Оқытуды оқушы дамуына бағыттау

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытуды оқушы дамуына бағыттау

 

 

 

 

 

Қазіргі қоғам дамуының маңызды міндеттерінің бірі – мектептік білім беру аясында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау болып табылады. Біздің қоғамның болашағы мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және кәсіби деңгейіне тікелей байланысты.

Білім саласындағы маңызды өзгерістер болашақ мұғалімдердің кәсіптік дайындығына күрделі де нақты талаптар қойып отыр.  Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер білімді, саналы жастарды тәрбиелеуде үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі.

Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке  ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді  шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар — өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.

Қазақстан  Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет — осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық өсіп — өркендеуінің түпқазығы – білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.

Қазақстаның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы — бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына байланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласын, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті.

Ұстаз мамандығы — киелі мамандық, олай болса, мамандық таңдау барысында болашақ ұстаздық мамандығына жүрек қалауымен, өзіндік қабілеті мен биімділігіне қарай таңдаса ғана өзіне жүктеген жауапкершілік биігінен көрінері хақ.

Осы замандағы ұстаз алдындағы басты міндет XXI ғасыр- білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік  мәдениетті танып, ұлттық  төл мәдениетті қастерлей білетін,  рухани жан – дүниесі бай, ой-өрісі дамыған жоғары білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Я.А.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзінің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» — деген қағидалары қазіргі уақытта да маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес.

Қазіргі мұғалім қоғамдағы болып жатқан, тез өзгеріп тұратын әлеуметтік – экономикалық, педагогикалық, ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын, шәкіртінің жанына нұр кұятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы, яғни, «Жаңа формация мұғалімі» деуге болады.

Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекеттен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде.

Педагогика ғылымында баланы оқыту  мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты  дамыған  жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология  бойынша  әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:

1.Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы-мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

2.Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

3.Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар -оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Мысалы, атап айтар болсақ, Ынтымақтастықта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», П.М.Эрдниевтің  «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л.С.Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М.Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», В.Ф.Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», С.Н.Лысенконың «Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы» т.б. көптеген технологиялар енгізілді. Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай қағидаларды ұстанады: оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін педагогикалық  жүйенің жобасы. Жаңа технологиялардың негізгі қағидалары: — балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

— оқу мен тәрбиенің бірлігі;

— баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;

— баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

— әр оқушының, оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;

-барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек. Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл технология қазақ тілдерінде мектепке ене бастады. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

1-кезең — Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау» стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқайсыздар, сондай-ақ келесі сабақтарда үйренуге болады. «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б. әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты — үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Және де жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Мысал үшін

3-сыныпта Ана тілі пәні бойынша қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаевтың Крыловтан аударған аудармасы «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын өткелі отырғанымды хабарлаймын. Қызығушылықты ояту сатысы  бойынша:

— шегіртке мен құмырсқа туралы не білетіндерін сұрадым. Мұнда оқушылар екеуінің де жәндік екенін, далалық жерде тіршілік ететінін айтып, ойларын дәптерге жазып алды, жұпта талқылады,  осылайша ойлары ашылып,  жаңа білім жайлы ақпарат жинайды.

Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі- «ІNSERT» стратегиясы. Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысу барысында, Y- білемін;-  — білмеймін; + — мен үшін жаңалық; ? –мені таң қалдырды;  белгілерін қоя отырып, мысал өлеңді оқу тапсырылады. «ІNSERT» — оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра  алмау жиі кездеседі. Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру — аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыс құруға дағдыландырады.

Тақырып бойынша «Ой толғаныс» бағдарламаның 3-кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап,  өзгерістер енгізеді,  яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы» т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне  қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Мен өз сабағымда «Ой толғаныс» сатысында «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдаландым. Яғни, шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекеттеріне  байланысты. Оқушылардан дәптердің бетіне не ортасына вертикаль сызықпен бөлуді сұрадым. Мәтінді оқу барысында олар:  Бөліктің оң жағына: Мәтінде қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазды. Бұл тақырып бойынша әлбетте оқушылар шегірткенің пайдасыз іспен айналысып, ала жаздай ән айтып, би билеумен жүріп, жаз артынан  қыс келетінін ойламағандығы туралы жазды. Бөліктің сол жағына: Сол мәтінде өздеріне әсер еткен үзінділер туралы жазады.
Олар бұл тапсырмалар бойынша «шегіртке уақытын босқа өткізбей, ол да құмырсқа сияқты қысқа дайындалу керек еді»дейді. «Қыстың қамын жаз ойла» деген мақалды еске түсіреді. Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған соң, қорытуға арнап әкелген сұрақтарды оқушыларға қойып, жауаптарын алдым.

Мысалы:

  1. Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
  2. Автор оқырманды қалай қызықтырды?
  3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз?

Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды  өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.

2.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5.Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының
дәлелді,  дәйекті болуын талап ету.

6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал, оқушыларға байланысты:

— сенімділікпен жұмыс жасау;

— бар ынтасымен оқуға берілу;

— пікірлерді таңдау, құрметтеу;

-өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:

— мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

— осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?

— маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Осы шараларды орындай отырып жұмысты әр баланы зерттеуден бастадым. Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата-анамен, кітапханамен байланысты жандандырып, қоршаған ортасы, сабақ процесі арқылы тіл дамыту. Балаларды мектепте зерттеген соң ата-аналармен пікірлестім. Оларды алға қойған жұмыс жоспарыммен таныстырып, көмек беруге шақырдым. Баланы ата-анадан артық ешкім білмейді. Сол себепті олардың пікірлерін тыңдап, бала туралы ата-аналардан мәлімет алдым. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, баланың отбасындағы орны, бейімділігін анықтадым. Ата-аналарды балаларын баспасөзге жазылуға, оны баласымен бірге оқып, талдап, пікірін тыңдауға шақырдым. Кейінірек ата-аналар жиналысында пікірлері шыңдалып, кеңестер беріліп отырылды. Бала сөйлеуді алғашқыда отбасынан үйренеді. Сол себепті ата-аналардың өздерін мәдениетті, көркем де әсерлі, жүйелі сөйлеуге шақырдым. Ата-ана жиналыстарында сөйлеу мәдениеті төңірегінде пікірлесу өткіздім.

Екінші жұмыс түрін кітапханамен байланысты нығайтудан бастадым. Оқушыларды кітапханаға келген жаңа кітаптармен таныстыра отырып жас ерекшеліктеріне сай оқитын кітаптар тізімі жасалды. Сыныптан тыс оқу сабақтарында оқыған кітаптар талданып, оқу күндерін ұйымдастырып отырдым. Келесі жұмыс достарымен, айналасындағы адамдармен сөйлесу мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Амандаса білу, қонақ қарсы алу, телефонға жауап беру, жөн сұраған адамға жауап беруге сабақ, тәрбие жұмысы процесінде үйретіліп, мектептен тыс жағдайларда да жүргізіліп отырылды. Сол сияқты теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламалар берілетінінен көрген, үйренгенін өмірде қалай қолданып, пайдаға асыру жолдары туралы пікір алмастық. Осы жұмыстарды сабақ процесінде жалғастыра түстім.

Еліміз өркениеттілікке ұмтылып отырған кезде ойыма еріксіз мына сөздер оралады: «Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды ойлай білуге үйрету» (Эдисон).  Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса ойлауға үйрете отырып бала тілін дамытуға жол саламыз.

Қазір Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушыларды оқуға, жазуға ғана емес, ойлауға үйренуді өзіміз де үйрене бастадық. Сын тұрғысынан ойлау жобасымен екі жыл көлемінде ғана жұмыс істегеннің өзінде біраз жетістіктерге қол жете бастады. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда бес жолды өлең, эссе, елес құшағында, торлы талқылау,  РАФТ, INSERT, болжау, қосжазба күнделігі, еркін жазу, кубик, дөңгелек үстел, қолжазба,  дәлелді эссе, Джиксо- ұжымдық оқыту,екі түрлі түсініктеме күнделігі, Венн диараммасы, көп деңгейлі сұрақ сияқты стратегиялардың берері көп.  Жоба 100-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетейін.

«Джиксо – ұжымдық оқыту» стратегиясы. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым  4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін

1-лер, 2- бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым — қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

«Екі түрлі түсініктеме күнделік» стратегиясы. Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар: Бөліктің оң жағына сол жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)  Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін,  көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:

— сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

— автор оқырманды қалай қызықтырады?

— кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде. Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Еркін жазу стратегиясы. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

«Венн диаграммасы» стратегиясы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

«Көп деңгейлі сұрақ» стратегиясы. Тура сұрақтар (Litera l level). Мұндай сұрақтар қандай да фразаны немесе түрлерін еске түсіру үшін қойылады. Сұрақтардың жауаптары мәтіннің ішінде кездеседі. Оқушыдан оны жаттап алып, айтып беру талап етіледі. Өзгертуді талап ететін сұрақтар (translation guestions)  жауап берушіден мағлұматты басқа формада жеткізуді күтеді.Мұндай сұрақ қою кезінде оқушы ойша болатын жағдайды елестетіп көріністі суреттеп берулері керек. Яғни, оқушылар ойша елестеткен кейіптер мен дыбыстарды талқылайды.  Олар ең алдымен елестету тәжірибесін жинайды, содан кейін сөйлеу арқылы басқаларды өз қабылдауымен таныстырады.  Интерпретациялау сұрақтары оқушыларды идеялар мен фактілер анықтамалар мен құндылықтар арасындағы байланыстарды табуға үйретеді. Сұрақ тіркеме оқушыларға мәселені шешуге немесе келесі мәселенің логикасы мен себептерін зерттеуе мүмкіндік береді. Сұрақ – баға оқушыларды жаксы-жаман деген сияқты қорытынды шешім қабылдатады.

«INSERT» стратегиясы — бойынша оқушыға оқыту, тақырыппен танысу барысында

«V» — «білемін»;

«-» — «білмеймін»;

«+» — «мен үшін жаңа ақпарат»;

«?» — «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз  ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды еске сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Бүгінгі қоғамға,  мектепке керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа енгізу бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды. СТО-ның әдіс тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Белгілі бір мазмұнға сын тұрғысынан қарау арқылы жастардың ойы дамиды.  Оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуге маңызы ерекше. Оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыруда, сыныпта және жалпы мектеп бойынша оқушылардың білім деңгейін  көтеруде қолданылған  стратегиялардың қай-қайсысы болмасын  сабақ сапасының артуына үлесі зор. Сын тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болады.Оқушыларға жүйелі білім беру және алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру сияқты оқу процесінің негізгі мәселелері сабақ беру арқылы жүзеге асады. Сондықтан да сабақ беру әдістеріне әрқашан да ерекше көңіл бөліп, оны жетілдіру күн тәртібінен түспейтін мәселе. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс. Оқушылардың сабаққа ынтасын, шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өткізудің де маңызы зор. Мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине,  жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды,  жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейін.

1.Оқыту үрдісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеруге оқушының қызығуын тудыру.

2.Оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген тапсырманы орындау барысында  орындауға қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі керек.

3.Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының жеңістік жағдаятын алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен орындай алатын тапсырмалар мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.

Жоғарыда келтірілген СТО технологиясының 3 кезеңінде тиімді қолданылатын әдістерді төмендегіше бөлуге болады.

 

Қызығушылықты ояту Мағынаны түсіну Ой толғаныс
Көрнекілік INSERT

Көрнекілік

Топтастыру

Көрнекілік

Топтастыру Кубизм

ЖИКСО

Синквейн

Венн диаграмасы

Ойлау, пікірлесу, жұптасу Семантикалық карта

Өзім үшін жазу

Б.Ү.Ү

Семантикалық карта

Еркін жазу

Болжау Блумның сұрақ қою кестесі Әңгіме кестесі

Галерияны шарлау

Үш қадамнан тұратын сұхбат Пікірталас

Екі жақты күнделік

Ортада қаламсап
Араласыңыз, жұптасыңыз Өзара оқыту

Жұппен оқу

Жазу

Сезімнен шыққан өлең

Б.Ү.Ү   Б.Ү.Ү

 

Мен оқытудың ұжымдық әдістерін, соның ішінде Джордж Соростың ашық қоғам институты  «Сорос – Қазақстан» қоры арқылы келген «Оқу және Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды  Дамыту» технологиясы бойынша курсын оқып, осы бағдарламаны іске асырудамын.

«Сыни ойлауға» келсек, бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деген негіз бар.

Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр.

«СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?

  • Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
  • Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
  • Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.

«СТО-ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?- десек:

  • Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы (қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс).
  • Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы.
  • Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс — әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш  сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларын қолданамын:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
  • әнгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
  • Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
  • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы /
  • Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
  • Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/

Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар,   пәндік үйірмелер,   мектеп компонентінен алынған  сабақтардың маңызы зор.

Осындай жұмысты үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бір сөзбен  айтқанда, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады?  Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар білім сапасына әсер етеді. Бұны өз тәжірибемнен байқадым.

Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды  жылдам  қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту- әрбір мұғалімнің міндеті.

                              Д ә с т ү р л і   с а б а қ т а р

Мұғалімнің әдістері: Оқушының іс-әрекеті:

 

Тақырыпты түсіндіреді. Мазмұнын айтып береді.
Кейіпкерлер туралы айтып береді. Кейіпкерге мінездеме береді.
Мәтіннің идеясын анықтайды. Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады.
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді. Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады.
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады. Шығарма жазады.

 

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады. Жауап береді.

RWCT  с а б а қ т а р ы

Мұғалімнің әдістері. Оқушының іс-әрекеті:

 

Топқа бөліп, ой қозғайды. Ұжыммен жұмыс жасайды.
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды. Мәтінмен өздері танысады.
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады. Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды. Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады.
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды.
Өз ойларын жазуды ұсынады. Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді
Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын жасайды.

 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты –оқытуды оқушыға бағыттау. Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде алдымен оқыту мақсаты, оқыту мазмұны және сабақ құрылымы мен формалары өзгереді.  Және де Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-басты тұлға деп алып:

-оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын;

-оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін,

-жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы;

— мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;

-кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды:

— сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;

— ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;

— бұрынғы білімдеріне білім қосады;

— микроклимат өзгереді;

-оқушылардың жауапкершілігі артты;

— күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;

-менде күтпеген өзгерістер болды;

-проблемалық ситуациялар туғыздым;

-оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;
— өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз. Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға  шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім.  Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар.Жоғарыда аталған стратегияларды қолдана отырып өткізген бірнеше сабақтарымнан мысалдар келтірейін.

-4 сыныптағы ана тілі сабағында Қ. Мырза Әлидің «Күз» өлеңін оқыған соң «Торлы талқылау» стратегиясын пайдаландым. Мақсатым өз пікірін дәлелдеуге үйрету.

— Саған күз мезгілі ұнай ма?

Иә Жоқ
Маған күз мезгілі өте ұнайды. Айналаңнан бояудың барлық түсін көре аласың. Ағаштан үзіліп түсіп жатқан жапырақтар көбелек сияқты. Барлық жеміс, көкөніс пісіп, тоятын мезгіл.      (Ару)

 

Маған күз мезгілі ұнамайды.   Жазғы  каникул бітіп қалады. Жиі ауа райы           бұзылып, батпақ болады.    Ойнағанда киімің былғанса, анаң ұрсады. Бақшада да жұмыс көп. Ойнауға уақыт аз қалады.  (Ақбота)

 

Қаншалықты нақты дәлел келтіретіндіктеріне назар аударып, бағаладым.

4 сынып ана тілі сабағында «Аяулы Жақаң» тақырыбынан кейін оқушыларға Міржақыпқа «5 жолды өлең» арқылы мінездеме беру тапсырылды:

Міржақып

Білімді шапшаң

Армандады, талпынды, оқыды

Міржақып қазақты білімге шақырды

Ойлы.

(Алмат)

Міржақып

Ақын, оқымысты

Шақырды, оқыды, жазды

Халқын өнер, білімге шақырды

Қайраткер

(Ару)

Синквейн құруда балалар зат есімге қандай мәндес сөз таңдайтындығына назар аудардым. Уақыт өткен сайын балалар қуанта бастады. Мұндай жұмыстар баланың сөздік қорын молайтуға көп көмек етеді.

3 сынып ана тілі  пәні бойынша «Алғашқы қоңырау» тақырыбында сабақ қорытысында «РАФТ» стратегиясы қолданылды. Оқушыларға рөл, аудитория, форма, тақырып таңдау ұсынылды. Олар көптеген қызықты ой толғаныстарын ұжымға ұсынды.

Кітапханашының алғысы: Мен көп жылдар балалармен жұмыс істеп келемін. Жиі-жиі сыныптарды аралап, оқулықтардың ұсталуын тексеремін. Оқулықтарын жақсы ұстаған 3 сынып оқушыларын алғыс хатпен марапаттадым. Осындай жақсы балалар тәрбиелегені үшін ата-аналарға алғыс айтқым келеді. (Ершат).

Кітаптың қорқынышы : Мені биыл алған бала қаптамады. Кір қолымен ұстай береді. Беттерімнің арасына қарындаш салып қояды. Үйінде кез келген жерге тастай салады. Келесі жылғы балаға жете алмай қаламын ба деп қорқамын (Нұрбақыт).

4 сынып ана тілі сабағында «Ғажайып бақ» ертегісін оқи отырып, Асан мен Қасеннің дала қарияға келген жерінен мәтінді үзіп, оқушыларға қарияның шәкірті рөлін ұсындым. «Сендер қандай билік айтар едіңдер?» дей отырып пікірлері тыңдалды. Олар билік айтып, өз билігінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысты.

4 сынып ана тілі «Ағаштар неге ашуланды» тақырыбы. Жаңа сабақты бастамас бұрын «Орманда жүрміз деп елестетіңдер» деген тапсырма бердім. Жерімізде орман болмағандықтан оқушылар естіген, оқыған, теледидардан көргендерін пайдаланып, сезімдерін жеткізді.

«Мен орман ішінде келемін. Айналамда әр түрлі әсем ағаштар өсіп тұр. Ағаш жапырақтары желмен жайқалады. Сылдырап бұлақ ағып жатыр. Құлағыма құстардың сайраған даусы келеді. Мен орман ішінен тоқтамай жүре бергім келеді».2-сыныпта Сағи Жиенбаевтың «Әлия», Сәду Машақовтың «Мәншүк» өлеңдерін оқыған кезде, сабақтың ой толғау кезеңінде «Венн диаграммасы» стратегиясын қолдандым.

 

 

 

 

Әлия Ұқсастығы

 

Мәншүк

 

Мергендер мектебін бітірген,

Балалар үйінде тәрбиеленген,

Әлия туралы әнді Роза Рымбаева шырқайды

Жас, соғысқа сұранып барған, қаза тапқан, кейіннен Кеңес Одағының Батыры болған, атында көше бар, олар туралы көркем шығарма бар, ескерткіш қойылған. Шын аты Мәнсия, медицина институтында оқыған, Қызылордада Мәншүк атында қыздар педагогикалық училищесі бар

 

3-сыныпта « Күз – береке бастауы» тарауындағы Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңі мен Міржақып Дулатовтың «Күз» әңгімесін оқыған кезде де «Венн диаграммасын» қолданып тиісті нәтижеге жеттім деп ойлаймын.

 

Абай Құнанбаев « Күз» Ұқсастығы Міржақып Дулатов «Күз»
Өлең түрінде жазылған, күзгі ауа-райының қалай өзгергенін суреттейді

 

         Күз мезгілі туралы жазылған, қазақтың көрнекті жазушы-

ларының  шығармасы

Әңгіме түрінде жазылған, күздің ерекшелігі, күздегі адамдар еңбегі, құстар тіршілігі туралы айтылған.

 

« Венн диаграммасы» – ақпаратты есте сақтау, таңдау және оқушының деңгейін көрсетеді. Ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу кезінде тақырыпқа тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.

«Кубизм»  – тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан-жағындағы сөздерді қолданады. 3-сыныпта Ә.Табылдиевтің  « Дақылдар әні » өлеңін оқыған кезде , бидай, тары, күріш, сұлы сияқты  дақылдармен тереңірек танысу мақсатында осы стратегияны қолдандым.

Суреттеңіз: Бидайдың  түсі сары, бір сабақта бірнеше дән болады, өзі кішкентай болғанымен өмір нәрі.

Салыстырыңыз: Бидай тарыға , күрішке, арпаға ұқсас. Моншаққа да ұқсайды.

Байланыстырыңыз: Бір алқапта өскен бидай алқабы бір елді көз алдыңа елестетеді. Бір түп бір жанұя сияқты, сабақта тұрған дәндер  ағайынды бауырлар сияқты.

Қолданыңыз: Арпа, бидай ас екен

Алтын, күміс тас екен,- дегендей, нансыз  тіршілік жоқ. Одан тәтті тоқаш, бөлке нан, печенье, макарон өнімдері жасалады.

Саралаңыз: «Ақ бидай» ертегісіндегі нанның қалай келетіні жөнінде айтып берді.

Талқылаңыз:Қолдануы туралы айтқан топқа қосарымыз бидайдан спирт жасалады.Бидайдың бірнеше сорты болады.

Оқушы бұл сабақта аз ғана нәрсені айта отырып, өзіне көп нәрсе ала алады деп ойлаймын.

3-сыныпта татар жазушысы И. Базидің «Жеміс бағында» деген шығармасымен танысқан кезде «Ішкі – сыртқы» стратегиясын қолдандым. Оқушылар алма туралы білетіндерін ортаға салды. Ішкі –алма – жеміс, бақта өседі, түсі қызыл, сары, жасыл болады. Дәмі тәтті, жұпар иісті, бірнеше сортты болады. Сыртқы – алма бағына күтім керек, көктемде ағаш діңін әктеп, артық бұтақтарын кесіп, топырағын қопсытады, мезгілімен суарады. Күзде алма піскенде, сатыға мініп, қолмен жияды. Жәшіктерге қағазға орап салып, дүкендерге жөнелтеді. Алманы кептіріп құрғақ жеміс әзірлейді, тосап қайнатады, шырын әзірлейді.

Осы сыныпта Ә. Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы», Сәкен Сейфуллиннің

«Ақсақ киік» шығармаларын оқыған кезде «Білгенім, үйренгенім, үйренгім келеді» стратегиясын қолдандым.

 

               Білгенім             Үйренгенім        Үйренгім келеді
Киік қой сияқты момын жануар,адамға еш залалы жоқ,  шөппен қоректенеді. Киікті ақбөкен деп те атайды, оның қаруы – аяғы, жауынан қашып құтылады, қажет кезде айла да қолданады, сұлу аң, адамдар мүйізі үшін аулайды,  жаңа туған лағын құралай деп атайды Мүйізінен қандай дәрілер жасалады?

Қанша жыл өмір сүреді?

Қолға үйретуге бола ма?

Неліктен киікті қорғау керек?

 

Үйренгім келеді бөлімінде пайда болған сұрақтарға оқушылар өздері ізденіп шығармашылықпен айналысады.

Сабақты қорытындылаған кезде  «Бес жол өлең» стратегиясын қолдану да өз нәтижесін береді.

Киік.

Сұлу, момын.

Суатқа келді, жоса жөнелді, шөппен қоректенеді.

Бір теке оншақты қасқырды алдап кетті.

Сахараның ботагөзі.

3-сыныпта «Құстар айтысы» ертегісін оқыған кезде ой қорыту кезеңінде «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясын қолдану арқылы мәтіндегі оқиға желісін түсінуге мүмкіндік туды.

 

 

 

 

Құсбегі Құстар Оқиға желісі
Орманға барады,

тор құрады тордың артынан жүріп отырады, ойлайды.

Ойы рас болады.

Торды ұстап алады.

Үйіне апарып қамап қояды.

Торға түсіп қалады,

ақылдасады, бірлесіп қимылдайды,торды көтеріп әкетеді

Жанжалдасады, қанаттарын ақырын қағады.

Ұсталып қалады.

Торға түскен құстар.

Бірлесу.

 

 

3-сыныпта «Көбелек» тақырыбымен танысқан кезде  «Көрнекілік» стратегиясын қолдануды жөн деп таптым. Оқушылар өз қиялдары арқылы көбелектің бірнеше түрін салып шықты.

«Денім сау болсын десең» тақырыбымен танысқан кезде «Еркін жазу» стратегиясын пайдаландым, Оқушы денсаулықты күтудің, оны шынықтырудың  өзі білетін тұстарын қағазға түсіріп басқа оқушылармен ой бөліседі.

«Ұстаз» тақырыбын оқыған кезде «Екі жақты күнделік» стратегиясын қолданған тиімді. Мұнда оқушы оқып отырған мәтіннен негізгі, маңызды нәрсені іздеп тауып, оған өзі түсінік береді.

СТО технологиясының тиімді әдісінің бірі «Бірін -бірі оқыту» стратегиясы:

  1. Оқушыларды топқа бөлу
  2. Абзац бойынша іштей оқыту
  3. Мәтін бойынша сұрақ дайындау, оған жауап беру
  4. Түсініксіз жерлерін айқындау, керекті жерлерін жазып отыру.
  5. Келесі бөлікте не болатынын болжау
  6. Келесі бөлікті оқуға

Бұл стратегияның артықшылығы оқушылардың жаңа мәтінді өз бетімен игеруге мүмкіншілігі мол болады.  Нашар оқитын оқушылардың өзі  белсенді түрде сабаққа қатынасады. Осы стратегияны бірнеше сабақтарда қолдану өз нәтижесін берді.  Мен өз сабақтарымда, стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келемін.

Сабақтың тақырыбы: «Шыбын мен Көбелек»

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: мәтінді оқи отырып, түсініп талдай білуге үйрету;

ә) дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорын байыта отырып өз ойларын еркін жеткізуге  дағдыландыру;

б) тәрбиелігі: адал шыншыл болуға, бос мақтаншақ болмауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Мәтін мазмұнын түсіне алады.
  2. Өз ойын еркін жеткізуге үйренеді.
  3. Топта өзін еркін сезінеді.
  4. Пікір таластыруға үйренеді.

5.Өз бойына жағымды қасиеттерді жинақтайды.

Сабақтың түрі: Жаңа мағынаны таныту.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, талдау, жинақтау,қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: итерактивтік тақта, тапсырма  жазылған парақшалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.   Шаттық шеңбері.

І. Ой қозғау.

  1. «Жазушының қойын дәптері» стратегиясы.

 

Менің әрекетім Өз толғанысым
 

 

 

 

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

А) Сапар мен Парта мәтінін оқу.

Ә) «Болжау» стратегиясы.

 

Қандай оқиға болды? Қандай дәлеліңіз бар? Енді не болады?
 

 

 

   

 

ІІ. Мағынаны  таныту.

1.Оқулықпен жұмыс. «Шыбын мен көбелек»

А) Сөздік жұмыс

Көз шырымын алу- ұйықтау

Қауыз- ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы

Жұқсыз- сүйкімсіз, жек көрінішті

Сұғанақ- ұры

Сапалақ- шыбын қорығыш құрал

Шылғи өтірік- мүлде өтірік.

Ә) Топпен жұмыс.

І топ     Мәтіннің бірінші бөлігін оқып, талдайды.

ІІ топ   Мәтіннің екінші бөлігін оқып, талдайды.

  1. Сергіту жаттығуы.

«Алма бағында»   Алманы тереді, кәрзеңкеге салады, машинаға тиейді.

ІІІ  Ой толғаныс.

1.Мінездеме беру.

І топ     Көбелек қандай?

ІІ топ    Шыбын қандай?

  1. «Дөңгелек үстел» стратегиясы.

І топ      Көбелек туралы әңгіме жазады. Бір-бір сөйлем жазып жалғастырады.

Соңынан мәтінді оқиды.

ІІ топ    Шыбын туралы жазады.

  1. Үйге тапсырма. Мәтінді оқып мазмұндау. Шыбын мен көбелекке шығармашылық жұмыс жүргізу.
  2. Бағалау

Нәтиже:

  1. Сынып оқушылары арасында үлгермеуші жоқ, білім сапасы артты.
  2. Сабаққа белсенділігі жоғары, өздігінен жұмыс жасауына дағдыланады.
  3. Кітаппен толық жұмыс жүргізеді.
  4. Танымдық белсенділік артады.
  5. Көптің пікірін тыңдап, сыйлайды.
  6. Оқушы мен мұғалім бірлесіп білімге кең жол ашады.
  7. Мұғалімнің ғана емес, бір-бірінің пікірлерін тыңдап, бағалауға дағдыланады.
  8. Бір-біріне жүйелі сұрақ қоюға тырысады.
  9. Жазу сабақтарына көзқарастары өзгереді.
  10. Сабақта әр жұмысты аяқсыз қалдырмауға тырысады.
  11. Өзіне сын көзбен қарауды үйренеді.

Дәріс беретін сыныбымның білім сапасы жыл сайын артып келе жатқанын төмендегі диаграммадан көруге болады.

 

 

 

 

Осы технологиямен 2 жыл жұмыс жасағанда  көптеген жетістіктерге жеттім. Атап айтсақ:

  • Аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Құрмет грамотасымен; (2012ж)
  • Мектепішілік семинар ұйымдастырып, әріптестеріме осы технологияның әдістерін қалай қолдану керектігін үйретіп, тәжірибе алмастық; (2012ж)
  • Мектепішілік іс- тәжірибем таратылды; (2012ж)
  • Ана тілі пәні бойынша олимпиадаға дайынған оқушым Н.Қонысбай аудандық олимпиадада ІІІ дәрежелі Дипломмен;(2012ж)
  • Аудандық «Жыл сынып-2012» байқауына қатынасып, ІІ дәрежелі Дипломмен;
  • Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2013» байқауына қатынасып, ІІ дәрежелі Дипломмен;
  • 2011-2012 оқу жылында мектепішілік ғылыми жобалар сайысында «Қызылша және оның пайдасы» тақырыбында оқушым А.Демешов ғылыми жұмысын қорғап, І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
  • Сабақтарым мен тәрбие сағаттары республикалық басылымдарға жарияланды.

Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге , олардың ғылыми  білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды . Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзім жетті. Сын тұрғысынан ойлау — бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.

RWCT технологиясы болашақ ұрпақты жан-жақты, білімді, тәрбиелі азамат етуге сенімді қадам, нақты бағыт беруші деуге болады. Бұл технология негізгі білімді бере отырып, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылатын, жауапкершілік сезімі бар жас адамның жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады деп өз ойымды түйіндеймін. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау — өте күрделі маңызды құбылыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения.-Томск, 1995, 144 с

 

  1. Выготский Л.С.Психология.-М., 2000

 

  1. Әрекеттегі RWCT философиясы Қарағанды 2011

 

  1. Словарь RWCT КазАЧ, 2009

 

  1. «Дауыс және көрініс» №4 2005

 

  1. Ташенова.А. «Сын Тұрғысынан Ойлауды Оқу мен Жазу арқылы Дамыту»

Білім-Образование -2006 № 6. 3-4 бет

  1. «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі» журналдары 2009-2012