«Біз шыныққан баламыз»               

 

5          Спорттық сайысымыздың тақырыбы:  «Біз шыныққан баламыз»               

Мақсаты: заттармен  жалпы  дамыту  жаттығуында  үйлесетін  қабілетін    дамыту, дәлдеп  алысқа лақтыру,  төрт  тағандап  жүруді, секірт-  педен  секіруді   үйрету. Салауатты  өмір  салтын, дене  мәдение-  тін  қалыптастыру. Балаларды  шапшаңдыққа, жылдамдыққа, өз  отбасына, достарына  қайырымдылық, сүйіспеншілік сезіміне  тәрбиелеу.
Құралдар: доп, кедергілер, үлкен доп, әткеншек, ленталар,туннель.
Блингвистикалық   компоненттер: жұмбақ  жасыру.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, көркем  сөз,  ойын, мадақтау.

Педагог:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
«Біз баламыз шынықан» атты  спорттық сайысымызды бастаймыз.Біз бәріміз
деніміз сау, күшті,әдемі болып өскіміз келеді.Онда бәрін анықтайық.Біздің
бүгінгі сайысымызда 2 топ жарысқа түседі. «Мықтылар» тобы мен «Шымырлар» тобы қарсы алыңыздар!

Шаттық  шеңбері
Денсаулық  — ол шыныққан,
барлық  денең  мүшесі.
Денсаулық  -ол  тыныққан,
жүйке  тамыр  жүйесі.
Денсаулық  -ол  күлуің,
көңіл-күйің  жадырай.
Денсаулық — ол жүруің,
ешқай  жерің   ауырмай.
Кіріспе   бөлім:
Бір  қатармен  бірінің  артынан бірі жүру,  аяқтың  ұшымен, қол  белде,
өкшемен  жүру,  қол желкеде. Қаздар  секілді  отырып  жүру. «Маймылдар», «Құмырсқа  жүрісі», ирелеңдеп  жүгіру, жай  жүріс, 4 қатарға  тұру,  доптарды  алу.

Негізгі бөлім:
Ізденіс  ұйымдастырушы
1. Б.қ. «Кім  биік?»
1Аяқтың  ұшымен  тұрып, қолды жоғары  көтеріп  жүру.
2. Допты  алдымызға  қойып  отыру,қолды артқа тіреп, аяқты  сәл жинап тізені оңға, түзу,солға бұру.
3. Екі аяқ бірге қол кеудеде бір орында тұрып секіру.
Жәй жүру, дем алу жаттығу.2қат.бөлінді.
Педагог: Біз бәріміз деніміз сау, күшті,әдемі болып өскіміз келеді.Онда бәрін анықтайық.Біздің
бүгінгі сайысымызда 2 топ жарысқа түседі. «Мықтылар» тобы мен «Шымырлар» тобы қарсы алыңыздар!
1 – сайыс.
«Эмблемалар сайысы» эмблемаларды тапсыру.
2 «Үй тапсырмасы»
«Тазалық – денсаулық кепілі»
екенін бәріміз білеміз. Микробтардан күресу үшін бізге көмекшілер керек.Бүгіні екі топ бір- бірлеріне жұмбақ қою арқылы, дұрыс жауабын
айта алу керек.
3.Сайыс. Капитандар сайысы.
«Кім көп шар жарады?»
4.Эстафеталық жарыс.
1. «Кенгуру»- үлкен допты астыларына койып кедергілер арасынан межеге
жетіп, кері қайту.
2.Төрт тағандап түнелдің ішінен өтіп, әткеншектен сырғанап межеден ай- налып өту.
3.Межеге дейін секіртпемен секіріп, қайта оралу.
Дем алу жаттығулары, нүктелі массаж.
Барлығы бірге :
Сәби шақтан бастап біз,
шынығуды  сүйеміз.
Ашық күнмен достасып,
жалаңаяқ жүреміз.
Қыста, жазда әр дайым,
айрылмаймыз бәріміз.
Шынықтыру  жасап біз,
мықты болып  өсеміз.

  1. Ата- асқар тау

Ана- _____________________________________________

Бала -________________________________________

 

  1. Ұлың өссе,

Ұлы________________________________

_______________

 

 

 

 

  1. Бала жас шыбық сияқты ,_____________________.

 

 

 

 

  1. Бала жақсы болса -___________________________.

 

 

 

 

  1. Ерлі -зайыптылар тату болса –__________________.

 

 

 

  1. Анасы қандай болса –_______________________________.

 

 

 

  1. Әкеге қарап ұл -_________________________________________.

 

Аяқталмаған мақал-мәтелдердің дұрыс жалғасы келесідегідей :

1.Ата- асқар тау

Ана- ( бауырындағы бұлақ)

Бала — ( жағасындағы құрақ)

2.Ұлың өссе,

Ұлы(үлгілімен ауылдас бол

Қызың өссе,

Қызы үлгілімен ауылдас бол).

3.Бала жас шыбық сияқты ,( қалай исең солай иіледі ).

4.Бала жақсы болса -қуаныш, (жаман болса-қиналыс).

5.Ерлі -зайыптылар тату болса –үйге береке,( араз болса-елге келеке).

6.Анасы қандай болса –( баласы сондай).

 

 

4- сынақ: «Отбасы» тақырыбындағы қанатты сөздерді талдау.

  1. Дәулетіннің қадірін ұлың өскенде білерсің, абырайынның қадірін қызың өскенде білерсің.
  2. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.
  3. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың».
  4. Баланы бұзуға, түзеуге  себеп  болатын бір  шарт  —  жас  күнде  көрген  өнеге.
  5. «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»
  6. Әке жолы – ұлына мақтаныш, Ананың аялы алақаны — қызына сағыныш.

Қорытынды

Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана сүтімен, ана тілімен, бесік жырының әлдиімен беріледі. Тәлімгерліктің бұлақ көзі де, тәрбиенің барып кұяр арнасы да мектепке дейінгі мекеме — отбасында екені белгілі. Еліміздін ертеңгі болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер жауапты міндет болмақ.

Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы — балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, руxани жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, педагогтар бір сәт те естен шығармағандары абзал.