинов
14.00-15.00 Арифметика Титулярлық кеңесші Костромитинов
15.00-16.00 Мұхамедтік заң Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы
Сейсенбі 09.00-10.00 Татар тілі (прак-қ сабақ) Колледж хатшысы Мірсадықбек Шораұлы
  10.00-11.00 Татар тілі
  14.00-15.00 Орыс тілі Титулярлық кеңесші Костромитинов
  15.00-16.00 Орыс тілі (прак-қ сабақ)
Сәрсенбі 09.00-10.00 Татар тілі (прак-қ сабақ) Колледж хатшысы Мірсадықбек Шораұлы
10.00-11.00 Орыс тілі Титулярлық кеңесші Костромитинов
Бейсенбі 09.00-10.00 Орыс тілі Титулярлық кеңесші Костромитинов
10.00-11.00 Орыс тілі
Жұма                  Сабақ оқытылмаған
Сенбі 09.00-10.00 Мұхамедтік заң Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы
10.00-11.00 Орыс тілі Титулярлық кеңесші Костромитинов
14.00-15.00 Арифметика
15.00-16.00 Татар тілі (прак-қ сабақ) Колледж хатшысы Мірсадықбек Шораұлы
Жексенбі 09.00-10.00 Орыс тілі Титулярлық кеңесші Костромитинов
10.00-11.00 Мұхамедтік заң Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы
14.00-15.00 Татар тілі Колледж хатшысы Мірсадықбек Шораұлы
15.00-16.00 Мұхамедтік заң Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы
15.00-16.00 Мұхамедтік заң

Көріп отырсыздар, жұма күні балалар сабақ оқымаған. Орыстар ашқан мектеп болғанымен, мұнда Ислам дініне ерекше көңіл бөлінді. Онда оқыған оқушылар құран мен хадистерді жаттап, оның мән-мағынасын біліп өсті. Осы мектепті үздік бітіруінің арқасында Балғожа атасының жоғарыда айтқан «Айрылма мұсылмандық тұтқасынан» деген ақылын іске асырып, «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабын жазып шығарды.

Мектепті ұйымдастыру, оқуға бала алу кезінде туған қиыншылықтарға орай Ережеге қосымша нұсқау шығарылды. Онда Ереженің кейбір параграфтары түсіндеріледі. Мәселен, Ереженің он екінші параграфында мектепке оқушылар алу туралы «Ұлы мәртебелі патша ағзам бекіткен Ереженің он екінші параграфының негізгі нұсқасы бойынша Шекара комиссиясы жанындағы мектепке негізінен қазақ балалары, онда да көбінесе ата-аналары патша өкіметіне қызмет еткен, немесе оған адал берілгендігімен көзге түскендердің балалары алынуы керек» делінген тұсына: «Мұны қазақ балалары, сұлтан, би, старшын балалары деп, сол  сияқты қарапайым қазақтардың балалары деп түсіну керек, тек үкіметке адал берілген адамдар болсын» деген түсінік берілді.

Мектепке оқушылар жинау ісін сұлтан правительдер жүргізді.

Екі ай бойы олар Орынбор маңындағы далалы жерлерде (көшпелі тұрмыс жағдайында) оқитын; ал мектепте оқыған кездерінде оларға қазақтың ұлттық тағамдарын беруге барынша назар аударылатын [5. 83-85 бет]

Мектепте 1857 жылы 20 қазақ баласы оқып шықса, солардың бесеуі – Шахмұрат Құлыбеков (Ақтөбенің Ырғыз ауданынан), Тоқтамыс Қосуақов (Ақтөбенің Темір ауданынан), Нұрым Мұңсызбаев (Қостанайдан), Ибраһим Алтынсарин (Қостанайдан), Шаһмұрат Көшербаев (Қостанайдан) үздік бітірген. Бұл бес балаға да 1858 жылы 8 қазанда Орынбор жеке корпусы бұйрығымен Муафик – Хорунжий лауазымы берілген (Хорунжий – әскери шен. Оған зауряд қосылса, әскери емес, билеуші).

Қалған он бес оқушы: Аймұхаммед Дербісов (Қостанайдан), Халиолла Қожанов (Қостанайдан), Мерғали Бахтияров (Оралдан), Момын Байдосов (Қостанайдан), Әділгерей Күсенғалиев (Оралдан), Ханшуақ Байтоқов (Оралдан), Сақыпкерей Күсенғалиев (Оралдан), Сегізбай Ақсартов (Қайдан екені жазылмаған), Қалжан Қаржасов (Қостанайдан), Құдабай Көпбергенов (Қостанайдан), Едіге Айтоқин (Қостанайдан), Тілеумағанбет Саматов (Ақтөбеден), Өтебай Бердалин (Оралдан), Сүлеймен Мұхамедғалиев (Оралдан), Жолмұхаммед Байжанов (Қостанайдан) [Орынбор архиві, 6 қор, 10 тізбе, 7325 «а» іс].

Мектепті бітіруге тиіс 20 бала болса, олардың 8-і келесі жылға қалдырылады.

Орынборға Ыбыраймен бірге Жанбайұлы Жұмағұл, Байдосұлы Момын, Амангелдіұлы Жақып, Айтоқаұлы Едіге, Байжанұлы Жолмұқанбет, Мұңсызбайұлы Нұрым, Ақсартұлы Сегізбай, Қаржасұлы Құлжан, Көпбергенұлы Құдабай, Көшербайұлы Шахмұрат барады.

1859 жылы жаңа Ережеге сәйкес мектепте оқылатын пәндер көбейтіліп, орыс тарихы, математика, жалпы география, орыс географиясы енгізілді. Мектеп кітапханасы орыс классикалық әдебиет-шығармаларымен толықтырылды.

Сол жылы бұрынғы шекара комиссиясы Орынбор облыстық басқармасы делініп өзгертіледі. Осы басқарма жанындағы мектеп оқушыларының саны қырыққа, 1863 жылы елуге жеткізіледі. Мектеп 1868 жылы 2 желтоқсанда жабылады.

1857 жылы мектепті алғаш 20 бала бітіріп, төртеуі Орынбор шекара комиссиясында қызметке қалдырылады да, көбісі дистанция бастықтарына хат-қағаз жүргізуші болып тағайындалады.  1857 жылы үздік оқыған – Ыбырай Алтынсарин, Нұрым Мұңсызбаев пен Шахмұрат Құлыбеков жаңадан сахарада ашылған мектептерге сабақ беруге жіберіледі. Ыбырай  Орынбор бекінісіне (Торғайға), Шахмұрат Орал бекінісіне (Ырғызға), Нұрым Троицк қаласында 1861 жылы қазақ мектебі ашылып сонда жіберіледі. Ильминский Ыбырай жайындағы естелігінде үшеуінен басқа тағы бір адамның мұғалімдікке жіберілгенін айтады, бір-ақ  аты- жөнін атамайды. [6.69-71 бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Зерттеу бөлімі

 

2.1 Ыбырай Алтынсарин және өзге тілді әдебиеттер

 

Мысал қазақ әдебиетінде жаңа жанр ретінде көрініп, дамымаған, тек ауыз әдебиеті үлгілерінде ғана кездесетін. Оны тұңғыш рет И.А. Крыловтың тәлім-тәрбиелік мәні зор мысалдарын аудару арқылы әдебиетімізге алғаш енгізген де Ы.Алтынсарин.

Халықты сауаттандыру, сана – сезімін ояту, рухани өмірін дамыта түсу мақсаттарында жазған хрестоматиясында  Ыбырай Алтынсарин орыс тіліндегі әртүрлі оқулықтардан сырттай үлгі алумен тынған жоқ. Осы іздену үстінде  ол орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне  жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы жазушылары  мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерін қазақ даласына алып келді; оларды қазақ  тіліне аударып, дала өміріне сіңістірді.  Орыс, Батыс, Шығыс көркем әдебиеті үлгілерін аударып, халық мұрасына айналдырған тұңғыш аудармашы.

Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың «Егіннің бастары», «Қарға мен түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан «Полкан деген ит», «Силинші», И.И.Дмитриевтен «Екі шыбын», орыс хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан «Тәккаппаршылық», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», «Аурудан – аяған күштірек», «Әке мен бала», «Білгеннің пайдасы», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды.

1880 жылы 7 шілдеде Мәскеудегі дворяндар мәжілісі өтетін залда А.С.Пушкин ескерткішін ашуға арналған салтанатты кеште Орынбордың зиялы қауымы өкілдерінің бірі П.Распоповтың Алтынсарин аудармасымен «Қазақ хрестоматиясына» енген А.С. Пушкин шығармаларын ерекше атауы соның бір дәлелі. «Мен Россияның алыс түкпірінен келген өкіл ретінде сіздердің көпшілігіңізге әлі мәлім емес жаңа бір жайдан хабардар еткім келеді,– депті ол. – Осы залда тұрып көрегендікпен жеткізген Пушкиннің өз сөзімен айтқанда, оның «даңқы бүкіл орыс жеріне жайылады және ол барлық тілде сөйлейтін болады». Бұл қазір шындыққа айналып отыр. [7,36-38 бет]

Орынбор бекіністерінде ашылып жатқан ұлттық мектептерде балалар енді өз ана тілінде оқи алатын болды, олардың енді өз хрестоматиясы бар және ол оқулықтардың алғашқы бетінде біздің бәрімізге де аса қадірлі, арамыздан қыршын кеткен ұлы ақынымыздың шығармалары жүр. Қазақтар мен башқұрттар орыс тілін оқып үйрену үстінде Пушкин есіміне қанық болады. Сонымен Россияның шығысында ұлы ақын таныла бастады».

Аударманың алдына қоятын негізгі мақсаты – сол тілде оқитын оқушыны басқа бір тілде жазылған шығармамен таныстыру.  Бұл таныстырудың өзі әр кезде әртүрлі мөлшерде болған. Әсіресе, өткен ғасырда, халықтардың мәдени дәрежесі әр сатыда тұрған кезде, аударманың «дәл шығу мөлшері аудармашының негізгі мақсаты мен мәтіннің өзіндік ерекшелігіне және аударманың қандай оқушыға арналуына байланысты болған». Соның нәтижесінде ХІХ ғасырда көптеген аудармашылар шығарманың оқушыға жақын, тартымды шығуына көбірек көңіл бөлді. Ыбырай Алтынсарин де осы принципті ұстады. Ол өз кезіндегі қазақ оқушыларының білім дәрежесі жағынан орыс оқушыларынан көп кейін екендігін ескермей кете алмады. Осының нәтижесінде ғана ол алғашқы кезде қазақ оқушылары үшін тәрбиелік күші басым, қысқа тартымды шығармалар пайдалы деп санады және осы мәндегі әрбір аудармалық шығарманың түсінікті, қарапайым түрде шығуын қадағалады. Бұл турасында хрестоматияның  алғы – сөзінде ол былай деп жазған еді: «Кітапқа енгізілетін әңгімелердің басым көпшілігі қазақтар рухында болуын көздедім. Сондықтан да ол үшін әңгімелерді таңдап алу аз қиындық келтірген жоқ. Әрбір жеке шығарма туралы жан – жақты ойлап қорытынды жасау қажет болды». [8,53 бет]

Ыбырай Алтынсариннің білім дәрежесі жағынан өте төменгі сатыда  тұрған қазақ оқушыларына лайықты шығармалар іздеуі, басқа тілдегі кейбір шығармаларды олардың дүниетануы мен біліміне сәйкестендіріп аударуы дұрыс та еді. Ұлы сыншы В.Г.Белинский жастар үшін өзге тілден аударылған шығарманың оқушы өміріне  жақын шығуын, оның дүниетанушылық ерекшелігіне  толық үндесуін талап еткен болатын. Мұнсыз аудармаларды ол өлі еңбек деп санаған еді.

Крылов орыс әдебиетінде мысал жанрын биік сатыға көтерді. Өткір де айшықты тілімен, әжуа, сықағымен ерекшеленетін 200-ден астам мысал жазды. Шығармаларында өмір шындығын терең бейнелеп, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды шенеді. «Рухтар поштасы» сатиралық журнал шығарды. Көптеген пьесалар мен либреттолардың авторы. Қазақ оқырмандарын Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы.Алтынсарин («Қарға мен түлкі»), Абай («Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден») таныстырды. А.Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса, С.Көбеев «Үлгілі тәржіма» атты кітап жазып, оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді. Крыловтың туындылары «Мысалдар» деген атпен қазақ тілінде жеке кітап болып шыққан болатын. [9.46 бет]

И.Крыловтың 1807-жылы жазылған «Қарға мен түлкі» мысалын қазақ әдебиетінің заңғар тұлғалары Абай, Ыбырай, Ахмет аударған. Үш нұсқаның да берер тағлымы зор. Алайда, көлем жағынан салыстырар болсақ, түпнұсқа 26 тармақтан тұрса Ыбырай нұсқасы-20, Абай-46, Ахмет-47 тармақтан тұрады.

 

 

 

 

 

 

«Қарға мен түлкі» мысалының аударма нұсқалары:

Крылов

1807

 

Алтынсарин

 

Құнанбаев

1898

Байтұрсынов
Уж сколько раз твердили миру,

Что лесть гнусна, вредна; но только всё не впрок,

И в сердце льстец всегда отыщет уголок.

 

Вороне где-то бог послал кусочек сыру;

На ель Ворона взгромоздясь,

Позавтракать было совсем уж собралась,

Да позадумалась, а сыр во рту держала.

На ту беду Лиса близехонько бежала;

Вдруг сырный дух Лису остановил:

Лисица видит сыр, Лисицу сыр пленил.

Плутовка к дереву на цыпочках подходит;

Вертит хвостом, с Вороны глаз не сводит

И говорит так сладко, чуть дыша:

«Голубушка, как хороша!

Ну что за шейка, что за глазки!

Рассказывать, так, право, сказки!

Какие перушки! какой носок!

И, верно, ангельский быть должен голосок!

Спой, светик, не стыдись! Что, ежели, сестрица,

При красоте такой и петь ты мастерица, —

Ведь ты б у нас была царь-птица!»

Вещуньина с похвал вскружилась голова,

От радости в зобу дыханье сперло, —

И на приветливы Лисицыны слова

Ворона каркнула во все воронье горло:

Сыр выпал — с ним была плутовка такова.

Ашылып түлкі жүрді жапандарда,
Тамақ іздеп жол шекті сапарларға…
Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,
Қарға ағаштың басында мұны көрді.
Тістегені аузында тәтті ірімшік,
Оны көріп түлкі — екең сөйлей берді.
«Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.
Сырттан халқаң тілейді барша халқың.
Қарға әніңдей әуез жоқ деп.
Осылайшы шығады сыртқа даңқың.
Сандуғаш, бұлбылдарды көріп едім,
Жүзіңді бір көруге келіп едім,
Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,
Сырттан асық болғаннан өліп едім».
Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,
Екі көзін қарғаға қылмаңдатып.
«Қарға тақсыр, көз жасым көріңіз»,- деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Масаттанып бұл қарға сілкінеді,
Ішін тартып миықтан бір күледі.
«Арып — ашып алыстан келген шығар,
Көңілі тынып кетсінші, шіркін», — деді.
Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,
Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып;
Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,
Оны кетті түлкі — екең алды қашып.

 

Жұрт біледі, күледі,

Сұрқия тілдің жаманын,

Қошеметшілердің амалын.

Сонда да солар қайда жоқ?

Ептеп айтса, ересің,

Артынан өкінсең де пайда жоқ.

Ірімшікті Құдайым

Кез қылды бір күн қарғаға.

Алып ұшып барды да,

Қонды бір биік ағашқа.

Үлкен олжа емес пе

Ірімшік деген қарны ашқа?

Бір жеп алып, шүкірлік

Қылайын деп аллаға,

Тұмсығында ірімшік,

Ойланып қарап тұр еді,

Бір қу түлкі сорына

Жақын жерде жүр еді,

Ішіне сақтап қулығын,

Ептеп барып барлайды,

Бұлғақтатып құйрығын,

Қарғаның көзін алдайды.

Тәтті тілмен, тәтті үнмен

Сөйлесуге айналды:

«Қарағым, не еткен сұлу ең!»-

Деп таңырқап таңданды,-

«Не еткен мойын, не еткен көз,

Осыдан артық дейсің бе

Ертегі қылып айтқан сөз?

Қалайша біткен, япырмай,

Мұрныңыз бен жүніңіз!

Періштенің үніндей

Деп ойлаймын үніңіз.

Осы көрікпен, Бұл жүнмен,

Әншілігің белгілі,

Ұялмай, қалқам, бір сайра,

Біз де алалық үлгіні.

Құс төресі біздерге

Сіз боларсыз бір күні».

Басы айналды қарғаның

Сұмның айтқан сөзіне.

Қуанғаннан бөртініп,

Бір мастық кірді өзіне.

Өзіне біткен өңешін

Аямастан қарқ етті,

Ірімшік жерге салп етті,

Іс бітті, қу кетті

 

Бір түйір ірімшікті тауып алып,
Ағашқа Қарға қонды ұшып барып.
Тоқ санап ірімшікті көңіліне,
Жей қоймай, отыр еді ойға қалып.
Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға,
Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма?
Шығатын шығасыға болып себеп,
Ағашты Түлкі залым аралар ма!
Тістеген ірімшігін Түлкі көріп,
Аяғын ептеп басып жақын келіп:
«Уһ! — деді, — көретін де күн бар екен,
Жүруші ем сырттан асық болып өліп!
Тамаша қарағанға түрің қандай,
Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай!
Гауһардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен және маңдай!
Көркемдік сипатыңнан табылғанда,
Даусың да болса керек шырын — балдай!
Көптен — ақ дабысыңды естісем де,
Болған соң келе алмадым жерім шалғай.
Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,
Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген.
«Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас,
Арман жоқ жанда сені көріп өлген!
Көркіңді бітіре алман жазып хатқа,
Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа.
Мен қайран: «Неғып патша қоймаған?» — деп,
Даусың да сипатындай болған шақта!
Нұрыңды күн секілді көріп тұрмын,
Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын.
Даусыңды тым болмаса бір шығаршы,
Естуге құмар болып өліп тұрмын».
Мәз болып, мақтағанға насаттанып,
Қайтпасын, деп ойлады, сағы сынып.
Алыстан арып — ашып іздеп келген
Байғұстың кетсін деді көңілі тынып.
Өтірік мақтағанға Қарға еріп,
«Қарқ» етті пәрменінше жағын керіп.
Ірімшік «қарқ» еткенде жерге түсіп,
Жеп алып Түлкі кетті жортып — желіп.

* * *
Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр,
Залымдық өтірік пен мүлкі боп жүр.
Солардың сұмдығына түсінбеген
Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр.
Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып,
Далада кең сахара көшіп — қонып.
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып.

 

Академик Қ.Жұмалиев «Ол әңгімелерді аударғанда Алтынсарин барлық жерде түпнұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды принцп етіп қоймаған. Кейде тақырыбын, кейде сюжетін кейде баяндау әдісін өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне жақындатып, қазақ балаларына түсінікті баяндауды негізгі нысанасы еткен» [10.19-22 бет]– деп көрсетеді. Ыбырай аудармаларының осындай басты ерекшелігін қазақ аудармасының тарихын зерттеуші С.Талжанов та атап өткен болатын: «Ол кезеңде қазақ азаматы Алтынсарин орысшадан аударғанда, қазақ оқырмандарына бейімдеді, жеке сөзін қуаламай, ойын беруге тырысты, өз халқының ұғымына сай етіп аударды.» [11.168 бет]Бұл жайында Ә.Сатыбалдиев «Ол түпнұсқаның шеңберінде қысылып қалмайды, оның идеясын, сюжетін алады да, өз оқушыларының жағдайына қарай, тартымды да көркем әңгіме құрады. Мұның бәрінде, ең алдымен, оның ағартушылық мүддесі бой көрсетіп отырады. Және ол өзінің шәкірттері мен оқушыларының жағдайын ешуақытта естен шығармайды, жазғандарының қалай да соларға түсінікті болу жағын көздейді[12.17 бет]– деп жазады.

Ә.Дербісалиннің анықтауынша, Ыбырай аудармаларының жалпы саны – 35. Олардың ішінде И.И.Паульсоннан – 20, Толстойдан – 6, К.Д.Ушинскиден – 3, қалғандары И.Крыловтан, Шмиттен, В.Дальдан 3-4 шығармадан аударған.

 

 

2.2 «Қазақ хрестоматиясы» — оқу мен тәрбие құралы

Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жыл) деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы

отырған жалғыз кітаптың орыс  — қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына  жарайтын  кітап бола алу жағын көздедім…» — деп  тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі  міндетті  де толығынан  атқарды. Оқулықтың революцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте (4 рет) қайталап жарық көруі, оның өз кезеңінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар бойында да талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына бастауы болып келгендігін көрсетеді. Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогтық мақсатына  лайықты жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай  — ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз – тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Олар жас жеткіншектерді адал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулу, адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ардақтау, үлкенді, ата – ананы қадірлеу, өнер – білімді байлық – дәулеттен жоғары қою тағы басқалар.

Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс — әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы санқилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді мақсат еттік.

Алтынсарин мейілінше қиын жағдайда жұмыс істеді, талай бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Әсіресе, оның келешекке сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді. Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар, тек қана жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:

«Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды,

«Өнер жігіт көркі» — деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды» — деді.

Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар адамгершілікке, махаббат, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке, қысқасын айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі  болып шығуға үндеді. Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог – ғалымдардың ертеден бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселесінің бірі десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы бірінші қазақ педагогі Ыбырай Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтердің, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог – ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой мен пікірлес болды. [14.49 бет]

«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.

1) Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап.

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

2) Надандықтың белгісі-

Еш ақылға жарымас…

Жөн білмеген адамға

Қыдыр ата дарымас…

Бұл «өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі, халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында»,- деп атап көрсетеді ғалым Ә.Дербісалин «Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары» деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз, еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б.

Ал «өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.(«Сарай салғызды», «Айшылық алыс жер», «Көзіңді ашып жұмғанша», «Құстай ұшу», «Балықтай жүзу», » Өнер- жігіт көркі», «Сіздерге бердім батамды» т.б.

Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты,астамсу, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті,естілікті салттардың зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлықтың артықшылықтарын бейнелейді. Мысалы:

Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,

Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.

Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпенен.

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз

Азған елдің ішінен

Алыс- алыс қашыңыздар

Зияндасты кісіден.

Жақсыны көзден салмаңыздар,

Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…

Ыбырайдың мұндай өлеңдері бүгін де ескерді, мән –мағынасы көнерді деп айта алмаймыз.

Ақынның бірлі – жарым өлеңдері табиғаттың сұлу көрністерін суреттеуге арналған. Мұндай лирикалық өлеңдер Ыбырайға дейін қазақ әдебиетінде кездеспейтін. Өйткені пейзаждық лирика, көбінесе, жазба әдебиетке тән.Табиғат сұлулығын жырлау – орыс әдебиеттінде,т.б. елдердің әдебиетінде ХҮІІІ ғасырдан келе жатқан белгілі дәстүрлердің бірі.

Ыбырайдың «Жаз»,»Өзен» өлеңдері көркемдік келісім жағынан

(халық өмірімен байланыс,өлкетану т.б.) оқушының жан дүниесінде жайдары сезім туғызып, көңілді әсер қалдырады. Табиғат көріністерін суреттеуі жағынан да Ыбырай мен Абайдың арасында үндестік бар.Олардың орыс әдебиетімен жақсы таныстығы көрінеді.

Ыбырайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерінен ақындық шеберлігі де көрініп тұр.Зерттеушілер бұл өлеңдердің халық арасына кеңінен таралғандығын атап көрсетеді.

Сондай- ақ ағартушы ғалым бала тәрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мән беріп, ана махаббатын терең сезіммен жырлап, сол арқылы баланың ата- ана алдындағы перзеттік парызын есіне салып, ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтқан. Бұл өлеңдерді біз бастауыш сыныптардан-ақ жатқа айтып жүрміз. («Бұл кім?, «Ананың сүюі», » Балғожаның хаты»…)

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі — проза жанры болды. Оның » Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.

Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі – еңбек.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», — дейді.

Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып» бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан – жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес.

Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», —  деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. Оның осы тақырыпқа жазған бір әңгімесінде:

«Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп – тік, ана біреуі неліктен қисық біткен?» — деп сұрады баласы. «Ата – ананың тілін алсаң ана ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен», — деді атасы. «Олай болса бағу – қағуда көп мағына бар екен ғой»,- деді баласы. «Бағу – қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді  түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің  айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең сен де мына қисық біткен  ағаштай қисық өсерсің», — деді.

Ыбырайдың шығармаларының мәні сол замандағы орыс елінің өнерге, өнеркәсіптеріне аяқ басуы арқасында орыс оқығандарынан шыққан, жаңашылдардың әсерімен және қазақ даласына сауда капиталының, отаршылдықтың мықтап шеңгел салуының әсерімен Ыбырай жастарды оқуға, өнерге шақырды. Енді одан басқа жолдың жоқ екенін біледі. Онан соң Ыбырай қазақ елінің білім майданында тез ілгерілеуіне үлкен бөгет болатын сол заманда – ақ білген, араб әрпіне қарсы болған. Сондықтан қазақтың ана тілінде жазған оқу құралын орыс әрпімен жазған. Бұл ретте Ыбырайды  орыс миссионерлері пайдаланбақ болған, Ыбыраймен жақындасқан, Ыбырай олардан қашпай, оларды өзі пайдаланып жүрген, сондықтан қазақ ескішілдері оны «шоқынды» деп шығарған, талай өсектер таратқан.

Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар адамгершілікке, махаббат, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке, қысқасын айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі  болып шығуға үндеді және жастарға бала кезінен бастап дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог – ғалымдардың ертеден бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселесінің бірі десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы бірінші қазақ педагогі Ыбырай Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтердің, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог – ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Бунакаковтармен пікірлес болды.

Соңғы зерттеушілер (Ә.Дербісәлин) Алтынсариннің отыз бес аудармасының барлығын айқындатып және әңгімелерінің көпшілігі И.И.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке» хрестоматиясынан алынған да, басқалары К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово», Л.Н.Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан

алынғандығын анықтап отыр.

Бұлардың көпшілігі дәл аудармалар да, бір қатары ерікті аудармалар. Кейбіреулері орысшадан тек тақырып, сюжетін ғана алып, қазақтың өмірі мен тұрмыс – салтына жақындатып, өзінше жазған деуге болады.

Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүние танушылық көзқарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматиясының» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Сондықтан да ол талай жылдар, талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, Отанын – елін сүюшілік, талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы:

Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана – сезімдеріне лайықтыланып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталуы өз алдына, сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен: оқу, еңбек, талап, мейірімділік тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды.

Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып, оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі – еңбек.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», — дейді.

«Сәтемір хан» атты әңгімесінде жеті жасында ата-анасынан айрылып жетім қалған Сәтемір деген бала ойнап жүріп бір үйдің түбіне келіп сүйеніп тұрғанда, бір аяғы жоқ ақсақ шегірткенің үйдің төбесіне қарай өрмелеп бара жатқанын көреді. Біресе тамның ортасына келіп, біресе төбесіне жетіп қала бергенде әлгі шегіртке домалап құлап кете береді. Ақыры өз мақсатына жетіп төбеге шығады. Мұны көрген Сәтемір үлкен ойға оралып, өзінің құр жұмыссыз жүргенін ойлап, ойынын тастап қалаға кетеді. Біреудің қолында жалшылықта жүріп оқиды. Сөйтіп бала Сәтемір данышпан оқымыстыға айналады.

«Әке мен бала» әңгімесінде де жалқау баланың күйін сипаттайды. Осындай әңгімелері арқылы балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге дағдылайды.

Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып» бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл жақсы әдеттің нышаны емес. Сондықтан балаларды жастайынан – ақ бойкүйездікке,

жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес.

Жазушы «Атымтай жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Атымтай еңбектен ұдайы қол үзбейді. Бұл ел аузында ертегі жыр болып кеткен, ежелгі араб жұртының әңгімесі болатын. Ыбырай осы ел аузындағы ертегіні балаларға арнап әңгіме етіп ұсынды. Әңгіменің идеясы да , кейінгілерге үлгі боларлық жағы да Атымтайдың сөзінен айқын көрінеді. Атымтай бір сөзінде: «Күн сайын өз бетімен тапқан пұлға нан сатып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады екен.» — дейді.

Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырбының бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар», — деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап – жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады.

Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», —  деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық әңгімелер жазды. Оның осы тақырыпқа жазған бір әңгімесінде:

«Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. «Мына ағаш неліктен тіп – тік, ана біреуі неліктен қисық біткен?» — деп сұрады баласы. «Ата – ананың тілін алсаң ана ағаштай сен де түзу болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық

ағаштай болып бағусыз өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен», — деді атасы. «Олай болса бағу – қағуда көп мағына бар екен ғой»,- деді баласы. «Бағу – қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді  түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің  айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең сен де мына қисық біткен  ағаштай қисық өсерсің», — деді.

Бұл әңгіменің оқушылар үшін де, оқытушылар үшін де үлкен тәрбиелік мәні бар. «Баланы жастан», — дегендей, оған жас күннен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек.  Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде сол қисаюмен барып мерт болады. Ыбырайдың бұл әңгімесі қазіргі мектеп балаларын  тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады.

Махаббат, мейірімділік туралы, әсіресе, «Мейірбанды бала», «Шеше мен бала»,  «Аурудан – аяған күштірек» деген үш әңгімесін алуға болады.

Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту ғып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді, олардың кейбіреулері өсе келе, тек «атасының баласы болмай, адам баласы» бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген мешандық көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын  бақыты үшін де қол созады.

            «Мейірімді бала» әңгімесінде, 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін, патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала – шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», — дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де  махаббаты суреттеледі.

Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан – аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Бұл

әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да анасын ренжітпеу үшін қабақ шытпағандығы айтылады. Автор бұл көріністі былай суреттейді:

«Сейіт орам – ораммен жүріп бара жатқанда, бір арбалы келіп аңдаусыз соғып кетіп аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баласын көріп, шошынғаннан шешесі талып қалыпты. Мұны көрген соң Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып таңып жатқан да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың?» деп сұрапты. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып сынықшыға сыбырлап: «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп жатыр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып жыламасын деп жатырмын», — деді.

Сейіт шын мәнінде мейірімді бала болып суреттеледі. Мұндай жастарда жалпы адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз. Бала кезінен әлпештеп өсірген анасының қадірін білген жас алақанына  салып аялап, тәлім – тәрбие беріп отырған ұлы анасы- Отанын сүйетін, ол үшін де өз жанының ауырғанына ыңқ етпейтін нағыз отаншыл болып шығады. Ыбырайдың бұл әңгімесінің идеясы осы. Бұл әңгімені осылай түсінсек қана Сейіттің мейірімді мінезін дұрыс түсіне аламыз.

           Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселенің бірі – Ыбырай еңбектерінде түрлі елдердің мәдениет майданындағы өзара достық қарым – қатынастары да бейнеленіп отырады. Ыбырай балаларға шетелдің жақсы адамдарын үлгі етуі – оның жалпы адам баласының достық идеясын аңсағандығын көрсетеді.

Ыбырай қазақ халқын қалай еткенде тез көркейтуге болады деген сұраққа жауап іздеді, төбеге шығып төңірегіне қарады. Оның көзіне өскелең орыс елінің  озық мәдениеті түсті, осы мәдениетке бой ұрды. Орыс халқы қазақтың досы, үлгі — өнеге боларлық үлкен ағасы. Біз осы халықтан үйренуіміз керек: идеясынан рух, мәдениетінен нәр, өнерінен үлгі алуымыз

керек деді. Сөйтіп Ыбырай бұдан жарты ғасыр бұрын осы идеяның жаршысы болды. Жаршысы болып қана қойған жоқ, оны өз қолымен іске асыруға кірісті.

Әңгіме атында емес, тәрбиелік мәнінде, ол әңгімелердің өз кезінде атқарған қызметінде ғой. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, өзі жазған әңгімесі болсын, орысшадан аудармалары болсын Алтынсарин жазба әдебиетіміз тарихында балалар әдебиетінің негізін салушы  — атасы болды.

Балаларға арналған шығармалар ең алдымен уақиғалы, қысқа, қызықты, тартымды болуы қажет.  Мейлінше түсінікті, балалардың ұғымына жеңіл, тілі жатық және әдеп — өркен, оқу, өнер адамгершілікке жетектейтін тәлім – тәрбие берерлік болуы шарт. Балаларға ешбір зорланбай, қызыға отырып оқумен қатар, көздеген нысана, ойлаған мақсат іске асуы керек. Яғни, автор әңгімесіне қандай мақсат қойса, сол балалардың ой – санасында мәңгілік қалатын болсын. Сонда ғана әңгіме өз міндетін атқармақ. Ыбырай әңгімелері осы шарттардың барлығына дәл келеді.

Мысалы, жоғарыда Паульсонның хрестоматиясынан алып, кейіпкерлеріне  Сейіт деген ат беріп, кейбір жерлерін өзгертіп, қазақшалаған «Аурудан — аяған күшті» дейтін әңгімесіне назар аударсақ, бірнеше жолдан ғана құралады. Бірақ сол кіп – кішкентай әңгіменің ішінде оқиға бар, диалог бар. Қысқасы өзінше, бас – аяғы бүтін, жап – жақсы шағын ғана шығарма болып шыққан.

Бұл келтірілген мысалдардан басқа да Алтынсариннің аударған, өзі жазған  қысқа әңгімелері әрі тәрбиелік мәні үлкен, шеберлігі жағынан мүлтіксіз әңгімелері көп және өмір құбылысы, адам өмірінің әралуан  жақтарын қамтиды.

          «Бай мен жарлы баласында» ел көшіп кетіп, ойламаған жерден жұртта ұмытылып қалған екі баланың бастарынан кешірген бір тәуліктегі оқиғаны суреттеуге арналса да, тереңірек қараған адамға автордың ой  түйінінде көптеген сыр жатқандығын аңғаруға болады.

Шығармасының  бас кейіпкері етіп бай баласы мен кедей баласын  алуының өзінде үлкен сыр жатыр.

Егер оның көздегені тек Үсеннің ақылдығы, Асанның ақылсыздығы, яғни, бір жастағы балалардың  бірі ақылдырақ, екіншісі ақылсыз болуы мүмкін екендігін көрсету болса, онда оларды екі таптан шығарудың қажеті болмас еді. Жазушының бұл жерде көрсетейін дегені биологиялық, не психологиялық мәселе емес, әлеуметтік мәселе. Асанның есі дұп – дұрыс, дені сап – сау. Бірақ, оған қарағанда Үсен көш ілгері жатыр. Өмірмен бетпе – бет келгенде Асанның әлсіз мүгедектігіне кінәлі де, Үсеннің өз құрдастарынан асып түсіп, бетпе – бет келген өмір қиыншылығымен алыса кетуіне  негіз де  — тұрмыс. Өз бетімен жерден еңкейіп шөп алмай өскен Асанды өскен ортасымен, ақысыз – пұлсыз асыраған тұрмыс өз бетімен күн көруге келгенде әлсіздікке, бишаралыққа ұшыратса, әкесін де, өзін де өз күші, өз еңбегімен күн көруге дағдыландырған қиыншылық тұрмыс кедей баласы Үсенді күрес ері етті.

Асан да, Үсен де жай ғана алына салған балалар емес. Бірі – бай баласының, екіншісі – кедей баласының типтік бейнелері.

Жазушы өз ортасынан  үздік шығатын бірен – саран ақылды, талантты Асандардың, не ақылсыз Үсендердің болу мүмкіншілігін, әрине, жоққа шығармайды. Бірақ ол бай балаларының көпшілігіне тән мінез Асанда, кедей баласының көпшілігіне тән мінез Үсенде деп, оларды өз орталарының  кейіпкері – типі етіп көрсетеді.

Асан мен Үсен бейнелеріне байланысты және бір айта кететін нәрсе, бай баласы мен кедей баласын салыстырғанда, алдыңғысы ақылды, соңғысы ақылсыз келеді деген ескі ұғымға да жазушы соққы бере кетеді.

 

 

 

 

2.3 Шығарма көркемдігі — тілінде

 

Академик  З.Қабдолов көркем шығарма тілі туралы былай деген: «өзгеше сөз машығы болмаса, қаламгерде не қасиет бар? Бірақ өзгеден оқшау көрінем деп, халық тіліне орынсыз эксперимент жасау тағы да ағат. Бұл екі жақты тең ұстамасқа болмайды»- дейді [15,  16 бет]

Белгілі бір халықтың көркем әдебиеті басқа халықтардың әдебиетінен, ең алдымен, өзінің образдар жүйесімен, сөз бейнелеу тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдебиеттегі образдар жүйесі және сөз бейнелеу тәсілдері – ұлттық характердің ең басты көрсеткіштері. Бұларсыз ешбір ұлт әдебиеті өмір сүре алмайды. Көркем әдебиет үшін, әсіресе, ұлттық тілдің маңызы зор.

Қазақ тіл білімінде теңеуге толық талдау жасаған ғалым – Т.Қоңыров. ‟Қазақ теңеулері” атты ғылыми монографиясында теңеудің бүкіл лингвистикалық болмысын: жасалу жолдары мен синтаксистік құрылымын, түрлерін жан – жақты қарастыра отырып, теңеуге мынадай анықтама береді: ‟Теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды – экспресссивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы” – дейді  [16, 8 бет].

Ғалым З.Қабдолов өз еңбегінде эпитет жайлы былай дейді: ‟тіл байлығын игеру, сөз қорын молайту бір бар да, сол бай тіл мен мол сөзді әдеби шығармада суреткерлік шеберлікпен қолдану бір бар [15, 204 бет].

Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз”

      Кейбір сөздіктерде: «Эпитет дегеніміз – тек сын есім ғана емес, кез келген сөз табының зат есімге қоса тіркеліп, оны анықтауы», – деп түсіндіреді.  Әдеби терминдер сөздігінде: «эпитет – зат есімге тіркелген, немесе зат есімнің орнына жүретін суреттеуші термин», –  деп анықталады [17, 104бет]

 

 

Өзен

 

Таулардан// өзен ағар //сарқыраған,           а  -11

Айнадай //сәуле беріп //жарқыраған.           а  -11

Жел соқса,// ыстық соқса// бір қалыпта,       б  -11

Аралап// тау мен тасты// арқыраған.            а  -11

 

Көңілің// суын ішсең //ашылады,                  а  -11

Денеңде// бар дертіңді// қашырады.             а  -11

Өксіген //оттай жанып// жануарлар,             б  -11

Өзеннен //рақат тауып //басылады.               а  -11

 

 

Қынарда// тілсіз тұрған //тоғайлары,              а  -11

Шуылдап// желмен бірге //бас ұрады…           б  -11

Он мың мал// айдап өтсе де //лай қалмайды,   б  -11

Тасыса,// су бармаған// сай қалмайды.            б  -11

 

Тасыған// өзен судың// қуатымен,                    а  -11

Көк шалғын// шөп бітпеген //жай қалмайды.  б  -11

Ел қыстап //күн көреді// жанабында,               б  -11

Дәм болар //алуан-алуан// балығында…         б  -11

 

Тас таста,// алтын таста //сынамаққа,             а  -11

Сонда да //аққан өзен// қалыбында!               а  -11

Құдыретін// «Құдайымның»// көресің бе,      б  -11

Не нәжіс// тоқтар өзен //денесінде…                б  -11

Арыстан //демалуға// суға кірсе,                     б  -11

Балықтар// шымшып ойнар// терісінде…        б  -11

 

Тақырыбы Өзен қасиеті
Идеясы Өзеннің сұлу табиғатын суреттей отырып, қасиетін, пайдасын дәріптеу
Өлең құрылысы 5-шумақты, әр шумағы 4-6 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды аралас (1-2 шумақ қара өлең, 3-5 шумағы шұбыртпалы) ұйқасқа құрылған.
Поэтикалық тілі
Теңеу Айнадай, оттай
Эпитет Тілсіз тоғай, көк шалғын.

 

 

«Залым төреге»

«Тақсыр, тақсыр»// дегізіп //тамсандырдың,  а  -11

Сөйтіп жүріп// аяққа қан //салғыздың.            а  -10

Жан жүрмейтін// ісіме// жан алғыздың,           а  -11

Ақырында// малымнан// құр қалғыздың!        а  -11

 

Оразаның// түбіне// мақсұт жетер,                   а  -11

Азған елдің// түбіне //тақсыр жетер.                а  -11

Әділдіктен //хан тайса, //наным кетер,             а  -11

Жылай-жылай// жарлының// малы кетер.        а  -10

 

Ай, тақсыр,// бұл дүние //өтер-кетер,               а  -10

Мал иесі де// артыңнан// қуып жетер.              а  -11

Жарлылар да// бір табар //әділ қазы,             б  -11

Таразылы //күн болса,// арыз етер!..              а  -11

 

Тақырыбы Әділетсіз төре
Идеясы Ел билеген төрелердің әділетсіздігі, халыққа жасаған озбырлығын шенеу.
Өлең құрылысы 3-шумақты, әр шумағы 4 тармақты, 3 бунақты, 10-11 буынды аралас (1-2 шұбыртпалы ұйқас, 3 шумағы қара өлең) ұйқасқа құрылған.
Поэтикалық тілі
Теңеу Жоқ
Эпитет Азған ел

 

 

Ыбырай шығармаларындағы тәрбие концептісі

 

Тіл білімінде  пікірталас туындатқан «концепт» термині  когнитивтік  лингвистика ғылымының қажеттілігінен туындайды. «Концептінің» «ұғымнан»  басты айырмашылығы соңғы энциклопедиялық ақпарат  беріледі,  яғни  «концепт» «ұғымнан» кең мағынаға ие. «Ұғым» ғылым білімнің нәтижесін білдірсе, «концепт» сөздіктегі  мағынамен қатар, «алғашқы формасы (этимологиясы), басты тарихи белгілерін ғана қалдырып өте ықшам формасын, қазіргі заман ассоциясын, бағалау модусын» жинақтаған көпқабатты құрылым. Демек, концепт ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді.

Лингвомәдениеттануда «концепт» жалпы белгілі бір этнос мәдениетінің басты элементі, адамның менталді әлемінің басты ұяшығы деп танылады.   Концептінің басты белгілерінің бірі – оның мәдени реңкте болуы.

  1. Концепт — ойлау мен таным және мәдени процестердің жиынтығы бола келіп, адам ойындағы ғалам бейнесінің өзіндік белгілерінің ассоциациялануының нәтижесі Концепт — ғаламның концептуалды бейнесі жайлы түрлі ақпарат беретін ұлттық — мәдени — танымдық мәнге ие болған доминанттың тілдік қолданыстағы мағынасының ой елегінен өтіп, тіл арқылы бейнеленуі. [18.16 бет]

 

 

Аудармалары
Төл туындылары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ТӘРБИЕ» КОНЦЕПТІСІНІҢ КОНЦЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІ

БІРЛІК
ЕРКІНДІК
БЕРЕКЕ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-СЫЗБАНҰСҚА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ТӘРБИЕ» КОНЦЕПТІСІНІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

 

 

 

 

 

 

Адал тәрбие, ақ ниет,   Азға қанағат қылмасаң,

Маңдай тер, терең        көптен құр қаласың.

білім                            Байлық-қанағат пен еңбекте.

Өнер-жігіт көркі

 

 

                            схема

                                                 сценарий

ата-анадан

үлгі-        скрипт

өнеге                                                     ойсурет

алған,

көп жұмысты                   фрейм

қиынсынбаған                                                Еңбек етсең емерсің.      

                                                                      Еңбек түбі-береке

                          еңбек, білім, өнер                                                       ,

 

          

 

 

 

2-СЫЗБАНҰСҚА.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ТӘРБИЕ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-СЫЗБАНҰСҚА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Еленген еңбек

 

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан, олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «Жол болсын!» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктеп, мән мағынасы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы сандақтардың бірі.

Ыбырай Алтынсариннің сол қоғамдық өмірдегі беделін, оның қандай мақсаттағы мәдениет қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғартып қоймайды, хрестоматиямен нақты танысқан бастапқы аз ғана адамдардың да оның жаңаша мазмұны мен мақсатын дұрыс бағалап, оған лайықты үміт артқанын білдіреді.

Ыбырай Алтынсариннің еңбегі, әдеби шығармаларының бірден  — бір жинағы, қазақ жазба әдебиетінің төл басы «Қазақ хрестоматиясы» екенін мақтанышпен айтамыз.

Қорыта айтқанда, оны адастырмай, үнемі алға бастап, шындыққа жүгінткен Алла Тағаланың хақ жолы. Ой-санасының жоғары болуы, адамдық қасиетінің биіктігі, біріншіден, ата-баба тегінде, халқының даналығында, өскен ортасының әсері, екіншіден, орыс халқының зиялы өкілдерімен араласып, білім, ғылыммен сусындауында, үшіншіден, әлемдік педагогикалық ой-санасы бойына сіңіре білуінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордалары

  1. Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп. Қостанай облысы, Амангелді ауданы
  2. Ыбырай Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.
  3. Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебі. Қарағанды облысы,  Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені.
  4. Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат. Қостанай қаласы.
  5. Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі. Қостанай облысы.
  6. Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-гимназия интернаты. Павлодар қаласы.
  7. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп.
  8. Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп.
  9. Тараз қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия.
  10. Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназия. Алматы қаласы.
  11. Батыс Қазақстан облысы Тас қала ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп.
  12. Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институы. Қостанай облысы, Арқалық қаласы.

 

Ыбырай Алтынсарин атындағы тарихи мұражайлар:

1.Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі.  Қостанай облысы, Қостанай қаласы.

2.Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражай. Қостанай облысы, Торғай

3.Ыбырай Алтынсаринге арналған мектеп мұражайы. Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Ы.Алтынсарин жалпы білім беретін орта мектебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Бір Құдайға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! – деп бүкіл қазақ даласына жар салып, біз секілді жас өрендерді оқуға шақырып, ғылым-білімнің мәнін алғашқылардың бірі болып тәптіштей түсіндіріп берген Ыбырай Алтынсарин. Балаларға арналған осы үгіт-насихатқа, жастарға деген махаббатқа, сенімге толы, балалар ұғымына лайықталып түсінікті таза қазақ тілінде жазылған өлең бізді жігерлендіре түседі.

Ыбырай – мұғалімдік пен жазушылықты бір-біріне ұштастыра білген ұлы ұстаз. Қазақ мәдениетінің алғашқы қайраткерлерінің бірі. Қазақ даласында бұрын-соңды болмаған жаңа үлгідегі мектеп ашып, оның өзіне ғана тән ерекшелігі бар бағдарламасын, оқу-құралдарын жазушы, шаруашылық есеп-қисабын да жүргізуші болған. Торғайда алғашқы білім ордасының бой көтеруіне түрткі болған да Ыбырай атамыз.

Дана да кетсе, дара да өтсе,

Артында ұрпақ қалмай ма?

Жырлаймыз десек, тіліміз жетсе

Асыл да жетед Торғайда.

Осындай ұлы тұлғаларымыздың қасиетті қарт Торғайда мектеп ашып, тұңғыш Торғайда жанған білім шырағы бүкіл елімізге таралды. Барлық ұстаздардың ұстазы Ыбырай деп те нық сеніммен айта аламыз.

Тұлғасыз ел-тұлдыр, болашағы бұлдыр. Елді алға жетелеп ілгері бастыратын ірі тұлғалары. Ы.Алтынсарин маңайына жарық шашқан сондай ұлы тұлғалардың бірі, өзінен кейінгі талай тұлғалардың тәрбиешісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиетер тізімі

 

  1. «Әдебиет тарихы».  Алматы – 1991. «Ана тілі» баспасы, — 218 бет
  2. Оспанұлы С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар. : ғылыми мақалалар, эсселер. – Қостанай: Шапақ, 2006. – 295 б.
  3. Дала уалаяты газеті, 1894. №26
  4. Таңдамалы шығармалары. Солтүстік Қазақстан заң академиясы -2003 -179
  5. Сүлейменов Б. «Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы және қызметі». Алматы – 2014. – 70 бет.
  6. Оспанұлы С. Сөнбес шырақ.– Қостанай: «Қарлығаш», 2016.-280 бет
  7. Сыдықов Ә. С. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық пікірлері және ағартушылық қызметі» Алматы – 1949. – 200 бет
  8. Шотанова С. «Ыбырай Алтынсарин прозасы» Алматы – 1998.
  9. Д. Ысқақұлы. Аудармадағы Абай дәстүрі. / Әлем әдебиеті. – 2012. – №3. – 182-203б.б.
  10. Қ.Жұмалиев. Қазақ әдебиті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. 2 том, Астана1960 53- бет
  11. С.Талжанов. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. Алматы1975, 194-бет
  12. Ә.Сатыбалдиев. Рухани қазына, Алматы1987, 17-бет
  13. Дербісәлин Ә.Ж. «Ы.Алтынсариннің жазушылық қызметі» 1955 ж.
  14. Жұмағлұлов Қ. Ыбырай Алтынсарин шығармалары.
  15. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: ‟Қазақ университеті”, 1992. – 352 бет
  16. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: ‟Мектеп” баспасы, 1978. – 192 бет.
  17. Серғалиев М. Сөз сарасы.- Алматы: Жазушы, 1989 ж .- 136 бет. Жиренов С. XV-XІX ғ.ғ. ақын жыраулардың «өмір-өлім» концептісі. автореферат. – Алматы, 2007ж . — 30 бет
  18. Хасанова С.Ш. «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тіл ерекшелігі» 1972 ж.
  19. Алтынсарин Ы. «Кел, балалар, оқылық». Өлең, әңгімелер мен мақал, жұмбақтар. – Алматы: Атамұра, 2014. – 168 бет.

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы , Луговой ауылы, Максим Горький атындағы орта мектебінің 10 «В» сынып оқушысы Сұлтанова №маргаританың  «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбелік мәні» атты тақырыбындағы ғылыми жұмысына

Аннотация

Оқушының жазған ғылыми жұмысы «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тәрбелік мәні». Ғылыми жұмыс, кіріспе, зерттеу бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады.

Ғылыми жұмыстың негізгі құрылымы мен нәтижелеріне тоқталар болсам, олар төмендегідей:

 

Ғылыми-практикалық маңызы мен жаңашылдығы – оқушыларды көркем шығарманы оқуға, концепті құрылымын анықтау және  ондағы негізгі идеяны түсіну. Оқушы Ыбырай шығармаларын оқып, жалпы талдау жасады, жіктеді.

 

Зерттелу деңгейі мен деректік базасы – қазақ жерінің  тума таланттарын біліп, олардың өміріне, шығармашылығына үңілу үшін, салыстыру, талдау, жинақтау әдістерін қолданған. Ақын аудармаларын түп нұсқамен және басқа аудармашы нұсқаларымен салыстыра отырып, қорытынды жасаған.

Тақырыптың мазмұны мен ашылуы –Ыбырай шығармаларын оқи отырып, тақырыбы мен идеясына, поэтикалық тіліне, концептісіне, аударма нұсқаларына тоқталған.  Тақырыптың мазмұны толық ашылған.

 

Жұмысқа ескертпе – шығарма талдауда поэтикалық тіліне, өлең құрылысына, тақырып пен идеясын нақты көрсете білді, концептіні дұрыс тұжырымдармен анықтады. Бұл ғылыми жұмысқа ескертпем жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Научная работа ученика 10 «В» класса  средней школы им.Максима Горького Султановой Маргариты «Образовательная сущность произведений Ибрия Алтынсарина»

 

Научная работа ученика — «Образовательная сущность произведений Ибраи Алтынсарина». Он включает научную работу, вводную, исследовательскую и заключительную часть.

Основная структура и результаты исследования заключаются в следующем:

 

Научное и практическое значение и новизна — ученикам читать произведения искусства, определять концепцию концепции и понимать основную идею, стоящую за ней. Ученик читает, пишет и анализирует работы Ибраи.

 

Уровень исследований и базы данных был использован для того, чтобы знать родовые таланты и использовать их для сравнения, сравнения, анализа и компиляции их творчества. Вывод был сделан путем сравнения поэтических переводов с оригинальными версиями и другими версиями переводчика.

 

Содержание и открытие темы — Изучение поэзии, фокусирование на теме и идее, поэтический язык, концепция, варианты перевода. Содержание темы полностью открыто.

 

Примечание для работы — в творческом анализе, поэтический язык, структура поэзии, тема и идея четко определили концепцию с правильными выводами. Я не против этой научной работы.

 

Аnnotation

 

The scientific work of the pupil of the 10-class-old pupil of the secondary school. Maksim Gorky Sultanova Margarita «The Educational Essence of the Works of Ibria Altynsarin».

The scientific work of the student is «The Educational Essence of the Works of Ibrai Altynsarin.» It includes scientific work, introductory, research and final part.

The main structure and results of the study are as follows:

 

Scientific and practical significance and novelty — the students read works of art, define the concept of the concept and understand the basic idea behind it. The student reads, writes and analyzes the works of Ibrai.

 

The level of research and database was used to know generic talents and use them for comparison, comparison, analysis and compilation of their creativity. The conclusion was made by comparing the poetic translations with the original versions and other versions of the translator.

 

Contents and opening of the topic — Studying poetry, focusing on the topic and idea, poetic language, concept, translation options. The content of the topic is completely open.

 

Note for work — in creative analysis, poetic language, structure of poetry, theme and idea clearly defined the concept with the right conclusions. I’m not against this scientific work.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов  ауданы,

Максим Горький  атындағы орта

мектебінің 10 «В» сынып

оқушысы Султанова Маргаританың

«Ыбырай Алтынсарин шығармаларының

тәрбелік мәні» атты ғылыми жұмысына

 

                                             пікір

 

Султанова Маргарита 10 «В» сынып оқушысы. Маргаританың жазған жұмысы  «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының  тәрбелік мәні». Ғылыми жұмыс кіріспе, зерттеу бөлім және қорытынды бөлімнен тұрады. Бұл ғылыми жұмыс биылғы оқу жылында жазылып зерттелінген.  Маргарита Ыбырайдың ұлы тұлға болып қалыптасуына негіз болған кісілерді, олардың әдебиетке қатысын да зерттеген. Ғылыми жұмыс барысында ақын аудармалары мен төл туындылары жан-жақты талданған. Көркемдік тілі, тәрбие концептісі, тақырыбы мен идеясы, өлең құрылысы, аударма нұсқаларын салыстыра отырып тұжырымдарға келген.

Султанова Маргарита оқу жылының басынан жинақтаған материалдарын тақырып аясында кеңейтіп, толықтырулар енгізді. Ыбырайтанушы, ақын С. Оспановтың, М.Мырзахметовтың еңбектерін, мұражайдағы деректерді басшылыққа алды.

Ақын мұраларын талдау барысында оқушының пәнге деген қызығушылығы артып,  әдеби-теориялық талдау жасауға машықтанды, оқушының жұмыс істеу мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамыды.  Бұл зерттеу жұмысында қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жасалынатын өлең құрылысына талдау, көркемдік тілін талдау қолданылған. Сонымен қатар оқушы қосымша түрде тәрбие концептісін талдап, оны ақын афоризмдерімен қорытындылап отырған (3-сызбанұсқа). Маргарита  зерттеу барысында аударма нұсқаларына да басты назар аударған. Төл туындымен салыстыра отырып, басқа аудармашы нұсқаларын көрсеткен.  Оқушы өзінің ғылыми ізденісінде тақырыпты құрастырған жоспары бойынша толық талдаған. Өз ойын нақты көрсете білген.

Султанова Маргаританың  еңбегі келешек жас ұрпаққа әсері көп деп білемін.

 

Ғылыми жетекші:   /Қолы қойылған деп есептелінсін /   Есмағанбетова Ж.К.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі