Бақылау жұмысы №1 Өрнектер. Формулалар.

5 сынып. Математика пәнінен бақылау жұмыстарының жинағы.

 

Бақылау жұмысы №1

Өрнектер. Формулалар.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Амалдарды орындаңдар:

А) 8273+1817-1398

Ә) 109.27

Б) 3627:9

  1. Өрнекті ықшамдаңдар:

А) 32+b+18

Ә) (8+х).5

Б) 6х-х+2х

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар. Мұндағы a=17; b=9.

 

В-деңгей

  1. Теңдеуді шешіңдер:

(х-4):3=6

2.Өрнектің мәнін табыңдар:

А) 4b-3c

Ә) 98:b+c

Б) (63-b).c, мұндағы b=7;c=3

  1. 3. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Екі кітап сөресінде барлығы 75 кітап бар. Бірінші сөреде екінші сөредегіден 9 кітап артық. Екінші сөреде неше кітап бар.

 

С-деңгей

  1. Разрядтық қосылғыштарға жіктелген қандай сан:

А) a.100+b.10+c, мұндағы a=8; b=5; c=1

Ә) x.1000+y.10+z, мұндағы x=3; y=6; z=8?

  1. Ағысқа қарсы жүзіп бара жатқан Болаттың қалпағы кенеттен суға түсіп кетті. Ағыс жылдамдығы 20 м/мин. Болаттың тынық судағы жүзу жылдамдығы 50м/мин. Болаттың суда қалқып бара жатқан қалпағы 3 минутта одан қандай қашықтықта болады?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Амалдарды орындаңдар:

А) 1916+1289-2836

Ә) 108.2080

Б) 4920:8

  1. Өрнекті ықшамдаңдар:

А) 47+а+13

Ә) (7+у).3

Б) 5х-2х+х

  1. Қабырғасы а см квадраттың периметрін табыңдар. Мұндағы a=8; 12.

 

В-деңгей

  1. Теңдеуді шешіңдер:

(n-5):6=8

2.Өрнектің мәнін табыңдар:

А) 5a-2b

Ә) 96:a-b

Б) (57-a).b, мұндағы a=8;b=5

  1. 3. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 41-ге тең. ағасы қарындасынан 7 жас үлкен. Қарындасы неше жаста?

 

С-деңгей

  1. Разрядтық қосылғыштарға жіктелген қандай сан:

А) m.1000+n.100+k, мұндағы m=5; n=3; k=2

Ә) x.100+y.10+z, мұндағы x=6; y=9; z=3?

  1. Ағыс жылдамдығы 25 м/мин өзенде Марат ағыспен жүзіп бара жатыр. Кенеттен оның қалпағы суға түсіп кетті. Мараттың тынық судағы жүзу жылдамдығы 60 м/мин. Мараттың суда қалқып келе жатқан қалпағы 4 минутта одан қандай қашықтықта болады?

 

 

Бақылау жұмысы №2

Натурал сандардың бөлінгіштігі.

І нұсқа

А-деңгей

А) 68+36 қосындысы 4-ке бөліне ме, әлде 5-ке бөліне ме?

Ә) 45.91 көбейтіндісі 3-ке бөліне ме?

А) 28 санының бөлгіштерін жазыңдар;

Ә) 7 санының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар

  1. Сара, Қайрат және Нұрдан бағалары бірдей бірнеше дәптерден сатып алды. Сара 56 тг, Қайрат 63 тг, Нұрлан 21 тг төледі. Бір дәптердің бағасы неше теңге? Балалардың әрқайсысы неше дәптер сатып алды?

 

В-деңгей

  1. 84 санына бөлгіш, 7-ге еселік болатын ең үлкен санды табыңдар.
  2. 76,57 және 87 сандарынан өзара жай сандар жұбын құрастырыңдар.
  3. Велосипедші бірінші күні 65 км, екінші күні 39 км жол жүрді. Велосипедші барлық уақытта тұрақты жылдамдықпен жүргенде екі күнде неше сағат жол жүрді?

 

С-деңгей

  1. 48,80 және 15 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар.
  2. Айлақтан бірдей уақытта шыққан екі кеменің біріншісі 14 сағатта, екіншісі 21 сағатта айлаққа қайтып оралады. Егер осы екі кеме айлақтан бірдей уақытта шыса, қанша уақыттан соң осы айлақта кездеседі?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

А) 72+54 қосындысы 7-ге бөліне ме, әлде 9-ға бөліне ме?

Ә) 60.28 көбейтіндісі 5-ке бөліне ме?

А) 32 санының бөлгіштерін жазыңдар;

Ә) 13 санының еселіктерінің алғашқы үшеуін жазыңдар

  1. 15 қызыл шар, 21 көк шар және 24 сары шардан ондағы бір түсті шарлардың саны бірдей болатындай гирлянда жасау керек. Неше гирлянда жасауға болады?

 

В-деңгей

  1. 84 санына бөлгіш, 7-ге еселік болатын ең үлкен санды табыңдар.
  2. 36,55 және 42 сандарынан өзара жай сандар жұбын құрастырыңдар.
  3. 6а және 6б-сынып оқушылары алма терді. Сыныптардың әрқайсысынан алма теруге қатысқан оқушылар сандары бірдей. 6а-сынып оқушылары 252 кг алма терсе, 6б-сынып оқушылары 105 кг алма терді. Сыныптардың әрқайсысынан алма теруге неше оқушыдан қатысты?

 

С-деңгей

  1. 32,48 және 80 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар.
  2. Қабырғасы неше сантиметр квадратты ені 7 см, ұзындығы 16 см тік төртбұрыштарға қалдықсыз бөлуге болады?

 

 

Бақылау жұмысы №3

І тоқсанның бақылау жұмысы

І нұсқа

А-деңгей

  1. Өрнекті ықшамдап мәнін табыңдар:

А) 5а+2а-7, мұндағы а=3

Ә) 2(b-3)+5, мұндағы b=8

  1. Кубтың қыры а см. Оың көлемін табыңдар. Мұндағы а=7.
  2. 2.3.3.5 және 2.2.3.3. жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың:

1) ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар;

2) ең кіші ортақ еселігін табыңдар.

 

В-деңгей

  1. 9; 5 және 8 натурал сандарын бөлімі 7 болатын жай бөлшек түрінде жазыңдар.
  2. Ағасы а жаста, қарындасы одан 3 жас кіші. Қарындасы неше жаста?
  3. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Мектептегі домбыра үйірмесіне 29 оқушы қатысады. Ондағы қыздардың ұлдардан 5-еуі артық. Мектептегі домбыра үйірмесіне неше ұл қатысады?

 

С-деңгей

  1. Қыры 6 см кубтың толық бетінің ауданын табыңдар.
  2. Шаруашылықтың 64 га жерінің -іне бақша өнімдері егілді. Қалған жердің -і мал жайылымына қалдырылды. Шаруашылықтың неше гектар жері мал жайылымына қалдырылды?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Өрнекті ықшамдап мәнін табыңдар:

А) 7а+4а-5, мұндағы а=6

Ә) 2(b+5)-3, мұндағы b=4

  1. Түлкі t секундта s м қашықтыққа жүгіреді. Түлкінің жылдамдығын табыңдар. Мұндағы s=945; t=3.
  2. 2.2.2.3.7 және 2.3.3.7. жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың:

1) ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар;

2) ең кіші ортақ еселігін табыңдар.

 

В-деңгей

  1. 4; 7 және 12 натурал сандарын бөлімі 5 болатын жай бөлшек түрінде жазыңдар.
  2. Футбол добы b тг, ал волейбол добы одан с тг арзан. Волейбол добы неше теңге?
  3. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Көкөніс қоймасындағы 279 ц картоп екі дүкенге жіберілді. Дүкеннің біреуіне жіберілген картоп екіншісіне жіберілген картоптан 57 ц артық. Дүкендердің әрқайсысына неше тонна картоп жіберілді?

 

С-деңгей

  1. Ұзындығы 96 см сымнан кубтың макеті даярланды. Осы кубтың көлемін табыңдар.
  2. саяхатшы жүруге тиісті 320 км қашықтығының -ін автомобильмен жүрді. Қалған жердің -ін мотоциклмен жүрді. Саяхатшы неше километр қашықтықты мотоциклмен жүрді?

 

Бақылау жұмысы №4

Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу.

Жай бөлшектерді салыстыру.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда бөлшектердің теңдігі сақталады?

А)

Ә)

Б)

В)

  1. бөлшектерін координаталық сәуледе кескіндеп, оған сәйкес нүктені әріптермен белгілеңдер. Оны координатасымен жазыңдар. Бірлік кесінді ретінде дәптердің 10 тор көзінің ұзындығын алыңдар.
  2. Ыдыстағы 5 литр сүттің 3 литрі құйылып алынды. Ыдыстағы сүттің қандай бөлігі құйылып алынды?

 

В-деңгей

  1. Бөлшектерді алдын ала қысқартып алып, салыстырыңдар:

А)

Ә)

Б)

  1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер:

А)

Ә)

Б)

  1. Қабырғасы 6 см квадрат ауданының бөлігі боялды. Квадраттың боялған бөлігінің ауданын табыңдар. Квадраттың боялмаған бөлігінің ауданын табыңдар. Оларды салыстырыңдар.

 

С-деңгей

  1. Өрнектегі әріптің орнына мәнін қойып, бөлшектерді қысқартып, аралас сан түрінде жазыңдар:

, мұндағы х=36; 65; 51

  1. Нұрлан мен Қанат ойын автоматтарынан атып ойнады. Нұрлан 12 рет атып, 8 рет нысанаға тигізді. Қанат 8 рет атып, 6 рет нысанаға тигізді. Балалардың қайсысы нысанаға көбірек тигізді?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда бөлшектердің теңдігі сақталады?

А)

Ә)

Б)

В)

  1. бөлшектерін координаталық сәуледе кескіндеп, оған сәйкес нүктені әріптермен белгілеңдер. Оны координатасымен жазыңдар. Бірлік кесінді ретінде дәптердің 8 тор көзінің ұзындығын алыңдар.
  2. Катер 4 сағатта 50 км қашықтыққа жүзді. Катердің жылдамдығын табыңдар.

 

В-деңгей

  1. Бөлшектерді алдын ала қысқартып алып, салыстырыңдар:

А)

Ә)

Б)

  1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер:

А)

Ә)

Б)

  1. Ұзындығы 7 см, ені 4 см тік төртбұрыштың бөлігі боялды. Тік төртбұрыштың боялған бөлігінің ауданын табыңдар. Оның боялмаған бөлігінің ауданын табыңдар. Оларды салыстырыңдар.

 

С-деңгей

  1. Өрнектегі әріптің орнына мәнін қойып, бөлшектерді қысқартып, аралас сан түрінде жазыңдар:

, мұндағы у=15; 16; 42

  1. А заводы шығарған 56 мотордың 4-еуінің ақауы болды, ал В заводы шығарған 48 мотордың 3-еуінің ақауы болды. Қай заводтың шығарған өнімінің сапасы жақсырақ?

 

 

Бақылау жұмысы №5

ІІ тоқсанның бақылау жұмысы. Жай бөлшектерді қосу және азайту.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Амалдарды орындаңдар:

А)

Ә)

Б)

В)

Г)

  1. Компьютерде теруші шығарманың бірінші күні -ін терді, екінші күні -ін терді. Компьютерде теруші екі күнде шығарманың қандай бөлігін терді?
  2. Ұзындығы м сымнан м сым кесіліп алынды. Қалған сымның ұзындығын табыңдар.

 

В-деңгей

  1. Есептеңдер:

А)

Ә)

  1. Эскалатор м/мин жылдамдықпен жоғарылай қозғалды. Оның үстіндегі м/мин жылдамдықпен жүрген адам 1 минутта:

1) эскалатор қозғалысымен бағыттас жүрсе, неше метр қашықтыққа жылжиды?

2) эскалатор қозғалысына қарсы бағытта жүрсе, неше метр қашықтыққа жылжиды?

 

С-деңгей

  1. Теңдеуді шешіңдер:
  2. Әріп терушілердің біріншісі берілген оқулықты 15 күнде тереді. Екіншісі одан 3 күн кем, ал үшіншісі 5 күн артық тереді. Әріп терушілердің үшеуі де қатарынан сол оқулықты терсе, олар 1 күнде оқулықтың қандай бқлігін тереді?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Амалдарды орындаңдар:

А)

Ә)

Б)

В)

Г)

  1. Фермер геістік жердің -іне бидай екті, -іне бақша өнімдерін екті. Фермер геістік жердің қандай бөлігіне бидай және бақша өнімдерін екті?
  2. АВ кесіндісінің ұзындығы см, CD кесіндісінің ұзындығы см. АВ кесіндісі CD кесіндісінен қанша ұзын?

 

В-деңгей

  1. Есептеңдер:

А)

Ә)

  1. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы км/сағ. Ағыс жылдамдығы км/сағ. Моторлы қайық 1 сағатта:

1) ағыспен жүзіп, неше километр қашықтыққа барады?

2) ағысқа қарсы жүзіп, неше километр қашықтыққа барады?

 

С-деңгей

  1. Теңдеуді шешіңдер:
  2. Бірінші насос цистернаны 20 минутта толтырса, екінші насос одан 5 мин кем, ал үшінші насос 10 мин артық уақытта толтырады. Үш насос қатарынан жұмыс жасағанда 1 мин уақытта цистернаның қандай бөлігін толтырады?

 

 

Бақылау жұмысы №6

Жай бөлшектерді көбейту. Санның бөлігін табу.

І нұсқа

А-деңгей

1.Мына сандарға кері санды табыңдар:

  1. 2. Бөлігін табыңдар:

А) 8 кг-ның -ін

Ә) 6 сағаттың -сін

Б) 10 м-дің -ін

  1. Бір көйлек м матадан тігіледі. Осындай 6 көйлек неше метр матадан тігіледі?          

 

В-деңгей

  1. Көбейтуді орындаңдар:

А)

Ә)

  1. Бос орынға қандай санды қойғанда теңдік тура болады?

.     =1;         . ;     3.         =1?

  1. Бір киімді шебер 4 күнде тігіп бітіреді, ал оның үйренушісі 6 күнде тігіп бітіреді. Егер осы киімді шебер үйренушісімен қатар тіксе, 2 күнде оның қандай бөлігін тігіп бітіреді?

 

С-деңгей

  1. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар. Тізбектес үш тақ санның қосындысы 57-ге тең. Осы тақ сандарды табыңдар.

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

1.Мына сандарға кері санды табыңдар:

  1. Бөлігін табыңдар:

А) 9 кг-ның -сін

Ә) 8 сағаттың -ін

Б) 15 м-дің -ін

  1. Бір орамда кг кәмпит бар. Осындай 20 орамда неше килограмм кәмпит бар?

 

В-деңгей

  1. Көбейтуді орындаңдар:

А)

Ә)

  1. Бос орынға қандай санды қойғанда теңдік тура болады?

.     =1;         . ;     5.         =1?

  1. Бассейнді бірінші құбыр 30 минутта, екінші құбыр 45 минутта сумен толтырады. Егер бассейнге су осы екі құбырдан 15 мин қатар ақса, оның қандай бөлігі толады?

 

С-деңгей

  1. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар. Тізбектес үш жұп санның қосындысы 54-ке тең. Осы жұп сандарды табыңдар.

 

 

Бақылау жұмысы №7

Жай бөлшектерді бөлу.  Бөлігі бойынша санды табу.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Бөлуді орындаңдар:

А)

Ә)

  1. Қадамының ұзындығы м бала неше қадам жасағанда м қашықтыққа барады?
  2. Есептеңдер:

А)

Ә)

 

В-деңгей

  1. Бөлігі бойынша шаманы табыңдар:

А) -сі 16 км

Ә) -і 30 кг

Б) -сі 40 мин

  1. Алма екі себетке салынған. Бірінші себетте 48 алма бар. Бұл екінші себеттегі алманың -сындай. Екі себетте қанша алма бар?
  2. сағатта жаяу адам км қашықтыққа барса, велосипедші км қашықтыққа барады. Егер жаяу адам мен велосипедші бір жерден бір уақытта бір бағытта шықса, 1 сағатта велосипедші мен жаяу адамның ара қашықтығы неше километр болады?

 

С-деңгей

  1. Салыстырып, теңсіздік белгісімен жазып, нәтижесін қорытындылаңдар:

А)  мен

Ә)  мен

  1. Токарь тапсырманың -сін орындағанда, ол тапсырманың жартысынан 75 бөлшекті артық даярлайды. Токарьға неше бөлшек даярлау тапсырылған еді?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Бөлуді орындаңдар:

А)

Ә)

  1. Шеңберінің ұзындығы м доңғалақ неше рет айналғанда м қашықтыққа барады?
  2. Есептеңдер:

А)

Ә)

 

В-деңгей

  1. Бөлігі бойынша шаманы табыңдар:

А) -і 21 м

Ә) -і 45 кг

Б) -і 45 мин

  1. Саяхатшылар бірінші күні 72 км жол жүрді. Бұл олардың екінші күнгі жүрген жолының -сіндей. Саяхатшылар екі күнде неше километр жол жүрді?
  2. Моторлы қайық көлде сағатта км қашықтыққа барса, ескекті қайық км қашықтыққа барады. Егер моторлы қайық пен ескекті қайық бір айлақтан бір уақытта шықса, 1 сағатта олардың ара қашықтығы неше километр болады?

 

С-деңгей

  1. Салыстырып, теңсіздік белгісімен жазып, нәтижесін қорытындылаңдар:

А)  мен

Ә)  мен

  1. Саяхатшы баруға тиісті қашықтығының -ін жүргенде, ол сол жолдың жартысынан 35 км асып кетеді. Саяхатшы неше километр қашықтыққа баруы керек?

 

 

Бақылау жұмысы №8

Сандардың  ондық жазылуы. Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Бөлінділерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

27:10;  81:100; 319:100;  919:100

  1. Есептеңдер:

А) 2,83+15,2

Ә) 19-5,86

Б) 45,6+7,35

В) 15,7-9,85

  1. Мотролы қайықтың көлдегі жылдамдығы 2,86 км/сағ. Моторлы қайықтың өзенде ағыспен жүзгендегі жылдамдығын табыңдар.

 

В-деңгей

  1. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып алып, есептеңдер:

А) 25,03+-0,31

Ә) 9,8+-5,55

  1. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Оқушы бір сан ойлады, ол ойлаған санына 6,36-ны қосып, нәтижесінен 0,76 санын азайтқанда, айырма 8,1-ге тең болды. Оқушы қандай сан ойлады?

  1. Жұлдызшаларды теңсіздік тура болатындай цифрлармен ауыстырыңдар:

А) 5,* > 5,8

Ә) 7,85 < 7,*1

 

С-деңгей

  1. Теңдеуді шешіңдер:

+(2,9-у)=47,49

  1. Дүкеннен 7,4 кг жүзім, алма және өрік сатып алынды. Сатып алынған жүзім мен алма 5,66 кг, ал алма мен өрік 4,95 кг. Дүкеннен неше килограмм алма сатып алынды? Неше килограмм жүзім сатып алынды?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Бөлінділерді ондық бөлшек түрінде жазыңдар:

29:10;  91:100; 461:100;  817:100

  1. Есептеңдер:

А) 3,18+17,3

Ә) 18-4,15

Б) 54,8+8,25

В) 16,7-8,95

  1. Ескекті қайықтың көлдегі жылдамдығы 7,8 км/сағ. өзеннің ағыс жылдамдығы 2,95 км/сағ. Ескекті қайықтың өзенде ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығын табыңдар.

 

В-деңгей

  1. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып алып, есептеңдер:

А) 36,72+-0,46

Ә) 7,6+-4,44

  1. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Оқушы бір сан ойлады, ол ойлаған санына 3,85-ті азайтып, нәтижесіне 0,96-ны қосқанда 5,83 шықты. Оқушы қандай сан ойлады?

  1. Жұлдызшаларды теңсіздік тура болатындай цифрлармен ауыстырыңдар:

А) 4,* > 4,8

Ә) 8,98 < 8,9*

 

С-деңгей

  1. Теңдеуді шешіңдер:

+(3,6+у)=1,94

  1. Үшбұрыштың периметрі 21,7 см. Оның бірінші және екінші қабырғасының қосындысы 12,3 см. Екіншісі және үшінші қабырғасының қосындысы 14,2 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

 

 

Бақылау жұмысы №9

ІІІ тоқсанның бақылау жұмысы.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Есептеңдер:

А) 8,5-2,96

Ә) 4,7+3,85

Б) 41,13 . 4

В) 1,8 . 0,4

Г) 8,1:3

Ғ) 7,3:10

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 5,26 см, ені 3,15 см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.
  2. Амалды орында:

 

В-деңгей

1.Өрнектің мәнін табыңдар:

9,25+6,34х+2,56х, мұндағы х=7,5

  1. 2,5 кг алма және 3 кг алмұрт үшін 247 тг төленді. 1 кг алма 34 тг болса, 1 кг алмұрт қанша теңге?
  2. Ара қашықтығы 205,6 км екі елді мекеннен бір уақытта бір-біріне қарсы бағытта автомобиль және мотоцикл шықты. Автомобильдің жылдамдығы 75 км/сағ, мотоциклдің жылдамдығы оның 0,6-сындай. Неше сағаттан кейін олардың ара қашықтығы 55,6 км болады?

 

С-деңгей

  1. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар:

Үш құмырада 5,8 л сүт бар. Екінші құмырадағы сүт біріншідегіден 2 есе артық. Үшінші құмырадағы сүт екіншідегіден 0,7 л кем. Үшінші құмырада неше литр сүт бар?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Есептеңдер:

А) 7,6-3,81

Ә) 3,9+4,62

Б) 21,12 . 6

В) 1,7 . 0,3

Г) 5,1:3

Ғ) 9,7:10

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 8,76 см, ені 5,35 см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.
  2. Амалды орында:

 

В-деңгей

1.Өрнектің мәнін табыңдар:

8,35+4,23а+3,17а, мұндағы а=8,5

  1. Дыбыс жылдамдығы 334,5 м/с, желдің жылдамдығы одан 75 есе кем. Дыбыс желге қарсы бағытта 1,5 с уақытта қанша қашықтыққа жетеді?
  2. Бір станциядан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жүк поезы және жүрдек поезд шықты. Жүрдек поездың жылдамдығы 85 км/сағ, жүк поезының жылдамдығы оның 0,6-сына тең. Неше сағатта олардың ара қашықтығы 326,4 км болады?

 

С-деңгей

  1. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар:

Үш бидонда 17,9 л май бар. Екінші бидондағы май біріншідегіден 1,2 есе артық. Үшінші бидондағы май екіншідегіден 0,8 л кем. Үшінші бидонда неше литр май бар?

 

 

Бақылау жұмысы №10

Ондық бөлшектерді бөлу. Сандардың жуық мәндері. Сандарды дөңгелектеу. Сандардың арифметикалық ортасы.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Есептеңдер:

А) 5,85:3,25

Ә) 7:0,01

Б) 7,28:9,1

В) 2,7:0,9

  1. Сандарды дөнгелектеңдер:

А) ондық үлестерге дейін: 0,821; 3,654; 0,786

Ә) мыңдық үлеске дейін: 0,9385; 6,2148; 8,3972

  1. Электорпоезд бірінші сағатта 116 км/сағ жылдамдықпен, екінші сағатта 108 км/сағ жылдамдықпен, үшінші сағатта 112 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Электорпоездың осы жылдамдықтарының арифметикалық ортасын табыңдар.

 

В-деңгей

  1. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Саяхатшы автобуспен елді мекенге дейін 2,6 сағ, елді мекеннен кейін 1,5 сағ жол жүріп, барлығы 189 км қашықтыққа барды. Егер автобус елді мекенге дейін 45 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, оның елді мекеннен кейінгі жылдамдығын табыңдар.

  1. Тік бұрышты параллелепипедтің пішіні ыдыстағы судың көлемі 92,16 дм3, судың биіктігі 3,2 дм. Ыдыстың табан ауданын табыңдар.
  2. Екі санның арифметикалық ортасы 6,9-ға тең. Бірінші сан 7,86-ға тең. Екінші санды табыңдар.

 

С-деңгей

  1. Амалды орындаңдар:
  2. Саяхатшы ағыс жылдамдығы 2,1 км/сағ өзенде қайықпен жүзіп 21,06 км қашықтыққа барып қайтты. Ағыс жылдамдығы қайықтың меншікті жылдамдығының 0,35-іне тең. Осы қашықтыққа саяхатшы қайықпен барып қайтуы үшін қанша уақыт керек?

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Есептеңдер:

А) 3,29:2,35

Ә) 5:0,01

Б) 5,67:8,1

В) 1,8:0,3

  1. Сандарды дөнгелектеңдер:

А) ондық үлестерге дейін: 0,713; 2,857; 0,679

Ә) мыңдық үлеске дейін: 0,8275; 7,9183; 9,2138

  1. Автобус бірінші сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен, екінші сағатта 52 км/сағ жылдамдықпен, үшінші сағатта 47 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автобустың осы жылдамдықтарының арифметикалық ортасын табыңдар.

 

В-деңгей

  1. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

3,5 кг қант және 5,7 кг ұн 535,7 тг тұрады. 1 кг қанттың бағасы 70 тг болса, 1 кг ұнның бағасы неше теңге?

  1. Тік бұрышты параллелепипедтің пішіні ыдыстағы судың көлемі 129,6 дм3. Оның табанының ауданы 40,5 дм2. Биітігін табыңдар.
  2. Екі санның арифметикалық ортасы 6,3-ке тең. Бірінші сан 7,2-ге тең. Екінші санды табыңдар.

 

С-деңгей

  1. Амалды орындаңдар:
  2. Турист ағыс жылдамдығы 2,64 км/сағ өзенде теплохадпен жүзіп 67,76 км қашықтыққа барып қайтты. Ағыс жылдамдығы теплоходтың меншікті жылдамдығының 0,12-сіне тең. Турист теплоходпен осы қашықтыққа барып қайтуы үшін қанша уақыт керек?

 

 

Бақылау жұмысы №11

Проценттер. Бұрыштар. Дөңгелек диаграмма.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Бөлшекті процентпен жазыңдар:

0,2;  0,8;  0,75;  2,3

  1. Кітапханада 35000 кітап бар. Оның 22%-і әдеби кітаптар. Кітапханадағы әдеби кітаптардың саны қанша?
  2. <CDE=1350. Оның төбесінен DB сәулесі жүргізілген. BDE бұрышының градустық өлшемі 860. CDB бұрышының градустық өлшемін табыңдар.

В-деңгей

  1. Қоспаның құрамының 58%-і мыс, 24%-і мырыш, қалғаны қорғасын. Қоспадағы қорғасын 27 тг. Қоспаның толық массасын табыңдар.
  2. Процентті ондық бөлшекпен жазыңдар:

45%; 270%;  3%;  180%

  1. Математикадан өткізілген бақылау жұмысында сынып оқушыларының 10%-і «5»-тік баға, 40%-і «4»-тік баға, қалғандары «3»-тік баға алды. Сынып оқушыларының математикадан бақылау жұмысынан алған бағалары бойынша дөңгелек диаграмма сызыңдар.

С-деңгей

  1. Сынып оқушыларының -і спорттық үйірмелерге қатысады, -і жас математиктер үйірмесіне, қалғандары әр түрлі үйірмелерге қатысады. Сынып оқушыларының үйірмелерге қатысуының дөңгелек диаграммасын жасаңдар.

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Бөлшекті процентпен жазыңдар:

0,5;  0,4;  0,15;  1,25

  1. Мектепте барлығы 1500 оқушы бар. Оның 42%-і ұл балалар. Мектепте қанша ұл бала бар?
  2. <АВС=1280. Оның төбесінен BD сәулесі жүргізілген. АBD бұрышының градустық өлшемі 760. DBC бұрышының градустық өлшемін табыңдар.

В-деңгей

  1. Дүкенге сатуға әкелген көкөністің бірінші күні 35%-і сатылса, екінші күні 28%-і сатылды. Үшінші күні қалған 333 килограмы сатылды. Дүкенге барлығы қанша көкөніс әкелінген еді?
  2. Процентті ондық бөлшекпен жазыңдар:

37%; 150%;  2%;  230%

  1. Метеориттің құрамының 70%-і темір, 20%-і никель, қалғаны кобальт. Метеорит құрамының дөңгелек диаграммасын сызыңдар.

С-деңгей

  1. Жер шарының -сін мұхиттар алып жатыр, қалғаны құрлықтар. Жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың дөңгелек диаграммасын жасаңдар. Жер шарының шамамен неше процентін Дүниежүзілік мұхиттар алып жатыр?

 

 

Бақылау жұмысы №12

5-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша қорытынды бақылау жұмысы.

І нұсқа

А-деңгей

  1. Ұзындығы 28,5 м, ені 14,2 м бірінші тік төртбұрышты жер учаскесінің ауданы ұзындығы 40,47 м екінші жер учаскесінің ауданымен бірдей. Екінші жер учаскесінің енін табыңдар.
  2. Есептеңдер:
  3. Мәдинаның 196 тг ақшасы болды. Ол ақшасының -іне 4 дәптер сатып алды. Бір дәптердің бағасы неше теңге?

 

В-деңгей

  1. Теңдеуді шешіңдер:
  2. Болат ойыншық қайығын ағып жатқан жылғаға жіберді. Ойыншық қайық ағыспен жүзіп, 4 минутта 73 м қашықтыққа барды. Болат меншікті жылдамдығы м/мин моторлы ойыншық қайығын ағыспен жіберсе, оның ағыспен жүзгендегі жылдамдығы қандай болады?
  3. Ара қашықтығы 28,9 км екі елді мекеннен екі велосипедші бір-біріне қарама-қарсы жүрді. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 13,6 км/сағ, екінші велосипедшінің жылдамдығы оның 70%-сіне тең. Бір сағат жүргеннен кейін екі велосипедшінің арасындағы қашықтығы неше километр болады?

 

С-деңгей

  1. AB және CD түзулері O нүктесінде қиылысады. <AOC=500 болса, AOD бұрышының және DOB бұрышының градустық өлшемдерін табыңдар.

 

ІІ нұсқа

А-деңгей

  1. Ұзындығы 7,5 м, ені 3,2 м бірінші бөлменің ауданы ұзындығы 6,4 м бөлменің ауданымен бірдей. Екінші бөлменің енін табыңдар.
  2. Есептеңдер:
  3. Автомобильдің бензин багына жол жүрерден бұрын 45 л бензин құйып алынды. Ол 250 км жүргенде бактағы бензиннің -і шығындалды. Автомобиль 1 км жол жүргенде қанша литр бензин шығындалады?

 

В-деңгей

  1. Теңдеуді шешіңдер:
  2. Сал өзенде ағыспен 2 сағатта 5,6 км қашықтыққа барды. Осы өзенде меншікті жылдамдығы 22,7 км/сағ катер ағысқа қарсы жүзсе, 3 сағатта неше километр қашықтыққа барады?
  3. Бір елді мекеннен бір-бірінен қарама-қарсы бағытта автомобиль және мотоцикл шықты. Автомобильдің жылдамдығы 75 км/сағ, мотоциклдің жылдамдығы оның 64%-іне тең. неше сағаттан соң олардың бір-бірінен ара қашықтығы 319,8 км болады?

 

С-деңгей

  1. EF және MN түзулері O нүктесінде қиылысады. <EON=1100 болса, EOM және MOF бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.