Өсімдіктердің көбеюі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

МАҚТАРАЛ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

Ф-Е10/7.1

 

 

 

Әдістемелік әзірлеме

 

Тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі

 

 

 

 

 

 

«Ветеринария, экология және талшықты материалдарды өңдеу технологиясы» пәндер

кафедра мәжілісінде қаралып, мақұлданды.

Хаттама № ___  « ___ »  _______ 2018 ж.

Кафедра меңгерушісі: Джүнісов _________

Дайындаған : оқытушы  Г. Айдарова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атакент-2018ж

 

 

     

 Білім беру үрдісіндегі педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық

технологиялардың маңызы.

 

             Мектеп – келешек ел басқарар, жер-суына иелік етіп, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін асыратын жандарды тәрбиелейтін бірегей орта, киелі ұя.Сонымен қатар, жеткіншек ұрпақтың ойын жан-жақты қалыптастыратын шеберхана.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаhандану үрдісі тіпті шағын комплектілі мектептерге де бәсекелестікті күшейте түсуде. Оған білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірлерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

«Педогогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» деп В.Беспалько атап көрсетсе, И.Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның басты мақсаты – іс-жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді әдістерді анықтау.

Педагогикалық технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып алға қойған мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді әдістерді анықтау.

Педагогикалық технологиялардың басты міндеті оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді.Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Жаңа педагогикалық технологиялармен жұмыс істеудің алғышарттары:

  • оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
  • оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
  • оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
  • жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу;
  • пәндік білім стандартымен жете танысу;
  • білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
  • оқу үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа технологиялардың іске асу кезеңдері:

1-кезең – оқып үйрену

2-кезең – меңгеру;

3-кезең – тәжірибеге енгізу;

4-кезең – дамыту.

Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мыналар:

  • педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу;
  • оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларынн қарастыру;
  • оқу модулін құрастыру;
  • оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
  • оқушылардың жаңа материалдыы меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
  • оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.

Бәсекеге қабілетті мектептердің қалыптасуы үшін мұғалімдер жаңа оқыту технологияларын меңгеруі шарт.

 

 

 

Педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері.

 

Технологияның аты,

Авторы

Мақсаты Ерекшеліктері
 

1

 

Ойын арқылы оқыту

технологиясы

(Коваленко В.Г.)

— тәрбиелік;

— дамытушылық;

— әлеуметтендірушілік;

Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап, талғамына сүйенеді
2

 

Проблемалық оқыту

(В.Оконь, М.И.Махмутов)

— білім, білік, дағдыларды игеру,

— өз бетімен жұмыс істеу ізденістерін меңгеруі;

— танымдық,

-шығармашылық дербестігін қалыптастыру;

— оқытуда табысқа жетудің шарттары;

— оқу материалында проблема туғызу;

— баланың дербес ойлау мүмкіндігі;

— өз ой тұжырымын жасау;

3

 

 

Тірек сигналдары

арқылы оқыту

(Шаталов В.Ф.)

—          оқушының ақыл-ойын дамыту; — үнемі қайталау, кезеңдік бақылау, тірек сигналдарын қолдану;

— білім алудағы дербестікті дамыту;

4 Деңгейлеп саралап оқыту (Селевко Г.К.) —          әр оқушының жеке мүмкіншіліктеріне қарай оқыту — шығармашылық мүмкіндіктері дамиды;

— ізденімпаздығы, белсенділігі қалыптасады;

— шығармашылық ой-өрісі артады;

5 Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы (В.В.Фирсов) — оқытуды оқушылардың

әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау

— білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі және оларға қолайлы болуы;

— оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;

-оқушы өз мүмкіндігіне орай, міндетті деңгейден кем емес білім алуға міндетті;

6 Бағдарламалап оқыту технологиясы (В.П.Беспалько) —          ғылыми негізде құрылған бағдарлама негізінде оқыту;

—          баланың жеке ерекшеліктерін ескеру;

 

-оқыту құралдарының (ЭВМ, бағдарламаланған оқулық, т.б.) көмегімен бағдарламаланған оқу материалын меңгеру;

Бағдарламаланған оқу материалдары логикалық бірізділікпен беріледі

7 Дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский,Л.В.Занков,

Д.Б.Эльконин,В.В.Давыдов)

— баланы оқыта отырып жалпы қасиеттерін дамыту,

жеке тұлғаны қалыптастыру

— оқыту мен дамытудың бірізділігі, сабақтастығы;

— дидактикалық құралдардың дамытуға әсерін ескеру;

8 Оқытудың компьютерлік технологиясы (Н.В.Апатова), т.б. — ақпараттық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру;

— математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту және өзін-өзі дамытуының басты шарты ретінде тұтастығына қол жеткізу;

-оқыту  — бұл оқушының компьютермен қатынасы;

— оқушының жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімделуі;

— математикалық білімнің табиғатының күрделілігіне орай жүйелі білім беру;

 

                    

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы;
  2. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
  3. Педагогические технологий иинформатизаций образования

(Под.ред.Беркимбаевой Ш.К. – А.; 2002 г);

  1. Коростылева Л.А. «Психологические барьерыи готовность к нововведениям».