Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі

Сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Адамгершілік асыл қасиет.

Мектеп: Қорғантұз ЖОББМ
Сабақтың тақырыбы: Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бекмурзина А.Ж.
СЫНЫП:  5 Қатысқандар:   Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (Т/Ж2) Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

(Т/Ж3)  Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы  образын ашу.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды.
·
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: кейіпкерлер образын  портреті мен іс-әрекеті, сөзі, ішкі ойы арқылы  ашады.

 

·
Кейбір оқушылар орындай алады: кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады.

 

·
Бағалау критерийлері 1.       Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде түсініп, идея негізінде шығарманың тақырыбын анықтайды.

2.       Кейіпкерлер портреті мен іс – әрекетіне талдау жасайды, кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады.

·

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:

·         Әңгіменің мазмұнын игереді, идеясы мен тақырыбын анықтайды, кейіпкерлер образын ашады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
 Идея, тақырып, образ, портрет, монолог, диалог.
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша…, себебі…, қандай шешім…?

 

 

 

·       Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know?

·       Has every learner’s choice been recorded? How can we check?

·       Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket?

·       Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like?

 

 
                          Талқылауға арналған сұрақтар:

1.       Манап бауыры Қалиды қайда іздеп келді?Ағайындылар не себепті ажырап қалған еді?

2.       Бауырын іздеп келген ағасының көңіл – күйі қандай?

3.       Автор «Жетім қозы – тас бауыр» деп нені айтқысы келіп отыр?

4.       Кездесу сәтті өтті ме?

 

Ойлау дағдыларының деңгейі: Түсіну, қолдану, талдау.
Құндылықтарға баулу: ü  Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

ü   Өзгелердің мәдениетіне, көзқарастарына құрметпен қарау

ü  Жауапкершілік, достық.

ü   Бауырмалдылық және айналадағыларына қамқорлық көрсету.

Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталған тапсырмалар арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс: Сабақта АКТ – ны қолдану арқылы информатикамен, екінші дүниежүзілік соғыс, заман шындығы туралы мәлімет беретін тарих пәнімен байланысады, сабақтың жеке тұлғаны дамытуға бағытталуы өзін-өзі танумен ұштасады.
 

Алдыңғы оқу:

Оқушылар автор туралы мәлімет біледі, әңгіме мазмұнын меңгерді.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

10 мин.

 

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Оқушыларды мейірімділікке, бауырмалдылыққа жетелейтін «Жылы лебіз» тренингі. Оқушылар шеңбер құрып тұрады, қолдарын айқастырып бір –біріне жылы лебіз білдіреді. Тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.

    «Сұрақ – бізден, жауап — сізден» әдісі. Әңгіме мазмұнына қатысты сұрақтар қойылады.

·         Манап бауыры Қалиды қайда іздеп келді?

·         Ағайындылар не себепті ажырап қалған еді?

·         Бауырын іздеп келген ағасының көңіл – күйі қандай?

·         Автор «Жетім қозы – тас бауыр» деп нені айтқысы келіп отыр?

·         Кездесу сәтті өтті ме? (Әңгіме мазмұнын меңгеру деңгейі байқалады)

 

 

Интерак

тивті тақта

Сабақтың

ортасы

30 мин.

 

 

2 мин.

 

 

 

 

 

 

6 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин.

 

 

 

 

 

 

С.  Сурет беріледі. «Ой шақыру» әдісі. Суреттер арқылы жаңа сабақ тақырыбы анықталып, мақсат түсіндіреледі.

 

·         Суреттерде кімдер бейнеленген? Не байқадың?

 

 

 

 

 

Ж. 1 — тапсырма
Әңгіменің идеясы мен тақырыбын анықтау мақсатына жетелейтін, оқушылар бойында достық, бауырмалдылық құндылықтарын сіңіруге жетелейтін “ПОПС” формуласы атты белсенді оқу әдісі қолданылады.

 

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, әңгімедегі басты идея — …..»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»

Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен шығарманың тақырыбы …………….деген шешімге келдім…. ».

Көмекші тірек сөздерді пайдалану ұсынылады: соғыс зардабы, бауырмалдылық, айырылысу, заман шындығы, жетім балалар, аяушылық сезім.

 

Қ.Б. Бас бармақ.

 

Ж. Ж. 2 – тапсырма.Әңгіме кейіпкерлерінің сөзі арқылы  үзіндімен жұмыс. «Ойлан. Жұптас. Бөліс.» әдісі. Бұл әдіс арқылы әңгіменің басты кейіпкерлерінің образы ашылады, оқушылар өзгелердің пікірімен санасу, көзқарастарына құрметпен қарау,  өзін мәдениетті ұстай білу құндылықтарын бойына сіңіреді.

 

1) – Бар екенсің, бауырым! – деп, алға созған екі қолын айқара ашып, ыстық құшаққа айналдыра беріп еді…

2) – Здравствуйте, дяденька! Как живете? – демесі бар ма! Созған қолы сынғандай

сылқ түсті…

3) – Бұрнағы жылы көкемнің басына тас жинап, қорған көтердім. Саман кірпішін өз қолыммен құйдым. Көрші ауданнан екі атадан қосылатын туыстар табылған, олар да аянбады.

4) – О-о, табиғатты жақсы көремін! Әсіресе жан-жануар, жәндіктерді! Біздегі тірі табиғат мүйісі менің қарауымда. Жылан, бақа, шаян, қоңыз, құс – бәрі табылады.

Түгел өзіміз бағып-қағамыз. Үйірмеге отызға жуық оқушылар мүше.

 

Кері байланыс.

«Қали, Манап» деген сөзден басталатын 3 сөйлем айту.

Үлгі: Манап өз інісін жанындай жақсы көреді.

 

Т. “Тұжырым кестесі” әдісі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында төрттікте жүзеге асады. Бұл әдісте   сабақтың негізгі оқу мақсаттарының бірі кейіпкер портреті, іс – әрекеті, ішкі ойы, сөйлеген сөзі арқылы образы ашылады. Оқушылар кейіпкерлердің шығармадағы портреті мен әрекетіне,  1 диалог немесе монологпен  өзіндік пікірін білдіріп, сын есімдер немесе мақал-мәтелдермен образға қатысты тұжырым жасайды, оқушылардың бойында шығармашылық, жауапкершілік, айналадағыларына қамқорлық көрсету құндылықтары қалыптасады.

 

1 – топ. Қали

Кейіпкер Портреті мен іс – әрекеті Диалог немесе монолог Менің пікірім Ой – тұжырым
Қали Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала. Бозбала Манапқа самарқау, бейжайкөз салды да, аға тәрбиешіге бұрылды.     Самарқау, көңілсіз

2 – топ. Манап.

Кейіпкер Портреті мен іс – әрекеті   Диалог немесе

 Монолог

Менің пікірім Ой – тұжырым
Манап   «Қайтсін, кіндігі бір болса да, өскен ортасы басқа. Өзіме де обал жоқ. Әуелі хат жазып, тіл алысып, ағайын, аға жайын құлағына жайлап сіңіріп алған жөн еді. Жиырманың өртеуіне келген, мен бүйтіп берекем қашып, күлім шашылғанда, бесіктен белі шықпай жатып, туған жерден шығандап кеткен бұған не жорық!»    

 

3 – топ. Директор.

Кейіпкер Портреті мен іс – әрекеті Диалог     немесе

 монолог

Менің пікірім Ой – тұжырым
Директор Директор – жасамыс, ақ сары әйел. Директор құжаттарды алдына жайып салып, қадағалап оқыды.     Сауатты, жанашыр.

 

Қ.Б.. Оқушылар бағалау критерийлері арқылы бірін – бірі бағалайды.

Дескриптор. Белгі ( + -)
3 кейіпкердің образын ашатын портреті, іс —  әрекеті,

диолог пен монологке шығармадан айғақ табады. (1 портрет,

1 іс —  әрекет, 1 диалог немесе монолог)

 

 
Анықталған айғақтарға өзіндік пікір білдіреді.

 

 
Кейіпкер образын сын есім немесе мақал – мәтелдер арқылы тұжырымдайды.

 

 
 

Суреттер, кестелер,  стикер, маркер, плакат, кеспе қағаздар, оқулық

Сабақтың соңы

5 мин.

  Кері байланыс.

«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

 

 

Стикерлер
Қосымша ақпарат
 

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

 

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

 

АКТ – мен байланыс: осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақырыпқа сай суреттер қарайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Оқушылардың өмір қауіпсіздігі сақталады. (Тазалық, тәртіп) Айналасындағыларға құрмет көрсетіп, сөз мәдениеті сақталады.

Құндылықтармен байланыс: бауырмалдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді.

·        

 

Барынша қолдау көрсету:

 

Әдебиет теориясынан терминдер (монолог, диалог, портрет, образ) түсіндіріледі.

1 – тапсырманы орындау үшін тірек сөздер беріледі,  3 – тапсырма бойынша кестелердің кейбір бөлігі толтырып беріледі. (мәтіннен алынған)

 

Орташа қолдау:  «Сұрақ бізден, жауап сізден» жетекші сұрақтар беріледі.

Мысалы: Бауырын іздеп келген   ағасының көңіл – күйі қандай?

Автор «Жетім қозы – тас бауыр» деп нені айтқысы келіп отыр?

Қолдау көрсету аз: Оқушының өзі табу үшін толтырылмаған күйде тірек сызбаларды ұсынылады, оқушыларға сол бос жерлерді өз бетінше толтыруға тапсырма беріледі.

 

·

 

Сабақта оқушылардың мақсатқа жетуі қалыптастырушы бағалау критерийлері негізінде жүзеге асады:

·         «Бас бармақ»

·         «Қали» деген сөзден басталатын 3 сөйлем айту.

·         «3-2-1» әдісі бойынша

бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

 

·

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 

«Жылы лебіз» тренингі арқылы психологиялық жағымды ахуал қалыптасады, алдыңғы білімнен жаңа сабақ тақырыбын тиімді әдістер арқылы ашу көзделеді. Шығармадағы кейіпкер портреті мен образын ашу бағытында жұмыстар жүргізіледі, тәрбие беріледі.

Оқушылардың оқу, танымдық деңгейлеріне сәйкес жеке, жұптық, топтық, сыныптық жұмыстағы тапсырмалар сараланып алынады.

Әрбір тапсырманың орындалу талабы мен уақыты сәйкестендіріледі.

Сабақ жаңартылған оқу бағдарламасына сай құрылды.

Қорытынды бағалау

 

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Шығарма идеясы мен тақырыбының «ПОПС формуласы» әдісінде ашылуы.

 

2: «Тұжырым кестесі» әдісі арқылы оқушылар төрттікте жұмыс жасап, белсенді оқудың жүзеге асуы.

 

 

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

 

2:

 

 

 

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

 

2: