Қазақстан мәдениеті

Сабақ жоспары (ашық сабақ)

Апта: Күні:  Сабақ: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мәдениеті
Жалпы мақсаты:

 

Еліміздің мәдениетімен таныса отырып, мәдениет, өнер саласының қайраткерлері жайлы оқып, үйренеді.
Оқу  нәтижесі:

 

1. Еліміздің мәдениет саласының даму деңгейі жайлы біледі.

2. Мәдениет, өнер саласының қайраткерлерімен танысады.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Мұғалімнің іс-әрекеті Уақыты Оқушының іс-әрекеті
1. Сергіту сәті.

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны

Мақсаты: қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал ету.

2. Топқа бөлу.

Мәдениет орындары және мәдениет қайраткерлерінің суреттері арқылы топқа бөлінеді.

3. Үй тапсырмасын сұрау. Ой қозғау, «Алма ағашы» ойыны (Оқушылар алмалардың артында жасырылған сұрақтарға жауап беруі керек)

Алма ағашының сұрақтары:

1. Халқымыздың өткен өмірін, тұрмысын, өнерін, тарихын, бүгінгі тіршілігін қайдан көре аламыз? (Музей)

2. «Қыз Жібек» операсында басты рөлді ойнаған дарынды әнші? (К. Байсейітова)

3. 1997 жылы өзінің вокал академиясын құрған әнші? (Ә. Дінішев)

4. Құрманғазы оркестрін құрған кісі? (А. Жұбанов)

5. Театрға аты берілген ұлы жазушы? (М. Әуезов)

4. Жаңа сабақ. Қазақстандағы мәдениет орындары және мәдениет қайраткерлері бойынша 2 топқа екі түрлі сурет беріледі.

5. Интерактивті тақтадан Қазақстандағы мәдениет орындары және мәдениет қайраткерлері бойынша «Суретті таны» тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырма бойынша әр топтан жеке оқушы шығып санды таңдау арқылы онда жасырылған суретті танып, сол туралы мәлімет беруі керек.

6. Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс. «Мәдениет» тақырыбына ойдан бір шумақ өлең жазу.

Қалған оқушыларға сәйкестендіру тесті беріледі.

А. Жұбанов                   әнші

Ә. Қастеев                     балет

К. Байсейітова              сазгер

Ә. Дінішев                    суретші

Опера және                   әртіс

7. Үйге тапсырма.

8. Бағалау.    

9. Кері байланыс. Сабақтан алған әсерлерін стикерге түсіріп, «Менің көңіл-күйім»

плакатына жабыстырады.

3 мин

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

3 мин

 

 

 

 

1. Барлық оқушылар шеңбер жасап тұрады да, кез келген бір қарапайым сөйлем таңдап, соны түрлі дауыс ырғағымен жалғастырады. Мысалы; (Біз бақытты балдырған». Енді осы сөйлемді оң жақтағы ойыншыдан бастап кезекпен айтады. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс. (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т. б.). Егер ойыншы жаңа дауысқа сала алмай, айтылғанды қайталаса, онда ойыннан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

2. Мәдениет орындары және мәдениет қайраткерлерінің суреттері арқылы топқа бөлінеді.

3.Жауаптары

1. Музей. 2. Күләш Байсейітова

3. Әлібек Мұсаұлы Дінішев.

4. Ахмет Қуанұлы Жұбанов.

5. Мұхтар Әуезов.

4. Қазақстан мәдениеті туралы ақпарат жинау өткен сабақта үйге берілгендіктен  әр топ оқушылары өз жинаған мәліметтерін жүйелеп, берілген суреттер бойынша постер қорғайды. (Бағдаршам арқылы бағалайды, өзін-өзі бағалайды)

 

5.Жеке оқушы шығып тақтада көрсетілген 4 тапсырманың біреуін таңдап, ондағы жасырылған суретті танып, сол бойынша мәлімет береді.

(Бармақ арқылы бағалайды, өзін-өзі бағалайды)

6. «Мәдениет» тақырыбына ойдан бір шумақ өлең жазады.

«Сәйкестендіру тесті» жауабы.

А. Жұбанов                         әнші

Ә. Қастеев                           балет

К. Байсейітова                    сазгер

Ә. Дінішев                          суретші

Опера және                         әртіс

7. «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына шығарма жазып келу.

9. Сабақтан алған әсерлерін стикерге түсіріп, «Менің көңіл-күйім»

плакатына жабыстырады.

Дереккөздер және жабдықтар:Алматыкітап баспасы 2011.

Авторлары: Қ. А Айтмағамбетова, Т. С. Идилова, Б. Л. Хаджиева. Ғаламтор. Google

Интерактивті тақта, слайдтар, маркер, постер, стикер, суреттер.

Үй тапсырма беру: «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына шығарма жазып келу.
Сабақты бағалау:

Өзін-өзі бағалау.

Топтық бағалау.

Бағдаршам арқылы бағалау. Бармақ арқылы бағалау. Ынталандыру.

Жиынтық бағалау

Өзін-өзі бағалау

Топтық жұмыста Әрқашан Кейде Ешқашан
Жаңа ой- пікірлер ұсындым      
Басқа топ мүшелерінің көмегін пайдаландым      
Берілген уақытты ұтымды пайдаландым      
Талдау жасап, қорытындылауға қатыстым      
Қателерін тауып, түзету енгіздім      
Топ мүшелеріне көмек көрсеттім