«Бастауышым   — бастамам, білім   жолын   бастаған»

«Бастауышым   — бастамам, білім   жолын   бастаған»

 

Мақсаты: Білімнің  сара  жолы  мектептен  басталатынын,  білімнің  кең  дүниеде  өмірге  есік  ашатынын  сезіндіру. Білімге  деген  құштарлығын  арттыру,  оқуға  білімді  болуға   шақыру. Мектепті,  яғни  білім  ордасын,  ұстаздарын   құрметтеп,  еңбекті  бағалай  білуге  тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының  адал  ұл-қызы  болуына    жетелеу,  тәрбиелеу. Бастауышы  сыныбымен,  білімнің  алғаш  есігін  ашқан  ұстаздарымен   қоштаса   отырып,  жоғары  сынып  мұғалімдеріне  әр  баланы  өз  ерекшелігімен  таныту, сәт-сапар  тілеп  табыстау.

Көрнекілігі: Безендірілген класс, шарлар, кілт, фотомонтаж,  «Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған» таныстырылым, қанатты сөздер мен тақырып.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда .
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Бастауышым-бастамам, білім жолын бастаған» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі күн – осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан    4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Мұғалім:

Толқимыз, толқып  тұрсыз  баршаңыз да,

Мұнда  күй  болған   сірә  қаншаңыз да?

Қол   соғып,  қошеметтеп   шақырайық.

4 «А»  сыныбын ортамызға.

(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді)

— Кеше  ғана   тұлымдарын  желбіреп,  жүректері   лүпілдеп,  білім  ордасына  тарыдай  болып  еніп,  жан-жақтарына  таңырқай  қарап, жүрексіне  табалдырық  аттаған  балапан  едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл  білім  нәрімен  сусындатқан, қалам  ұстап, әріп, танықтан, білімнің негізі – бастауыш сатысымен де  қоштасар сәт  таянды. Адам  өміріндегі ең  бір   тәтті, алаңсыз  бақытты  шақ –балалық  шақ. Ендеше, сол  балалық  шақтарыңнан  мәңгілік  естеріңде  қалсын,  балалықтың  жақсы  бір  елесі  болып  қалсын  деген  мақсатпен, бүгін  дәстүрлі  үлкен  қуанышты  шараға  жиналып отырмыз. «Бүгінгі  менің  көгершіндерім,   болашақтарың  көгеріп, көктеп,  биіктерге самғаңдар»  деген  тілекпен  ертеңгілігімізді бастайық. (Оқушылар сахна сыртына шығып бара жатқанда Дымбілмес жүгіріп келеді)

Дымбілмес:Ау, балалар,  тоқтаңдар:

Қайда  асықтыңдар?! Сынақтан  өтпей. Қайда  бет  алдыңдар? Алдымен  сендердің  білімдерінді  тексеремін.  Сондықтан  мені  білім  министрі  арнайы  тапсырмамен  жіберді.

Барлық  пәннен  емтихан  аламын.  Екіліктер  қоямын. Ештеңе  білмейтіндеріңді  дәлелдеп,  осы  бастауышта  қал-ды-ра-мын.

Ұлан. Өкпеңізді  басыңыз  Дымбілмес,

Бізді  тыңдап,  отырып  демалыңыз.

Білімімізді  сынап  көріңіз,

Біз  әрқашан  да  дайынбыз.

Дымбілмес:

Олай  болса  4 жылда  не үйрендіңдер?

(ол отырады)

1-жүргізуші:    

Армысыздар,  құрметті  ұстаздар, әз жандар,

Білім  іздеп  инемен  құдық  қазғандар.

Құшақ  жая   қарсы   аламыз  сіздерді,

Би билеп, ән де  бүгін  шырқалар.

2-жүргізуші:

Қош келіпсіздер,  ақ   жаулықты  аналар,

Жүздеріңнен  мейірім  мен    нұр  тамар.

Алдарыңызда   жауқазындай  құлпырған.

Біз  алаңсыз  балғын  шақты  балалар.

2-жүргізуші:

Біз  бүгін  көзімізді  ашып,  көкірегімді  оятқан, білім  нәрімен  сусындатып, ілімнің  ірге  тасын  қалаған  бастауыш  мектебімізбен  қоштасамыз. Сондай-ақ  біздің   ыстығымызға  күйіп,  суығымызға  тоңа  білген,  оңымызбен солымызды танытқан, бойымызға  білімнің  жарық  сәулесін сыйлаған, жақсыдан  үйренуге,  жаманнан  жиренуге   баулыған  алғашқы  ұстазымызбен  қоштасқалы  отырмыз.

1-жүргізуші:

«Бесіктегі  баланың,  күлгенін көрген   бір  мұрат.

Алдына  түсіп ананың,  жүрегінін  көрген  бір мұрат,»- дегендей,  бұл да бір қуанышты күн.

2-жүргізуші:

Қасым Аманжолов ағамыз «Мектеп – кеме, білім -теңіз» деп тектен-текке айтпаған-ау, сірә.

Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды. Содан бері 4 жыл өтті. Уақыт озды, бізде есейдік. Бұл уақыт ішінде көп нәрсені білдік, үйрендік, тоқыдық.

Сондықтан, сіздердің назарларыңызға мектеп туралы өлең жолдарын арнаймыз!

Әлімжан.

Мектеп-кеме, білім –теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.

Ақтолқын.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя ақбосаға киелі.

Бастауыштан білім алған өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Ұлан.

Мектеп үйім, ұстаздарым ата-анам,

Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Диас.

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

-Олай болса Ұланның  алтын ұя мектебімізге арнаған «Мектебім, аяулы мектебім» әнін тыңдайық!

Дымбілмес:

Бұл  әнді  қашан  үйрендің? 1-ші  сыныпта  ма?  4-сыныпта ма? 3те  ме 2де  ме?

Ұлан: 4 сыныпта

1-жүргізуші: Ұлан дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?

2-жүргізуші: Адам   өміріндегі  ең  қымбат  жанның бірі –  ұстаз. Өйткені  ол көкірек  көзін  ашып,  дүниетанымын  кеңейтіп,  қиялға  қанат  қақтырады.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың: Ұстаз  еңбегі  — ұлы  еңбек. Сондықтан  да  ұлы  ақын  Абайдың:  Ақырын  жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес  далаға

Ұстаздық  еткен  жалықпас,

Үйретуден  балаға,-  деп  айтуында  бір  үлкен  терең  ой  жатыр. Сондықтан   да:

Ұшырса  да  бұл  өмірдің  сан  құсын,

Ұстаз –ғалым  толастамас  мәңгі  ісін.

Тыншымайтын  асыл  жандар  аяулы,

Тыңдаңыздар  шәкірттердің  алғысын.

2-жүргізуші:

Ұстазым  сізді   ойласам  толғанамын,

Шәкірттік  ақ  жүректен  жыр  жазамын.

Бастауыштан   түлеп  ұшқан  балапандар,

Алғыс  айтып  өзіңізге  қанат  жаяр.

Диас

Білімнің   байыбына  барып  терең,

Маржан апай  бастап  еді  әліппеден.

Жаны  асыл  ұстазымызға  мың  бір алғыс,

Бастаған  тәрбиесін  алып келем.

Ақтолқын

Кейде жайлы  мінезіне  қызығамыз,

Кейде  ашусыз мінезіне  табынамыз.

Күліп  жүрер  үнемі  Индира апай,

Жан  жүрегін  қашанда  ұғынамыз.

Әлімжан

Бояу сырын үйреткен,

Шын көңілмен, жүрекпен.

Айбек ағай керемет,

Сабақ берген суреттен.

Ұлан.

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде

Көңілінің хощын-ай,

Көп шәкірттің досындай.

Ақ ниетті кең пейіл,

Маржан апай осындай.

Диас.

Орыс тілі  әр  кезде  керек  ертең,

Жания апайымыздың  көңілі  өте  көркем.

Ашық  жарқын  жанары  қашан  көрсең,

Барлық  жандар  осындай  болса екен.

Ақтолқын.

Музыкадан  береді,

Ән  шырқатып  үйреткен.

Дина апайдың  шынында

Әрбір  ісі  үлгілі,

Ұстазым  мен  мақтанам

Сізді  әрқашан  еске  алам.

Ұлан:

Үйренеміз  жалықпай

Ағылышын  тілін  шарықтай

Тіл  сындырып,  ән  айтып

Шатанамыз  қалықтай

Динара апай тәлімі

Сәулесін  шашқан  жарықтай.

Әлімжан:

Денемізді  шынықтырған,

Ойындармен  қызықтырған.

Еңбегімен  есейдірген

Сакен  ағай  рахмет  сізге.

Бәрі :Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

          Мың алғыс мына отты жүректерден!

Хор: «Ұстазым»

Мектеп  өмірінен көрініс:

Мұғалім: Диас, маған столды  орнынан  қозғалтуға көмектесіп жіберші.

Диас: Тағы да мен,әне Әлімжан  кетіп барады ғой. Әй, Әлімжан столды орнына  қозғалтуға көмектесші

( Әлімжан көмектеседі.)

         Мұғалім: Диас, гүлге  су  құя салшы!

Диас: Тағы да мен бе? Ақтолқын, сен  құйшы.(Ақтолқын құяды)

      Мұғалім: Диас! Ұланға үй тапсырмасын  апарып бере қойшы, бір  жағынан денсаулығын біліп келесің.

Диас: Тағы да мен бе? Әлімжан сен  апарып берші.

Мұғалім: Әзірге осы, Диас.

Диас: Міне, көрдіңіздер ғой, халайық. Диассыз  еш  шаруа  бітпейді.

2 – жүргізуші: Үлкенді сыйлау –қазақ  халқының  ата салты. Үлкенді сыйлау  ең алдымен  әке мен  шешенді  сыйлаудан  басталады.

1– жүргізуші: Бала ата-ана  ісінен  көпті  үйреніп  қана  қоймай, олардың  тәрбиесін де бойға  сіңіре  біледі. Сондықтан 4 жыл  бойы  оқығанда ата-ананың да  еңбегі  мол.

1-оқушы: Диас.

Теңейміз  аналарды  аппақ  таңға,

Теңейміз  аруларды  шапағатқа.

Ана деп  ән  саламыз,  жар  саламыз,

Бас  иіп «ана»  деген  асыл  затқа.

2-оқушы: Ақтолқын.

О,менің  ардақтаған, асыл  анам,

Ақылмен,  ақ сүтімен  асыраған.

Айналдым  қасиетіңнен  әрқашанда,

Жыр  арнап  міне,  бүгін  отыр  балаң.

3-оқушы: Әлімжан.

Қамқорсың  ана  өмірде,

Қуатым  сенсің  көңілге.

Әлпештеп  мені  өсірдің,

Ұшармын  ертең  көгінде.

4-оқушы: Ұлан.

Анам менің — аялаған ақ гүлім

Анам менің — бақытым мен шаттығым

Анашым деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің — өмірдегі тірегім

Анам менің — кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

2 – жүргізуші: Ардақты  да  ұғымтал  аналарымызға  көптен –көп рахмет.

Хормен:  Ата-ана, сіздерге  мың  алғыс!

1 – жүргізуші: Аналарға  арнап  оқушылардың орындауында  «Апатайым, анашым!» әнін  қабыл алыңыздар.

Дымбілмес:  Тоқтаңдар!

Сендер  қандай  оқушы  болдыңдар?

 Барлығы.

Ақылды, өнерлі, салмақты,  көрікті,  алғыр,  сауатты, еңбекшіл,  адал,  тиянақты,бақытты.

Біз  бір  сыныппыз.

Ақылды  және  алғырмыз.

Дымбілмес:

Менің  уақыт  жоғалтқым  келмейді.  Маған  сендердің  білімдерін,киген  киімдерін  ұнай  бастады.  Мен  босқа  отырмай,  өзіммен  келетін  1-ші  сыныпқа  бала  іздейін.

Менде  сендердей  өнерлі,  білімді  боламын.

Ұлан: Тоқта Дымбілмес, сен 1 сыныпқа бала іздемея қой, олардың өздері келіп қалыпты.

2 – жүргізуші: Құрметті   қонақтар, біздің  қоштасу  кешімізге  болашақ 1-сынып  оқушылары  да  келіп отыр.

(Оқушылар жүгіріп  шығады.)

Ғалия: О, мынау  қандай  керемет!

Диляра:  Мен  де  сіздер  сияқты  болғым келеді  және  сіздер  сияқты  жетістіктерге   қол  жеткізіп, мектептің  атын  шығарғым  келеді.

2– жүргізуші: Ұмтылысың  жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың  білім  кілтін»  табыс  етейік.

1 – жүргізуші: Бұл  кілт арқылы  сендер  ұмтылған  нәрселеріңнің  барлығына  қол  жеткізесіңдер!

 Диляра: Білім  алуға,  үлкенді сыйлауға,   отанды   қорғауға

тіліміз  бен  салт –дәстүрімізді сақтауға, мәдениетті  болуға, үлгілі  болуға,  ерінбей  еңбек етуге, мектебіміздің  даңқын  көтеруге,

Екеу бірге: (бәрі) АНТ  ЕТЕМІЗ!!!  АНТ  ЕТЕМІЗ! АНТ   ЕТЕМІЗ!!!

(Диляра мен Ғалияның орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар)

2-жүргізуші: Бүгінгі   қоңырау  үні  біз  үшін  ерекше. Ол  біздің  бастауыш сыныппен   қоштасып,  сәби  шақтан  өмірдің  келесі  баспалдағына –оқу, білім, ізденіс  жолдарына  шығарып  салатын  қоңырау үні.

1-жүргізуші:

Болашағы  бейне  қызыл  қыр  гүлі,

Бүлдіршінді  аяласын  күн  нұры.

Жаңа  табыс  жақсы  күнге  батасын,

Бүгін  соңғы  қоңырау  сыңғыры,

Бастауыш  сатысының  соңғы  қоңырауы  соғылсын! (Қоңырау  соғу)

1-жүргізуші: Келесі  тамашалайтыңдарыңыз «Алға, Қазақстан» биі қабыл алыңыздар.

2 — жүргізуші: Келесі тамашалайтыңдарыңыз «Мектеп  өмірінен» шағын  көрініс.

 «Көп сөзді бала мен мұғалім  диалогы»

       Мұғалім: Сабақта көп сөйлейсің бе?

Бала: Жоқ, о не дегеніңіз.

Мұғалім: Көшіресің бе?

        Бала: Жо –жоқ!

        Мұғалім: Балалармен  төбелесесің бе?

        Бала: Ешқашанда.

Мұғалім: Осы  сенің жаман қылықтарың бар ма, өзі?

        Бала: Әрине бар, көп  өтірік  айтамын.

1-жүргізуші: Келесі кезекті сыныбымыздың айбынды ұлдарынан және атына заты сай Ақтолқын деген қызымыздан құралған «Жаңа құрама» КВН командасына берейік.

Би: Флешмоб

Фотомонтаж (Алғашқы ұстазға)

2- жүргізуші:

Алғашқы ұстазымыздың
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап сүйікті ұстазға,
Өсіп келе жатырмыз- дей келе сөзді алғашқы ұстазымыз

Маржан  Шамшатқызына  береміз.

1 – жүргізуші:

Баланың  да  тірегі,

Дананың да  тірегі.

Шаншымасын  ешқашан,

Аналардың  жүрегі.

2 – жүргізуші:

Тойымызға  бүгінгі

Ақ  тілегін  арқалап.

Келіпті  ата-анамыз,

Кезек  беріп  соларға

Сөзіне  құлақ  саламыз.

1 – жүргізуші: (мен) Сөз  кезегін  ата-аналарымызға  береміз.

2-жүргізуші: (Ұлан)

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Бастауыштың  шырқатып соңғы әнін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

(Бітірушілер вальсі)

1-жүргізуші: — Ал енді 4 сынып түлектерін ортаға шақырып «Қоштасу» вальсін тамашалайық.

2- жүргізуші:

Қоштасу сәтімізді қасиеттеп,
Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз
Қош айтысып соңғы рет осы жерде
Хормен: Мың алғыс, бастауышым, саған! дейміз
Диас: Сенен алған білімге де рахмет!
Сенен тапқан достарға да рахмет!
Бастауышым қоштасарда тағыда,
Жүз қайтара айтарымыз
Хормен: Р А Х М Е Т ! ! !
Ән «Бастауыш мектеппен қоштасу» (хор)

Слайд. (Мектеп өмірінен)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Болгар мектеп-бақшасы КММ

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Бастауышым бастамам – 

                     білім жолын бастаған»

(ашық тәрбие сағаты)

 

 

 

 

Өткізген: Аккулова И.С.

4 «А» класс оқушылары

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жыл