«Ұлы  жеңіс – ұрпаққа аманат!»

Тақырыбы:  «Ұлы  жеңіс – ұрпаққа аманат!»

Тәрбиеші: -Құрметті қонақтар!

-Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің ерен рухын паш еткен Жеңістің 68 жылдығына  арналған «Бәрі де жеңіс үшін!» атты әдеби –музыкалық ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер.

Жеңіс күні желекті Ту қанаты

Жаңа ұрпақтың самсап өскен санаты

Жеңіс күні болдырмауға соғысты

Адамзаттың ант ететін сағаты.

Жүргізуші: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниеден бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін елеміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.Ал елде,қалған ата-әжелеріміз.Бәрі де майдан үшін!Бәрі де Отан үшін!Бәрі де Жеңіс үшін!деген ұранмен тылда да еңбек етті.

 

Би: «Сарбаздар»

 

Жүргізуші:Сүйінші,халқым,сүйінші

Сүйінші сүйінші.

Шаттан ата-анамыз,

Шаттан ата- бабамыз.

Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті Жеңіспен

Жеңдік жауды күресте

Жасалсын той мереке, — дей келе біздің бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап өлен жырлдарын оқып бермек.

Айсұлтан:

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға

Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай

 

Жамиль:

Қан майданда от кешкен

О, ардагер аталар!

Ажал мен сан беттескен

Аман жүр ер, аталар

Жүргізуші:Қыр қызы орындады берген антты,

Халқыма адал болу-елдің салты.

Елі үшін қасық қанын аямаған

Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

Мәншүк апамыздың  рухына арнап бүлдіршіндердің орындауында

Ән: «Ел қорғауға әзірміз!»

Жүргізуші:

                  Аталар саптан шықпасын

Аналар қабақ шытпасын

Бақытқа жетіп бар адам

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Ару:

Болдырмауға соғысты,

Тойлаймыз біз жеңісті

Қалалар келіп қалпына

Құлпыры түсті жер үсті

Ерасыл:

Бұл соғысты қазақтар

Ерекше ер боп қайтқан күн

Тарихқа талай ғажаптар

Аңыз болып енген күн

Жүргізуші:

Арылтып жаудан жерімді

Табанға жаншып өзімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы май күні

Би: «Катюша»

Азиза:

Мәлік, Қасым, Бауыржан,

Жеңіспен елге қайтқан күн.                                                                                   Айрылған әке бауырдан,

Туысқа көңіл айтқан күн.

Жүргізуші:

-Елге қауіп төнбесін

Аман –есен болайық

Ардагер асыл ағалар

Аман болсын әрқашан!

Ән:  «Жас дәуірдің түлегіміз»

Би: «Теңізшілер»

 

Жүргізуші:                                                                                                                                     Еліміз аман,

Жеріміз сау болсын.

Ұрпақтар аман болсын,

Іргелі ел,Қазақстан көркейе берсін,- дей отырып , Жеңістің 72 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат!» атты әдеби-музыкалық ертеңгілігімізді аяқтаймыз.