Су – тіршілік көзі

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ:  №81 Мектеп: А.Пушкин атындағы №41 көпсалаллы гимназия
Күні: 5.04-6.04.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Еркінбай Г.М
Сынып: 3 Қатысқан оқушылар саны:

«А»__«Б»__«В»__«Г»__Д__ Е__

Қатыспағандар:

«А»__«Б»__«В»__«Г»__ Д__Е__

 

Бөлім тақырыбы Су – тіршілік көзі
Сабақтың тақырыбы Су айналымы
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 3.1.3.1 тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру, кесте толтыру;

3.2.5.1 тыңдалым материалындағы оқиғаларды өмірдегі жағдайлармен салыстыру;

3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
судың неге айналатынын айта алады, жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
су айналымын 4-5 сөйлеммен қысқаша айтып бере алады, жаңа сөздерді сөйлемде қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
берілген мәтіннің мазмұнын айта алады, судың күйлерін қосымша дерекпен толықтыра алады.
Бағалау критерийі ·         тақырыпқа қатысты нақты ақпаратты анықтайды,  сұрақтарға жауап береді.

  • тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, өз ойын айтады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну

Қолдану

Пәнаралық байланыс жаратылыстану
Құндылықтар Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың Су ресурсына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбек сүйгіштік оқушылардың жеке және жұптабелсенді жұмыс жасауында  көрініс табады.
  Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
буға айналады – превращается в пар       бастау алады – берет начало

су айналымы – круговорот воды              тамшы – капли

 

Алдыңғы оқу Оқулықтағы  Су туралы мәтінді оқу және сұрақтарға жауап беру
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер

 

3 минут

 

 

 

 

Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  ахуал туғызу

«Бұл кім?» ойыны.  Шеңберге тұрып оқушылар сағат тілімен бір –бірінің есімін және бір қасиетін айтады.(Тілдік бағдар – зат есім, сын есім, есімдік) Мысалы: Бұл —  Эдуард, ол – оқу озаты және т.б.

 

 

 

 
4минут

 

 

 

 

 «Текше» ойынын ойнату арқылы сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылар ортаға жиналады. Әр оқушы текшені лақтырады. Қандай сан түссе, сонша сөз айтуы шарт. Бұл оқушылардың өткен материалдарды еске түсіруіне көмектеседі. Мұғалім сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл аударады.

Жұптық жұмыс

(Әр оқушы өзінің жұбын тауып, орнына отырады.

 

Үй тапсырмасы: Өткен сабақтар бойынша сұрақтар қою және жауап беру

 

 
Сабақтың басы

3 минут

 

 

 

 

2 минут

 

 

Қызығушылықты ояту  Жаңа тақырыпты анықтау үшін «Дыбыссыз бейнематериал» әдісін қолданады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен ғаламтордан бейнематериалды дыбыссыз тамашалайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Ой шақыру сұрақтары:

— Суды неліктен маңызды деп санайсыздар?

-Су не үшін қажет?

-Су неге айналады?

-Яғни, сіздермен жаңа тарау бастаймыз.Бөлім атауы – «Су – тіршілік көзі» деп аталады.Ал, бүгінгі сабақ тақырыбы: «Су айналымы»

Сабақтың мақсаты мен критерийімен таныстыру, талқылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

8минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

                    Сөздік жұмыс:

буға айналады – превращается в пар       бастау алады – берет начало

су айналымы – круговорот воды              тамшы – капли

 

Жаңа сөздерді меңгерту үшін«Сымсыз телефон» ойынынойнайды. Оқушылар тізбектеліп тұрады. Мұғалім жаңа сөздердің бірін тізбек басында тұрған оқушының құлағына сыбырлайды. Ол екінші баланың құлағына сыбырлайды, солай тізбектің ең соңында тұрған оқушыға жетеді. Ол сөзді немесе сөз тіркесін дауыстап айтады. Мұғалім айтқан сөз немесе сөз тіркесін тақтаға жазады. Тізбектің соңына дұрыс жеткендігі тексеріледі.

Оқылым.Жазылым  1-тапсырма. Рөлге бөліп оқы.

 

 

Бір күні Алмабек атасынан:

—          Бұлақ қайдан бастау алады? – деп сұрады.

—          Бұлақ таудан бастау алады, — деді атасы.

—          Қайда барып құяды?

—          Өзенге, теңізге барып құяды.

—          Ал жаңбыр қайдан пайда болады?

—          Су буға айналады, ал бу аспанға көтеріледі. Тамшылар жиналыпжаңбыр, қар, бұршақ болып жауады, — деді атасы.

 

 

Жазылым.2-тапсырма Мәтінді меңгере түсу үшін «Бірігіп жазу» ойыны ойналады. Оқушылар  жұптаса отырып берілген тапсырманы орындайды. Әр жұпқа бір қағаз беріледі. Берілген мәтін(диалог) қағазды кезекпен ала отырып, оқыған мәтінді жазуға өз үлесін қосады. Әр бала қағазды өзінде 15 секундтан ұстауына болады. Жұптың  жұмысы оқылады. Мұғалім тыңдайды. Жұмыстарды бағалайды.

 

Жетістік критрийі:

мәтін бойынша тақырыпқа сай өз ойын жазу

қатесіз жазу,

-уақытты үнемдеу

 

Сабақ барысында игерілген білім дағдылары «Бес саусақ» әдісімен бағаланады.

Сергіту сәті   «Ақбұлақ» әні

-Ал, балалар тұрамыз.Бой сергітіп, ой сергітіп аламыз…

 

 

Қима қағаздағы  қағазындағы жаңа сөздер

 

 

 

 

Сөздер мен сөз тіркестері

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау: 

 

 

Рефлексия:

 

2 минут

 

 

 

 

 

3-тапсырма Тапсырманы орындау арқылы жаңа сабақта алған білімдерін саралап, қорытындылайды. Оқушылар берілген сөйлемдерді ретімен оқиды, бірін-бірі түзетеді, толықтырады.

 

Керекті әріптерді қой.

1. 2. 3. 4. 5.

1.      Алма…ек атасынан сұрады.

2.      Б…ршақ жауады.

3.      Будан пайда бо…ады.

4.      Таудан баст…у алады.

5.      Теңізге барып …ұяды

«Үш шапалақ» әдісімен  бірін – бірі бағалайды

Сабақты қорытындылап, оқушылар бүгінгі сабақтан алған ойларын рефлексия ретінде қағазға жазады.

«Шеңберлер» жаттығуын орындатады.Жаттығу арқылы сабаққа қатысу деңгейін оқушы өзі қалай бағалауын анықтайды. Оқушыларға шеңбер салынған қағаздар таратылады. Шеңберлерде орындаған тапсырмалар саны көрсетілген. Оқушылар тапсырмаларды қайта естеріне алады. Қай тапсырмаларды жақсы түсінсе және орындаса, сол шеңберлерді жасылмен бояйды. Тақтаға жапсырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма Су туралы үш қызықты ақпарат  
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?  Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 

Мен оқушыларға қолдау көрсету үшін, сабақ барысында оқушыларды мадақтап, дұрыс бағыт бере отырып, қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыра отырып, оқушыларға топпен, жұппен,жеке жұмыс жасаудақолдау көрсетемін

Берілген тапсырмалар бойынша әр тапсырмаға дескриптор берілен,оқушыла дескрипорды негізгеала отырып бір-бірін бағалайды.Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін әртүрлі әдіс-тәсілдермен бағалаймын.

Мысалы: «Сымсыз телефон», «Текше», «Бесқадам»,Бұл кім?, «Жетондар», «Сұрақ қою техникасы»

Сабақ жоспарын құру кезінде мен Интербелсенді тақта,activInprice программасы,сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер бойынша, жаңа сөздерді жаттау кезінде пәнаралық байланыс жүзеге асады
Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйрендіСыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 
Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Тыңдалым тапсырмасы бойынша  берілген тапсырмалар өте орынды орындалды.

2: Жұптаса отырып диалогты  құрып,  белсенді танытты