Коуч  есеп

Нұрпеисова Ханназина

Коуч  есеп

Бүгінгі  таңдағы оқушылардың оқуы  мен оларды  оқытуда анағұрлым  өзекті модульдің  бірі сын тұрғысынан ойлану деп санаймын.Мен    мұғалімдерді сын  тұрғысынан ойлауға дағдыландыру  үшін олармен  коучинг жүргізуді жоспарладым. Жұмыс барысында коучинг сөзінің  аудармасы тәлім ету, дайындау, жатықтыру екенін түсіндім. Коучинг өтер  алдында мұғалімдермен сұхбаттасу арқылы өзекті мәселелерін  анықтап, проблеманың шешу жолын  қарастырамын . Мектептің білім деңгейін дамыту үшін оқытудың  белсенді әдістерін  пайдаланған  кезде  мұғалімдердің оқыту сапасы жақсаратыны анық.  Сабақ  беру үдерісінде оқытудың  тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану оқу белсенділігін арттырады, сұрақтарға сыни ойлана жауап  беруге  дағдыланады. Сыни ойлау барысында оқушылар ұтымды ой пікр айтуға ұмтылады.Оқушыларға  сұрақ қою  барысында олардың  тіл байлығы мен дүниетанымдары кеңейеді.Сонымен қатар өз ойларын ашық айтуға ұмтылады.Бұл жерде пайымдау қалыптасады.Оқушыларда өзіндік сана- сезім қалыптасады. Коучинг сабағымды жоспарлай отырып мен  өз бойымда  терең ойлану, зейін салып тыңдау,  мәселені анықтау, оны  шешуге апаратын сұрақтар дайындау  керектігін анықтадым. Мектептегі іс-тәжірибемде  өтілетін коучингімді «Оқу мен оқыту үдерісінде сын тұрғысынан  ойлаудың  тиімділігі» тақырыбында  өтуді  жоспарладым.  Сын  тұрғыдан ойлау –Қазақстандағы  білім беруді дамыту  үшін  маңызды  болып  табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль  оқушылардың да, мұғалімдердің де сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуды саналы  және  ойлана   қабылдауын  қамтамасыз етеді деп ойладым. Коучингімді өтер  алдында  мектеп әкімшілігімен және   өзге де мектеп көшбасшыларымен сұхбаттасып талдау  жасап пікірлестім.   Анықталған проблемаға  байланысты, осы тақырыпты  алу  себебін  түсіндіріп  оның  тиімді  тұстарына  мысал келтіремін. Бұл коучингті  өтудегі  мақсатым мұғалімдерге сын тұрғысынан ойланудың маңызын  түсіндіре  отырып, іс- тәжірибелерінде тиімді  қолдануға  бағыттау. Мақсатыма жету  үшін  коучингімде сын тұрғысынан ойландыратын бірнеше  әдістерді қолданбақшымын.   Ұйымдастыру  кезеңінде  мұғалімдердің  арасында  жағымды  ахуалды  қалыптастырып,  ынтымақтастық ортасын құрамын. Еліміздің  табиғат  көріністері бойынша «Мозайка» әдісін пайдаланып, топқа бөлемін.  Тапсырмаларды  топтық  жұмыс  арқылы  жасағанды  жөн  көрдім,себебі топтаса жұмыс жасағанда ЖАДА бойынша  «көпіршелер»  арқылы пікірлер толығады. Мұғалімдердің сыни ойлануын  дамыту  мақсатында «кинометаграфия» әдісіне салып  логикалық  суреттер  көрсетемін.  Сурет бойынша өз ойларын тыңдаймын және сурет желісін ұйымдастырып өздеріне кино шығаруға тапсырма беремін. Суреттерді талқылау  барысында  тақырыпты ашады, мақсатты айқындайды . «Миға шабуыл» әдісімен мұғалімдерге сыни  ойландыратын  сұрақтар  қоямын, сұрақтарға  талдау жасау арқылы кері байланыс беріп өтемін.  Топқа «Жалғасын сомдау» әдісі арқылы «Тағдыр»   атты бейнефильм көрсетіп, бейнефильмнің ортасынан  тоқтатып жалғасын жаздырып, оқытамын мұндағы мақсатым  мұғалімдерге пайым жасату.  Тақырып  ашылған соң  сын тұрғысынан  ойлаудың  оқушылар  үшін  маңызы  мен осы  модуль бойынша қолданылатын  әдіс  тәсілдерге тоқталып  өтемін, осылайша мен сын тұрғысынан ойлаудың өзектілігін көрсеткім келді.  Мұғалімдерге  келесі тапсырма «Тамшы» , «бала» бейнелеріне   қарап  ,сұраққа жауап беруді тапсырамын,себебі сұрақ қою арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау өрісі кеңейеді. Әріптестердің  түрлі  көзқарастарын отырып, оқушының  көзқарасының  әртүрлілігіне  тоқталып өтемін. Осы тапсырмаға қысқаша кері байланыс  беремін, FILA-кестесіне салып,мәтіннің мазмұнын ашады. Мұғалімдер оқушының сыни ойлауын жетілдірудегі  мұғалімнің  рөлі жайлы қорытынды  пікір айтып өтеді. Сонымен қатар әріптестеріме өздерінің  сабақ жоспарларына сыни тұрғыдан ойлануды талап ететін  тапсырмаларды кіріктіруді беремін. Орындаған тапсырмаларын оқып, талдау жасайды,пікірлеседі.  Әріптестерімнің  бір-бірімен пікір алмасуы  олардың сыни ойлау дағдылары   артады деп сенемін. Топта  бірлесе  отырып берілген мәтінің негізгі  идеясын  ашуға  ұмтылады. Нақты  айғақ, құнды ой іс-әрекет жоспарын анықтау арқылы зерттеушілік әңгімеге  түсіп,  бірлесе  жұмыс  істеу дағдылары  дамиды.  Келесі тапсырма «Үздіктер сайысы» әдісімен  тақырыпты түсінгендерін  білемін. Әріптестер топтық  жұмыс  жасау арқылы оқушы бойында  сын тұрғысынан ойлану  дағдыларына әсер ететін факторларды анықтайды.  Қорытынды ойларын А4 парағына  жазып «Сендвич» әдісі арқылы  коучинг тақырыбы сын  тұрғысынан ойлау  туралы  кері  байланыс  жасайды, мұндағы мақсатым мұғалімдерге өз қателігін түзетуге мүмкіндік беремін. Әр мұғалім бағдарламаның  жеті  модульдерін  сабақтастыра   білсе нұр үстіне  нұр болатыны айдан  анық,  деп  шештім.