Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» — кәсіпкерлік әліппесі

 

Пәні: қазақ әдебиеті Мектеп: А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Күні: 30.11.2017 Мұғалімнің аты: Батешова Гүлжазира
Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

 

Бөлім атауы Тәрбиенің қайнар бұлағы
Сабақтың тақырыбы Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» — кәсіпкерлік әліппесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау (5.А/И2)

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау (5.Б/С2)

Сабақтың мақсаттары

 

 

Барлығы: Шығарманың мазмұнын, тақырыбы мен идеясын біледі.
Көбі: Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтайды.
Кейбірі:  Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып баға береді.
Табыс критерийі Шығармадағы автордың бейнесін анықтайды;

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырады;

Тілдік мақсат Оқушылар өз ойларын білдіру барысында еңбек туралы мақал-мәтелдерді пайдаланады.

Сөйлеу барысында сөзмаржан айдарынан жортуыл басы жолда, шығыр салу, жамағат, шыңдауыл деген сөздерді қолданады.

Пәнаралық байланыс – Қазақ әдебиеті, тарих.
Алдыңғы оқу: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған  жаттығу түрлері ресурстар

 

Басы

5-6 мин

 

Амандасу, түгелдеу.

Психологиялық ахуал тудыру.

Оқушыларды үш топқа бөлу:

1-топ, 2-топ, 3-топ

Үй тапсырмасын сұрау.

—          Берілген пікірлермен келіссеңдер, қол көтеріңдер.Келіспесеңдер, қол көтермейсіңдер.

  1. Сейітқұл — еліне сыйлы адам.
  2. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің авторы – Ы.Алтынсарин.
  3. Сейітқұлдың ағасы – Тілеу Сейдалин.
  4. Барымташылық – Сейітқұл ағасының әдетке айналдырған ісі.
  5. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің негізгі тақырыбы – туған жер.
  6. Шығарма соңында Сейітқұлдың өмірден өткендігі баяндалады.
  7. Түркістан — егістікке қолайлы жер.
  8. Сейітқұл жауларынан қорғану үшін қорған салдырды.
  9. Қабырға – Торғай төріндегі көл.
  10. Сейітқұл елі жақсы өмірге қол жеткізді.
  11. Шығыр салу – сауданың ең пайдалы кезеңі.
  12. Сейітқұл ел қамы үшін Қабырға өзенінің бойын таңдайды.
  13. Әңгімеде Сейітқұл ағасымен татуласады.
  14. «Адал еңбек – бәрін жеңбек» мақалы әңгіменің негізгі идеясына сай келеді.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын анықтап алу.

 

  1. Тақырыпты суреттер арқылы болжау.
  2. Сабақтың оқу мақсаттарын слайд арқылы көрсету.
  3. Оқу мақсаттары бойынша «Жетістік жолы» әдісі арқылы өз-өздеріне баға бергізу.

 

 

Слайд

 

Гүл күлтешелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жетістік жолы»

Қима қағаздары

Ортасы

10    мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

1-тапсырма (Топпен жұмыс )

1-топ. «Ішіне-сыртына» әдісі арқылы «Сауда кәсібіне» қатысты тірек-сөздерді шеңбердің ішіне-сыртына орналастырыңдар.

2-топ. «Пирамида» әдісі бойынша «Егіншілік кәсібіне» қатысты сөздерді қажеттілігіне қарай тізіңдер.

3-топ. «Барымташылықтың» зияны туралы өз ойларыңды тірек сөздер арқылы жеткізіңдер.

Дескриптор:

-тірек сөздер арқылы өз ойларын жеткізеді.

Өзара бағалау

 

2-тапсырма (Жеке жұмыс)

«Автор орындығы» әдісі арқылы жүзеге асады.

Шығарма бойынша пікіріңізді білдіріңіз, мына сөйлемдерден басталуы тиіс:

1-топ. Мен автор ретінде, әңгімені былайша бастау себебім….

2-топ. Мен автор ретінде, бұл әңгімедегі кейіпкердің әрекетін былайша түсіндірер едім…

3-топ. Мен автор ретінде, әңгімені былайша аяқтау себебім….

Дескриптор:

шығармадағы автор рөліне ене отырып, оның көзқарасын жеткізеді;

— әңгімедегі кейіпкердің әрекетін түсіндіреді;

— автордың бейнесін жинақтап қорытады.

Бағалау парағын толтыру

 

3-тапсырма

Видеодағы кейіпкер мен Қыпшақ Сейітқұлды салыстыру.

Венн диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңдар.

 

 

 

Дескриптор:

1.      Кейіпкерлердің қасиеттерін шынайы өмірмен байланыстырады.

2.      Кейіпкердің іс-әрекетіне нақты бір дәлел айтады.

 

 

Плакат, қима қағаздар

Маркерлер, желім

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикерлер

 

 

Орындық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

 

 

 

Видео

Соңы

 

 

 

-Бүгінгі сабақтан не түйдік?

«Жетістік жолы» әдісі бойынша оқушылар өз-өздерін бағалап, нәтижесіне ауызша қорытынды жасайды.

– Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау дене, озат ақыл, адал көңіл- үшеуімен бақытты болады өмір»деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау,құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер!

Үйге тапсырма. 

Егер де мен кәсіпкер болсам… /ойтолғау/

«Жетістік жолы»

Қима қағаздары

Қосымша мәліметтер
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау  көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Ойдан ертегі құрастырып келуді тапсырамын.

 

 

Өзін-өзі бағалау. Интерактивті тақтаға сұрақтар жазылады.

 

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

 

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

 

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

 

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы  қандай ақпарат білдім?

1.

 

2.