«Біздің өміріміздегі алгоритмдер»

ҚМЖ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Біздің өміріміздегі алгоритмдер»

Мектеп:

«Иқан» ЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Марипов Шодиёр Абдумухитович
Күні:  17.01.2019 ж        Сынып: 2 «Б», 2  «Е»
Күні:  21.01.2019 ж        Сынып: 2  «Д»
Күні:  23.01.2019 ж         Сынып: 2 «В», 2 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдер
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 2.4.1.1 нақты бір жағдаятқа арналған бірнеше сызықтық алгоритмдер құрастыру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Алгоритмге мысал келтіру
Оқушылардың басым бөлігі:
Сызықты алгоритмді басқа алгоритм түрлерінен ажырату
Кейбір оқушылар:
Сызықты алгоритмнің блок-сызбасын білу
Бағалау критерийі  Алгоритмге мысал келтіреді

Сызықты алгоритмді басқа алгоритм түрлерінен ажырата алады

Сызықты алгоритмнің блок-сызбасын біледі

Тілдік мақсат Пәндік лексика мен терминология:
эллипс-эллипс-ellipse параллелограмм-параллелограмм-parallelogram төртбұрыш-прямоугольник-rectangle
Құндылықтарға баулу Құндылыққа баулу арқылы оқушылардың қарым – қатынас сыни ойлау жүйесін қалыптастыру, оны өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс Ағылшын, орыс тілі
Алдыңғы білім Алгоритм не екенін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

8-9 минут

Үй тапсырмасын сұрау.

 Сәлемдесу

«Психологиялық дайындық» оқушылар көңілін көтеру.

 «Мозайка» әдісі арқылы жұптарға біріктіру.

«Қар кесегі» әдісі арқылы өткен сабақты сұрау.

 

 

Кеспелер

Қар кесегі

 

Сабақтың

ортасы

24 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Диалог»

Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі тізбектеле орнатылатын болса, онда ондай алгоритмдерді сызықтық алгоритм деп атаймыз.

Сызықтық алгоритмде барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалады. Осыған дейін қарастырылған барлық мысалдар: екі санды қосу, үй тапсырмасын орындау, жұмыртқа қуыру, т.б. сызықтық алгоритм болып табылды.

Сызықтық алгоритм – тармақталу мен қайталану әрекеттері жоқ бір сызық бойында орналасқан алгоритм түрі.

 

Кеспе арқылы сызықтық алгоритмнің блок сызбасын түсіндіру

 

Тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі.

 

1. Гүлге су құю      2. Жолдан өту      3. Алтын балық

 

    

Дескрипторлар

·             Суреттерге қарап алгоритм құрастыру;

·             Құрастырған алгоритмді баяндау.

 

Қалыптастырушы бағалау

 Дәптер.

Компьютер

Bilimland

 

.

 

 

 

 

 

 

 

Кеспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Басбармақ» әдісі

Сабақтың соңы

7-8 минут

 

Сабақты қорытындылау

«Сұрақ-жауап» әдісі

«БББ» әдісі

Үйге тапсырма:

Мәліметтерді оқып келу.

Ауызша ынталандыру
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

 

 

Мен сабақта қолданған осы әдістерім арқылы өз мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Оқушылардан алынған кері байланысына қарай түсінбей қалған сұрақтары бойынша келесі сабаққа, оқушы қабілетіне қарай тапсырмалар жоспарлаймын. Ал кейбір оқушыға қажеттілігіне қарай диалог арқылы қолдау көрсетемін 1.Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзін өзі бағалау бойынша жетістіктерін айқындау.

 

Кауіпсіздік  ережесін  еске түсіру

 

 

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары  тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

 

 

 

 

Қорытынды  бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды  да, оқуды  да ескеріңіз)?

1:

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды  да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

 

Сабақ барысында  мен сынып  немесе жекелеген  оқушылар туралы менің келесі  сабағымды  жетілдіруге  көмектесетін  не білдім?

1:

2: